4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
■ Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде
пайдаланылған газдар шығарылады.
Пайдаланылған газдарды жұту адамдарды
уландыруы мүмкін.
► Пайдаланылған газдарды жұтуға
болмайды.
► Көгалшапқышпен жақсы желдетілетін
жерде жұмыс істеңіз.
► Жүрек айну, бас аурулары пайда
болғанда, көз көруі, есту нашарлағанда
немесе бас айналғанда: жұмысты
тоқтатып, дәрігерге қаралыңыз.
■ Егер пайдаланушы қозғалтқыш жұмыс істеп
тұрған кезінде есту мүшелерін қорғайтын
құралды пайдаланған болса, ол
дыбыстарды шектеулі деңгейде қабылдап
бағалай алады.
► Сабырлы қалыппен, ойыңызды жинақтап
жұмыс істеңіз.
■ Көгал шапқыш қозғалтқышты тоқтату
құрылғысымен жабдықталған.
► Егер шабу жетегіне арналған қосқыш
қамытша 3 секунд ішінде босатылса,
қозғалтқыш пен пышақтар тоқтап қалады.
■ Айналмалы пышақ пайдаланушыны кесіп
кетуі мүмкін. Пайдаланушы ауыр жарақат
алуы мүмкін.
► От алдыру білтесінің жалғағышын
ажыратыңыз.
► Айналып тұрған пышаққа дене
мүшелеріңізді тигізбеңіз.
► Егер пышақ қандай да бір затпен
бұғатталған болса: қозғалтқышты
тоқтатыңыз. Осыдан кейін ғана затты
алып тастаңыз.
■ Егер жұмыс кезінде қозғалғыш механизм
жетегінсіз жұмыс істелсе, қозғалғыш
механизм жетегі байқаусызда қосылып
кетіп, көгалшапқыш қозғала бастауы мүмкін.
Адамдар ауыр жарақат алуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Қозғалғыш механизм жетегін қосу керек
болса ғана, қозғалғыш механизм
жетегінің ауыстыру тұтқасын
қолданыңыз.
■ Егер жұмыс кезінде көгал шапқыштың
сипаты өзгерсе немесе жұмысы әдеттегіден
өзгеше болса, көгал шапқыш қауіп төндіруі
мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы және
оларға материалдық нұқсан келтірілуі
мүмкін.
► Жұмысты аяқтап, STIHL
мамандандырылған дилеріне жүгініңіз.
0478-111-9962-A
■ Жұмыс барысында көгалшапқыштан діріл
туындауы мүмкін.
► Қорғаныш қолғап киіңіз.
► Жұмыс арасында үзіліс жасап отырыңыз.
► Егер қан айналымының бұзылуының
белгілері білінсе: дәрігерге қаралыңыз.
■ Шабыс ауданын қадағалаңыз және
бөгеттерге назар аударыңыз. Егер жұмыс
барысында пышақ бөгде затқа тисе, пышақ
немесе оның бөліктері жоғары
жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және материалдық
нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Тастар, таяқтар, сымдар,
ойыншықтар немесе басқа заттар
сияқты бөгде заттарды жұмыс
аймағынан шығарыңыз. Шығару
мүмкін болмайтын жасырын
заттарды белгілеп қойыңыз.
■ Шабуға арналған қосқыш тұтқа босатылған
кезде де, пышақ біраз уақыт айналып
тұрады. Адамдар ауыр жарақат алуы
мүмкін.
► Пышақтың айналуы тоқтағанша күтіңіз.
► Шөп жинағышты пышақ айналмағанда
ғана ажыратыңыз.
■ Егер айналып тұрған пышақ қатты затқа
соғылса, ұшқын пайда болуы мүмкін.
Ұшқыннан жеңіл тұтанатын ортада өрт
туындауы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат
алуы немесе қайтыс болуы мүмкін,
сонымен қатар мүліктік зиян келуі мүмкін.
► Жеңіл тұтанатын ортада жұмыс
істемеңіз.
■ Айналмалы пышаққа тиген қатты заттар
көгалшапқышқа зақымдауы мүмкін.
► Айналмалы пышақты қатты зат соғып
кетсе, көгал шапқышты өшіріп,
аккумуляторды шығарып, көгал
шапқышта зақымдардың бар-жоғын
тексеріңіз.
► Көгал шапқыш зақымдалған жағдайда:
STIHL мамандандырылған дилеріне
жүгініңіз.
■ Егер көгалшапқыш көлбеу жерге қойылса,
абайсызда орнынан жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және материалдық
нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Көгалшапқыштың тұтқасын тегіс және
өздігінен жылжып кетпейтін жерде ғана
босатыңыз.
■ Егер бас тұтқаға қандай да бір заттар
бекітілетін болса, көгалшапқыш қосымша
салмақтың әсерінен аударылуы мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және материалдық
нұқсан келтірілуі мүмкін.
қазақ
357