Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Техникалық Қызмет Көрсету - Makita AC001G Betriebsanleitung

Akku kompressor
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für AC001G:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 90
Жұмыс аяғында
Шлангілерді ажырату
ЕСКЕРТУ:
Қауіпті жұмысқа байланысты қатер
Ажыратқан кезде, шланг сабалап,
жан-жаққа соғылмауы үшін, шлангіні
қолыңызбен мықтап ұстаңыз. Шлангіге ие
бола алмай қалсаңыз, адам жарақат алуы
және мүлік зақымдалуы мүмкін.
Ауа баллондарында қысымы жоғары ауа
бар. Жүзіңіз бен басқа дене мүшелерін ағызу
тесіктеріне жақындатпаңыз. Ағызған кезде,
міндетті түрде бүйірі жабық, мақұлданған
қорғайтын көзілдірік тағыңыз, себебі ұсақ
бөлшектер жүзіңізге ұшуы мүмкін.
1.
Қосу/автоматты - өшіру ауыстырғышын
"Өшірулі" күйіне қойып, аккумулятор картриджін
шығарып алыңыз.
2.
Шығыс қысымды нөлге орнату үшін, реттеуішті
сағат тілі жүрісіне қарсы бұраңыз.
3.
Пневматикалық құралды немесе керек-жарақты
шешіп алыңыз.
4.
Ауа баллонының төменгі бөлігіндегі ағызу клапанын
ашыңыз. Ауа баллонын ағызған кезде, баллондағы қысым
0,14 МПа (1,4 бар) шамасынан кем болуы керек.
5.
Баллонды ағызу клапаны төменде болатындай
етіп еңкейтіп, босатыңыз.
ЕСКЕРТУ:
күйіп қалу қаупі
Ішіндегісін ағызу үшін баллонды еңкейтіңіз.
ЕСКЕРТУ:
Баллонды ағызу үшін, ағызу
клапанын баяу ашып, компрессорды еңкейтіп
жиналған суды ағызыңыз. Жүзіңіз бен көзіңізді
ағызу клапанына жақындатпаңыз.
ЕСКЕРТУ:
АУА БАЛЛОНЫНА КОНДЕНСАТ
ЖИНАЛАДЫ. ОНЫ АҒЫЗБАСАҢЫЗ, ТОТ
БАСАДЫ ЖӘНЕ АУА БАЛЛОНЫ НАШАРЛАП,
ЖАРЫЛУЫ МҮМКІН.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
Ауа баллонындағы суды міндетті түрде ағызу
керек. Судың құрамында май мен тот болуы
мүмкін. Олардан дақтар пайда болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Ағызу клапаны бітеліп қалса, бүкіл
ауа қысымын шығарыңыз. Осыдан кейін клапанды
шығарып, тазалауға және қайта орнатуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Сығылған ауадан баллонда,
фильтрде немесе басқа бөлшектерде жиналатын
конденсат пайда болады. Конденсат құрамында
май және/немесе қолданысы нормалармен
реттелуі мүмкін заттар бар. Конденсатты еліңіздегі
қоқысқа тастау ережелеріне сай тастаңыз.
6.
Суды ағызып болған соң, ағызу клапанын
жабыңыз. Ауа компрессорын енді сақтап қоюға болады.
ЕСКЕРТУ:
ауа баллонын дұрыс ағызу
керек. Ауа баллонын дұрыстап ағызбасаңыз,
коррозия пайда болуы және баллон жарылуы
мүмкін. Баллон жарылса, адам жарақаттануы
және мүлік зақымдалуы мүмкін.
Мүліктің зақым алу қаупі
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
ЕСКЕРТУ:
компрессорын пайдалануға болмайды.
Ауа компрессоры әдеттегідей істемей,
оғаш дыбыстар немесе діріл шығаратын
болса, оны пайдалануды дереу тоқтатып,
Makita компаниясының уәкілетті сервистік
орталығына апарып жөндетіңіз.
ЕСКЕРТУ:
тұпнұсқасын ғана пайдаланыңыз.
Makita компаниясы шығармаған бөлшектерді
пайдалансаңыз, кепілдігіңіздің күші жойылып,
құрал істен шығуы және адамдар жарақат алуы
мүмкін. Makita бөлшектерінің түпнұсқасын
уәкілетті дилерден алуға болады.
ЕСКЕРТУ:
ҚҰРЫЛҒЫ ЦИКЛДІ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ
ҚОСАДЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ КҮТІМ ЖАСАҒАН
КЕЗДЕ, СІЗДІ ТОК СОҒУЫ, СЫҒЫЛҒАН АУА
СІЗГЕ ҮРЛЕНУІ НЕМЕСЕ ҚОЗҒАЛАТЫН
БӨЛІКТЕРГЕ ТИІП КЕТУІҢІЗ МҮМКІН. АДАМ
ЖАРАҚАТ АЛУЫ МҮМКІН. КЕЗ КЕЛГЕН
ТЕХНИКАЛЫҚ КҮТІМ НЕМЕСЕ ЖӨНДЕУ
ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУ АЛДЫНДА, ҚҰРАЛДЫ
ӨШІРУ, АККУМУЛЯТОР КАРТРИДЖІ ШЫҒАРЫП,
АУА ҚЫСЫМЫН ШЫҒАРУ КЕРЕК.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
жүргізуге әрекеттенбес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екендігіне және аккумулятор
картриджінің алынғанына көз жеткізіңіз.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
сұйылтқышты, спиртті немесе соған ұқсас
заттарды мүлде пайдалануға болмайды.
Нәтижесінде құрал түссізденуі, деформацияға
ұшырауы немесе жарылуы мүмкін.
Өнімнің ҚАУІПСІЗДІГІ мен СЕНІМДІЛІГІН
қамтамасыз ету үшін, жөндеу жұмыстары, кез келген
басқа техникалық қызмет көрсету немесе реттеу
әрдайым Makita қосалқы бөлшектерін пайдалану
арқылы Makita компаниясының өкілетті немесе
зауыттық қызмет көрсету орталықтары тарапынан
орындалуы керек.
Ауа компрессоры тиімді жұмыс істеуі және оның
қызмет ету мерзімін ұзарту үшін, жүйелі жөндеу
жоспарын әзірлеу және сақтау қажет. Келесі
процедура қалыпты жұмыс ортасында күнде істейтін
құрылғыға арналған. Қажет болса, жоспарды
компрессордың пайдаланылу жағдайларына сәйкес
өзгерту керек. Өзгерістер жұмыс уақытына және
жұмыс ортасына байланысты болады. Өте кір
және/немесе агрессивті ортада пайдаланылатын
компрессорлардың барлық техникалық тексерістерін
жиірек орындау керек болады.
289 ҚАЗАҚША
Әдеттегідей істеп тұрмаған ауа
Makita бөлшектерінің
ҚУАТ ҚОСЫЛЫП ТҰРҒАНДА,
Тексеру немесе
Бензинді, бензолды,

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis