Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GTC 400 C Professional Originalbetriebsanleitung Seite 195

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GTC 400 C Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
▪ <Шағылысатын темп.> (b)
Осы параметрдің реттелуі өлшеу нәтижесін әсіресе
эмиссия дәрежесі төмен болатын материалдарда
(= жоғарырақ шағылысу) жақсарта алады. Кейбір
жағдайларда (әсіресе іште) шағылысқан
температура қоршаған орта температурасына
сәйкес келеді. Егер температурасы қатты ығысып
тұрған нысандар қатты шағылысатын нысандардың
жанында тұрып, өлшеуге әсер ете алса, осы мәнді
бейімдеу қажет болады.
– <Көрсету>
▪ <Орталық> (k)
Нүкте термограмманың ортасында көрсетіледі және
пайдаланушыға осы жердегі өлшенген температура
мәнін көрсетеді.
▪ <Ыстық нүкте> (j): <ҚОСУ>/<ӨШІРУ>
Ең ыстық нүкте (= өлшеу пикселі) термограммадағы
қызыл түсті қиылысу арқылы белгіленеді. Бұл
критикалық жерлерді (мысалы, үлестіру
шкафындағы босаған түйіспелі қысқыштарды) іздеу
әрекетін жеңілдетеді.
▪ <Салқын нүкте> (l): <ҚОСУ>/<ӨШІРУ>
Ең суық нүкте (= өлшеу пикселі) термограммадағы
көк түсті қиылысу арқылы белгіленеді. Бұл
критикалық жерлерді (мысалы, терезедегі тығыз
емес жерлерді) іздеу әрекетін жеңілдетеді.
▪ <Түс шкаласы> (g): <ҚОСУ>/<ӨШІРУ>
– <WiFi> (d): <ҚОСУ>/<ӨШІРУ>
(қараңыз „Деректерді тасымалдау", Бет 196)
– <Өлшеу құралы>
▪ <Тіл>
Осы мәзір тармағында индикаторда
пайдаланылатын тілді таңдауға болады.
▪ <Уақыт пен күн> (a)
Өлшеу құралында уақыт пен күнді өзгерту
үшін <Уақыт пен күн> ішкі мәзірін шақырыңыз.
Осы ішкі мәзірде уақыт пен күнді реттеу әрекетіне
қоса тиісті пішімдерді де өзгертуге болады.
<Уақыты> және <Күні> ішкі мәзірлерінен шығу
үшін оң жақ функциялық түймені (7) басу арқылы
реттеулерді сақтаңыз немесе сол жақ функциялық
түймені (13) басу арқылы өзгерістерден бас
тартыңыз.
▪ <Дауыс сигналдары>: <ҚОСУ>/<ӨШІРУ>
Бұл мәзір тармағында дыбыстық сигналдарды
қосуға/өшіруге болады.
▪ <Өшіру уақыты>
Осы мәзір тармағында, ешбір түйме басылмаған
жағдайда, өлшеу құралы автоматты түрде өшуі тиіс
уақыт аралығын таңдауға болады. Автоматты түрде
өшіруді <Ешқашан> реттеуін таңдау арқылы
ажыратуға да болады.
▪ <Суреттерді өшіру>
мәзір тармағында ішкі жадта сақталған барлық
файлдарды бір уақытта жоюға болады. Ішкі мәзірге
кіру үшін <Қосымша> параметріне арналған оң
жақ (8) көрсеткі түймесін басыңыз. Содан кейін
барлық файлдарды жою үшін оң жақ функциялық
Bosch Power Tools
түймені (13) немесе әрекетті тоқтату үшін сол жақ
функциялық түймені (7) басыңыз.
▪ <Құрылғы тұралы>
Осы мәзір тармағында өлшеу құралы туралы
ақпаратты шақыруға болады. Бұл жерде өлшеу
құралының сериялық нөмірін және орнатылған
бағдарламалық жасақтама нұсқасын табасыз.
Кез келген мәзірден шығу және стандартты индикатор
экранына қайтып оралу үшін өлшеу түймесін (17) басуға
да болады.
Өлшеу нәтижелерінің құжаттамасы
Өлшеу нәтижелерін сақтау
Қосылғаннан кейін өлшеу құралы бірден өлшеу әрекетін
бастайды және оны өшірілгенше үздіксіз жалғастырады.
Кескінді сақтау үшін камераны қалаулы өлшеу нысанына
бағыттап, сақтау түймесін (11) басыңыз. Кескін өлшеу
құралының ішкі жадында сақталады. Балама ретінде
өлшеу түймесін (17) (кідірту) басыңыз. Өлшеу әрекеті
қатырылып, дисплейде көрсетіледі. Бұл пайдаланушыға
кескінді мұқият қарап шығуға және кейінгі реттеуді
(мысалы, түстер палитрасы) орындауға мүмкіндік береді.
Егер қатырылған кескінді сақтау қажет болмаса, өлшеу
түймесі (17) арқылы өлшеу режимін қайта іске қосыңыз.
Кескінді өлшеу құралының ішкі жадына сақтау қажет
болса, сақтау түймесін (11) басыңыз.
Сақталған кескіндерді шақыру
Сақталған термограммаларды шақыру үшін төмендегі
әрекеттерді орындаңыз:
– Сол жақ функциялық түймені (13) басыңыз.
Дисплейде енді соңғы сақталған фотосурет пайда
болады.
– Сақталған термограммалардың арасында ауысу үшін
оң (8) немесе сол (12) жақ көрсеткі түймесін басыңыз.
Жоғары қаратылған көрсеткі түймесін (5) басу арқылы
жазылған термограмманы толық кескін ретінде де
көрсетуге болады.
Сақталған суреттерді өшіру
Бөлек термограммаларды жою үшін галерея көрінісіне
ауысыңыз:
– себет белгісінің астындағы оң жақ функциялық
түймені (7) басыңыз.
– Әрекетті оң жақ функциялық түймені (13) қосымша
басу арқылы растаңыз немесе жою әрекетін сол жақ
функциялық түймені (7) басу арқылы тоқтатыңыз.
<Суреттерді өшіру>
<Суреттерді өшіру> мәзірінде ішкі жадта сақталған
барлық файлдарды бір уақытта жоюға болады. Өлшеу
функцияларын шақыру үшін Func (6) түймесін басыңыз.
Енді оң жақ функциялық түймені (7) басып, <Өлшеу
құралы> → <Суреттерді өшіру> тармағын таңдаңыз.
Ішкі мәзірге кіру үшін оң жақ көрсеткі түймесін (8)
басыңыз. Содан кейін барлық файлдарды жою үшін сол
жақ функциялық түймені (13) немесе әрекетті тоқтату
үшін оң жақ функциялық түймені (7) басыңыз.
Қазақ | 195
1 609 92A 7L1 | (20.05.2022)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

3 601 k83 1

Inhaltsverzeichnis