Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch GTH 18V-38 M Professional Originalbetriebsanleitung Seite 202

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
202 | Қазақ
баяу қағылады. Электр құралы жұмыс істеу арқылы
жылығаннан кейін, қалыпты жұмыс жылдамдығында
қайтадан жұмыс істеу мүмкін болады.
Соққыштың тозуын азайту үшін бос қағу әрекеттерін
болдырмаңыз.
Ұзақ жұмыс үзілістерінде немесе жұмысты аяқтағаннан
кейін электр құралын өшіріңіз, аккумуляторды
шығарыңыз және қорапты мүмкіндігінше босатыңыз.
Қорапты босату (C1−C3 суреттерін қараңыз)
– Қорапты ашуға арналған ажыратқышты (12) басыңыз.
Қорап қалқаны шығып кетеді.
– Электр құралын, қораптағы қапсырма жолағы сыртқа
сырғып шығатындай айналдырыңыз.
– Содан кейін қорап қалқанын қорап (13) басына дейін
абайлап алға апарыңыз.
Тереңдік шектегішін реттеу (D суретін қараңыз)
Қапсырмалардың қағылу тереңдігін реттегіш дөңгелекпен
(4) реттеуге болады.
– Қорапты (13) босатыңыз.
– Қапсырмалар тым терең қағылады:
қағылу тереңдігін азайту үшін реттегіш
дөңгелекті (4) "–" бағытымен бұраңыз.
– Қапсырмалар жеткілікті емес
тереңдікте қағылады: қағылу
тереңдігін арттыру үшін реттегіш
дөңгелекті (4) "+" бағытымен бұраңыз.
(3) индикаторы тереңдік шектегішінің реттелуін
бақылауға мүмкіндік береді.
– Қорапты қайта жабдықтаңыз.
– Жаңа қағылу тереңдігін сынақ дайындамада тексеріңіз.
Қажет болса, жұмыс қадамдарын қайталаңыз.
Қысылуларды босату
Қапсырмалар итергіш каналда қысылуы мүмкін. Бұл
мәселе жиі орын алса, өкілетті Bosch қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Нұсқау: егер қысылған жерді босатқаннан кейін, таңба
бұдан былай кері жылжымаса, өкілетті Bosch қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
– Іске қосу құрылғысын (5) жіберіңіз.
– Электр құралын өшіріп, аккумуляторды (10)
шығарыңыз.
– Қорапты ашуға арналған ажыратқышты (12) басыңыз.
Қорап қалқаны шығып кетеді.
– Электр құралын, қораптағы қапсырма жолағы сыртқа
сырғып шығатындай айналдырыңыз.Қысылған
қапсырмаларды алып тастаңыз. Ол үшін қажетінше
қысқашты пайдаланыңыз.
– Қорапты қайта жабдықтаңыз.
– Қорап қалқанын қораптың басына қарай тірелгенше
тартыңыз.
1 609 92A 8UG | (22.11.2023)
Дайындама қорғағышын алмастыру (E суретін
қараңыз)
Іске қосу сақтандырғышының (2) ұшындағы дайындама
қорғағышы (1), электр құралы қағу әрекеті үшін тиісінше
орналастырылған жағдайда, дайындаманы қорғайды.
Дайындама қорғағышын алып тастауға және алмастыруға
болады
– Іске қосу құрылғысын (5) жіберіңіз.
– Электр құралын өшіріп, аккумуляторды (10)
шығарыңыз.
– Қорапты (13) босатыңыз.
– Дайындама қорғағышын іске қосу сақтандырғышынан
тартып алыңыз.
– Жаңа дайындама қорғағышын ашық ұшымен іске қосу
сақтандырғышына салыңыз.
Нұсқау: қосалқы дайындама қорғағышын қораптың (13)
төменгі жағында сақтауға болады. Ол үшін дайындама
қорғағышын сақтау орнына (19) кіргізіңіз.
Тасымалдау және сақтау
Электр құралын тасымалдау үшін, әсіресе сатыны
қолданған немесе әдеттегіден тыс дене қалпында
жылжытқан кезде өшіріңіз.
Электр құралын жұмыс орнына тек тұтқасынан (16) ұстап
және іске қосу құрылғысын (5) іске қоспай
тасымалдаңыз.
Электр құралын әрдайым аккумулятордан ажыратылған
күйде және құрғақ, жылы жерде сақтаңыз.
Егер электр құралы ұзақ уақыт пайдаланылмайтын
болмаса, құралдың болат бөлшектерін аздап майлаңыз.
Бұл тот басудың алдын алады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Bosch Power Tools

Werbung

loading