Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GTC 400 C Professional Originalbetriebsanleitung Seite 192

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GTC 400 C Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
192 | Қазақ
батареяларды тот басуы және олардың заряды
өздігінен таусылуы мүмкін.
Аккумулятормен пайдалану (C суретін қараңыз)
Нұсқау: Өлшеу құралыңызға арналмаған аккумуляторды
пайдалану өлшеу құралының қате жұмыс істеуіне немесе
зақымдануына алып келуі мүмкін.
Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау
u
құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау
құралдары сіздің өлшеу құралыңыздың ішінде литий-
иондық аккумулятормен сәйкес.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Зарядталған аккумуляторды (23) енгізу үшін оны, ол
сезілетіндей тіреліп, өлшеу құралының тұтқасымен
жанасқанша, аккумулятор бөліміне (18) кіргізіңіз.
Аккумуляторды (23) шығару үшін босату
түймелерін (19) басып, аккумуляторды аккумулятор
бөлімінен (18) тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш
салмаңыз.
Пайдалану
Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн
u
сәулелерінен сақтаңыз.
Өлшеу құралына айрықша температуралар немесе
u
температура тербелістері әсер етпеуі тиіс. Оны,
мысалы, автокөлікте ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.
Үлкен температура тербелістерінің жағдайында өлшеу
құралын қолданысқа енгізбес бұрын оның
температурасын дұрыс пайдаланыңыз. Айрықша
температуралар немесе температура тербелістерінің
жағдайында өлшеу құралының дәлдігі төмендеуі
мүмкін.
Өлшеу құралының дұрыс акклиматизациясын
u
қамтамасыз етіңіз. Температураның шұғыл
өзгерістері орын алған жағдайда, акклиматизация
уақыты 60 минутқа дейін созылуы мүмкін. Бұл жағдай,
мысалы, өлшеу құралы суық автомобиль ішінде
сақталып, содан кейін өлшеу әрекеті жылы ғимаратта
орындалғанда, орын алуы мүмкін.
Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлаудан
u
қорғаңыз. Қатты сыртқы әсерлерден кейін және
функциялық қабілетінде ақаулар орын алса, өлшеу
құралын өкілетті Bosch сервистік қызмет көрсету
орталығында тексертіңіз.
Қосу/өшіру
Өлшеу үшін қорғаныш қалпақшаны (1) ашыңыз. Жұмыс
барысында инфрақызыл датчиктің бітелмегеніне
немесе жабылмағанына көз жеткізіңіз.
Өлшеу құралын қосу үшін қосу/өшіру түймесін (9)
басыңыз. Дисплейде (14) бастапқы реттілік пайда
болады. Бастапқы реттіліктен кейін өлшеу құралы дереу
1 609 92A 7L1 | (20.05.2022)
өлшеу әрекетін бастайды және оны өшірілгенше үздіксіз
жалғастырады.
Нұсқау: алғашқы минуттарда өлшеу құралы жиірек
өздігінен теңестірілуі мүмкін, себебі датчик пен қоршаған
орта температурасы әлі тураланбаған. Датчиктің жаңадан
теңестірілуі дәлме-дәл өлшеуге мүмкіндік береді.
Бұл уақытта температура индикаторы ~ белгісімен
көрсетілуі мүмкін. Датчиктің теңестірілу кезінде
термограмма қысқа уақытқа қатырылады. Қоршаған орта
температурасының ауытқуы қатты болған жағдайда, бұл
әсер күшейіп қалады. Сондықтан өлшеу құралының
температурасын тұрақтандыру үшін оны мүмкіндігінше
өлшеуді бастамастан бірнеше минут бұрын қосыңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (9)
қайтадан басыңыз. Өлшеу құралы барлық реттеулерді
сақтап, сонан соң өшіп қалады. Өлшеу құралын қауіпсіз
тасымалдау үшін қорғаныш қалпақшаны (1) жауып
қойыңыз.
Бас мәзірде өлшеу құралын автоматты түрде өшіру
қажеттігі мен уақытын таңдауға болады (қараңыз „Бас
мәзір", Бет 194).
Егер аккумулятор немесе өлшеу құралы техникалық
деректерде көрсетілген жұмыс температурасынан тыс
болса, өлшеу құралы қысқа (қараңыз „Ақаулықтар –
себептері және шешімдері", Бет 196) ескертуінен кейін
автоматты түрде өшеді. Өлшеу құралының
температурасын қалпына келтіріп, содан кейін оны қайта
қосыңыз.
Өлшеуге дайындық
Беткі температураны өлшеу үшін эмиссия дәрежесін
реттеу
Нысанның эмиссия дәрежесі үстіңгі беттің материалы мен
құрылымына байланысты болады. Ол нысанның, оңтайлы
жылылық сәулелендіргішпен (қара түсті корпус, эмиссия
дәрежесі ε = 1) салыстырғанда, қаншалықты көп
инфрақызыл жылылық сәулеленуін шығаратынын
көрсетеді және сәйкесінше 0 және 1 арасындағы мәнді
құрайды.
Беткі температураны анықтау үшін мақсатты нысанды
тарататын табиғи инфрақызыл жылу сәулеленуі
жанасусыз өлшенеді. Дұрыс өлшеу үшін өлшеу
құралында реттелген эмиссия дәрежесі әр өлшеу
алдында тексеріліп, керек болса, өлшеу нысанына
сәйкестендіріледі.
Өлшеу құралында алдын ала реттелген эмиссия
дәрежелері шамамен алынған мәндер болып табылады.
Алдын ала реттелген эмиссия дәрежелерінің бірін
таңдауға немесе дәл сандық мәнді енгізуге болады.
Қалаулы эмиссия дәрежесін <Өлшеу> → <Эмиссия
дәрежесі> мәзірі арқылы реттеп шығыңыз (қараңыз „Бас
мәзір", Бет 194).
Дұрыс температура өлшемдерін орындау тек
u
реттелген эмиссия дәрежесі мен нысанның
эмиссия дәрежесі сәйкес келгенде мүмкін болады.
Эмиссия дәрежесі қаншалықты төмен болса, шағылысқан
температураның өлшеу нәтижесіне әсері соншалықты
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

3 601 k83 1

Inhaltsverzeichnis