Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch GTH 18V-38 M Professional Originalbetriebsanleitung Seite 197

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Егер қапсырма аспап ішінде қысылса, аспапты тоқ
u
көзінен ажыратыңыз. Қысылған қапсырманы алып
тастауда қапсырма соққыш тоққа қосылғанда істеп
кетуі мүмкін.
Қысылған қапсырманы алып тастауда абайлаңыз.
u
Механизмі қысым астында тұрып қапсырмалар
қысылған күйден шығатын кезде күшпен босап кетуі
мүмкін.
Бұл қапсырма соққышты электр кабельдерді қысу
u
үшін пайдаланбаңыз. Ол электр кабельдерді
орнатуға арналмаған болып электр кабельдердің
оқшаулауын зақымдауы мүмкін, бұл арқылы ол элеткр
тоқ соғу немесе өрт пайда болуына алып келуі мүмкін.
Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып
u
жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты
жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр
сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға
алып келуі мүмкін.
Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс
u
пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы
мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып
қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және
шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу
тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
u
бар.
Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
u
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші
u
өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ,
мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан,
кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі
туындайды.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Мақсаты бойынша қолдану
Электр құралы ағашқа қапсырманы қағып кіргізуге
арналған.
Тек "Техникалық деректер" кестесінде белгіленген
Bosch Power Tools
қағылатын заттарды (шеге, қапсырма және т.б.)
пайдалануға болады.
Нұсқау: электр құралы металл не бетонға қапсырманы
қағуға арналмаған.
Тұғырда, сатыда немесе бақа платформада жұмыс істеген
және жұмыс күйін ауыстыру қажет болған кезде, электр
құралын автоматты кері қозғалыспен түйіспелі іске қосу
режимінде пайдаланбаңыз. Бұл жағдайда тек резервтік
реттілікпен бірмәртелі іске қосу режимін пайдаланыңыз.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамды бөлшектердің нөмірлері
графикалық беттегі электр құралының көрсетіліміне
қатысты болып келеді.
(1) Дайындама қорғағышы
(2) Іске қосу сақтандырғышы
(3) Тереңдік шектегішін реттеу индикаторы
(4) Тереңдік шектегішінің реттегіш дөңгелегі
(5) Іске қосу құрылғысы
(6) Ажыратқыш
(7) Аккумуляторды босату түймесі
(8) Жұмыс шамы
(9) Пайдаланушы интерфейсі
(10) Аккумулятор
(11) Таспа ілмегі
(12) Қорапты ашуға арналған ажыратқыш
(13) Қорап
(14) Толтыру индикаторының көру терезесі
(15) Ауыз
(16) Тұтқа (беті оқшауланған)
(17) Қорап қалқаны
a)
(18) Қапсырма жолағы
(19) Дайындама қорғағышын сақтау орны
Пайдаланушы интерфейсі
(20) Электр құралының күй индикаторы
(21) Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
(22) Төмен техникалық қызмет көрсету деңгейі
(23) Жоғары техникалық қызмет көрсету деңгейі
(24) Бастапқы күйге қайтару түймесі
(25) Режим түймесі
(26) Бірмәртелі іске қосу индикаторы
(27) Түйіспелі іске қосу индикаторы
a) Бейнеленген немесе сипатталған керек-жарақтар
стандартты жеткізілім жиынтығымен қамтылмайды.
Толық керек-жарақтарды біздің керек-жарақтар
бағдарламасынан табасыз.
Қазақ | 197
1 609 92A 8UG | (22.11.2023)

Werbung

loading