Herunterladen Diese Seite drucken

Hilti DCG 180-P Bedienungsanleitung Seite 182

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für DCG 180-P:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 5
Бұл үшін күшейтілген полимерден жасалған, рұқсат етілген дөңгелек бойынша жылдамдығы 80 м/с-тан аз емес
кесу дөңгелектерін ғана қолданыңыз.
Қызметкерлердің жарақат алуын және аспаптың зақымдалуын болдырмау үшін тек түпнұсқа Hilti компаниясы
шығарған саймандарды және құралдарды қолданыңыз.
Денсаулыққа қауіпті материалдарды (мысалы, асбестті) қолдануға тыйым салынады.
Аспаптың конструкциясына өзгертулер енгізуге және оны модификациялауға тыйым салынады.
Аспапты пайдалану тек зауыттық кестеде көрсетілгенге сәйкес электр желісінің кернеуі болғанда мүмкін.
Ықтимал аспапты қолдану салалары және түрлері: құрылыс алаңы, шеберхана, әр түрлі жөндеу жұмыстарын
орындау.
Аспап кәсіби қолдануға арналған, сондықтан оған тек уәкілетті қызметкерлер қызмет көрсете және жөндей
алады. Қызметкерлер қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Аспапты басқа мақсатта
қолдану және оны оқытылмаған қызметкерлердің пайдалануы қауіп тудырады.
Қоршаған орта жағдайларын ескеріңіз. Аспапты өрт немесе жарылыс қаупі бар жерде қолданбаңыз.
2.2 Тұтқыштар
Вибрацияны оқшаулағыш тұтқа
2.3 Айырып-қосқыш
Негізгі сөндіргіш (белсендіру үшін ұстап тұрыңыз) (DCG 180 D)
Бекітілетін негізгі сөндіргіш (DCG 180 P)
2.4 Стандартты жеткізу жинағына мыналар кіреді:
1
Аспап
1
Қорғауыш қаптама
1
Жиналған бүйірлік тұтқыш
kk
1
Қыспа фланец
1
Қыспа гайка
1
«Kwik-Lock» тез қыспа гайкасы (опция)
1
Кілт
1
Пайдалану бойынша нұсқаулық
1
Картон қорап
1
Қорғауыш көзілдірік (опция)
2.5 Іске қосу тогының шектегіші
Іске қосу тогының электрондық шектегіші желілік сақтандырғыштың іске қосылуын болдырмау үшін іске қосу
тогының қуатын азайтады. Осының есебінен аспап біркелкі қосылады.
2.6 Айналу моментін белсенді басқару (АТС)
Жүйе дөңгелектің ықтимал сыналануын таниды және аспапты өшіріп, шпиндельдің айналып кетуін болдырмайды
(қайтарымға кедергі жасамайды). Бұғаттаудан шығару үшін сөндіргішті айналдырып, аспапты сөндіріп қайтадан
қосу керек.
НҰСҚАУ
АТС қызмет етпей қалғанда аспап төмендеу айналу жиілігімен және айналу моментімен ары қарай жұмыс істей
береді. Аспапты техниқалық қызмет көрсететін сервистік қызмет көрсету орталығына жіберу керек.
2.7 Қайта қосылу блокираторы
Сөндіргіш басылған немесе бұғатталған болса, электр желісінің мүмкін өшірілуінен кейін электр қамтуы қайта
қосылғанда аспаптың өздігінен қосылуы болдырылмайды. Бұғаттаудан шығару үшін, аспаптың сөндіргішін
айналдырып сөндіріп қайта қосу керек.
178
All manuals and user guides at all-guides.com

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Dcg 180-d