Herunterladen Diese Seite drucken

Stihl RM 443.3 T Gebrauchsanleitung Seite 307

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
12 Жұмыс аяқталғаннан кейін
► Құлыпты (1) басып тұрыңыз.
► Иінтіректі (2) I позициясына орнатыңыз.
Жапқыш жабылады.
► Құлыпты (1) босатыңыз.
11.6
Шөп жинағышты босату
Пышақтың айналуынан пайда болған ауа
ағыны шөп жинағышты толтыру
индикаторын (1) көтереді. Шөп жинағыш
толған кезде, ауа ағыны тоқтайды. Ауа ағыны
тым аз болса, шөпжинағышты толтыру
индикаторы (2) қозғалыссыз күйге қайтып
оралады. Бұл шөп жинағышты босатуға
нұсқау болып табылады.
Шөп жинағышты толтыру индикаторының
ақаусыз жұмысы тек оңтайлы ауа ағынында
қамтамасыз етіледі. Ылғалды, тығыз немесе
биік шөп, төмен кесік деңгейлері, ластану
немесе т.с.с. әсерлер ауа ағынына және шөп
жинағышты толтыру индикаторының
жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
► Шөп жинағышты толтыру индикаторы
қозғалыссыз күйге қайтып оралса: Шөп
жинағышты босатыңыз.
► Көгалшапқышты өшіріңіз.
► Шөп жинағышты ажыратыңыз.
0478-131-9873-B
► Құлыптау ысырмасын (1) ашыңыз.
► Шөп жинағыштың жоғарғы жағын (2)
тұтқасынан (3) ашып, ұстап тұрыңыз.
► Екінші қолмен астыңғы тұтқаны (4) ұстап
алыңыз.
► Шөп жинағышты босатыңыз.
► Шөп жинағышты жинаңыз.
► Шөп жинағышты іліңіз.
12 Жұмыс аяқталғаннан
кейін
12.1
Жұмыс істегеннен кейін
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Көгалшапқыш сулы болса: көгалшапқышты
кептіріңіз.
► Көгалшапқышты тазалаңыз.
13 Тасымалдау
13.1
Көгалшапқышты тасымалдау
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
Пышақ айналмауы тиіс.
► От алдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
Көгалшапқышты жылжыту
► Көгалшапқышты баяу және бақылай
отырып алға қарай жылжытыңыз.
Көгалшапқышты көтеріп жүру
► Қорғаныш қолғап киіңіз.
► Шөп жинағышты ажыратыңыз.
► Ұзартқышты ажыратыңыз.
► Көгалшапқышты қайырып ашылған бас
тұтқасымен көтерген жағдайда:
► Көгалшапқышты бір адам екі қолымен
тасымалдауға арналған тұтқасынан (1)
ұстауы, ал екінші адам екі қолымен бас
тұтқасынан (2) ұстауы қажет.
► Көгалшапқышты көтеруге және алып
жүруге екі адам қажет.
қазақ
307

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Rm 448.3 tRm 453.3 t