Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Makita AC001G Betriebsanleitung Seite 282

Akku kompressor
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für AC001G:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 90
Компрессордың қалқандары немесе қақпақтары
зақымдалған немесе шешілген болса,
компрессорды мүлде пайдалануға болмайды.
Электр тогының соғу қаупін азайту үшін құралды
жаңбыр астында қалдырмаңыз. Іште сақтаңыз.
Компрессорды жаңбырда немесе ылғалды
жерлерде қалдыруға болмайды. Компрессорға
су кірсе, ток соғу қаупі артады.
Құбырлар, радиаторлар, пештер және
тоңазытқыштар сияқты жерге қосылған
беттерді ұстауға болмайды. Денеңіз жерге
қосылған болса, электр тогының соғу қаупі
жоғары болады.
ЕСКЕРТУ:
Жарылу немесе өрт шығу қаупі
ОРЫН АЛУЫ МҮМКІН ЖАҒДАЙЛАР
Компрессор іске қосылғанда немесе тоқтағанда,
мотор мен қысым ауыстырғышында электрлік
контактілердің ұшқын шығаруы қалыпты жағдай
болып табылады. Компрессорды тұтанғыш булары
бар ортада мүлде пайдалануға болмайды. Әйтпесе,
сіз немесе басқа адамдар ауыр жарақат алуы мүмкін.
ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ТӘСІЛІ
Компрессорды міндетті түрде жақсы
желдетілетін, бензин немесе еріткіш булары
жоқ жерде пайдаланыңыз.
Жанғыш сұйықтықты жабық жерде пайдалануға
болмайды.
Бүрку аймағын міндетті түрде желдету керек.
Бүрку барысында темекі шегуге және ұшқын немесе
от шығатын жерге қарай шашуға болмайды.
Компрессорлар бүрку аймағынан барынша
алыс тұруы тиіс, бүрку аймағынан және
барлық жанғыш материалдардан кемінде 6,1 м
қашықтыққа қойыңыз.
Жанғыш материалдарды компрессордан аулақ
орналасқан қауіпсіз жерде сақтаңыз.
ЕСКЕРТУ:
Тыныс алуға қатысты қауіпті жағдайлар
ОРЫН АЛУЫ МҮМКІН ЖАҒДАЙЛАР
Компрессордан шығатын сығылған ауамен
тыныс алуға болмайды.
Ауа ағынында көміртегі тотығы немесе басқа
булар, не болмаса баллонның не басқа
компоненттердің бөлшектері болуы мүмкін.
Бояу, бояу еріткіштері, бояу кетіру құралдары,
инсектицидтер, арамшөп жою құралдары, т.с.с.
бүркілетін материалдардың құрамында зиянды
булар мен улар болады.
Компрессордың немесе бүркілген
материалдардың буын жұтсаңыз, ауыр жарақат
алуыңыз мүмкін.
ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ТӘСІЛІ
Компрессордан шыққан ауаны тікелей немесе
компрессорға қосылған тыныс алу құрылғысы
арқылы мүлде жұтуға болмайды.
Жел әсері бар желдету жүйесімен
жабдықталған аймақта жұмыс істеңіз.
Бүркілетін материалдың жапсырмасында
немесе қауіпсіздік төлқұжатында берілген
қауіпсіздік техникасы нұсқауларын оқып
шығыңыз және орындаңыз.
Жұмысыңызға пайдалануға арналған
мақұлданған респираторды пайдаланыңыз.
Бояған кезде, компрессорды ары-бері
тасымаңыз.
ЕСКЕРТУ:
Шуға қатысты қауіпті жағдайлар
Құлағыңызды шығатын шудан және жұмыс
шуынан қорғау үшін құлақ қорғау құралдарын
тағыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Сығылған ауаға қатысты қауіпті жағдайлар
ОРЫН АЛУЫ МҮМКІН ЖАҒДАЙЛАР
Сығылған ауа ағыны жұмсақ тіндерге зақым
келтіруі мүмкін және кірді, жоңқаны, бекітілмеген
бөлшектерді және ұсақ заттарды жоғары
жылдамдықта ұшырып, мүлікті зақымдауы немесе
адамды жарақаттауы мүмкін.
ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ТӘСІЛІ
Компрессорды пайдаланғанда немесе оған
күтім жасағанда, міндетті түрде бүйірлері
жабық мақұлданған қауіпсіздік көзілдірігін
киіңіз.
Шүмекті немесе бүріккішті дененің ешбір
бөлігіне, басқа адамдарға немесе жануарларға
мүлде бағыттауға болмайды.
Техникалық күтім жасау, құралдарды немесе
керек-жарақты тағу алдында, компрессорды
міндетті түрде өшіріп, ауа желісіндегі қысымды
шығарыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Қозғалмалы бөлшектерге қатысты қауіпті
жағдайлар
ОРЫН АЛУЫ МҮМКІН ЖАҒДАЙЛАР
Қосу/автоматты өшіру ауыстырғышы "Қосулы/
автоматты" күйінде болғанда, компрессор ауаны
автоматты түрде айдайды. Компрессор істеп тұрғанда
немесе электр желісіне қосылған кезде, жөндеу
немесе техникалық күтім жұмыстарын жасасаңыз,
қозғалатын бөліктерге тиіп кетуіңіз мүмкін.
Осы қозғалатын бөлшектер ауыр жарақаттауы
мүмкін.
282 ҚАЗАҚША

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis