Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Jamestown KNOX Bedienungsanleitung Seite 112

4 brenner gasgrill
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für KNOX:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
KAZ
• Ұзақ сақталған кезде қысқа тұйықталуы мүмкін
металл заттармен жанасуына жол бермеңіз.
Бұзылу жəне жану қаупі бар.
• Дұрыс пайдаланбаған кезде батареядан сұйықтық
шығуы мүмкін. Батареядан төгілген электролит
теріні тітіркендіруі жəне күйдіруі мүмкін. Жанасып
кетуден сақ болыңыз! Кездейсоқ жанасып кеткен
кезде тиген жерін сумен жуыңыз. Көзіңізге тисе,
оған қоса, тез арада дəрігерді көмекке шақырыңыз.
Газбен жұмыс істеу
Газ оңай тұтанатын жəне жарылыс қаупі бар зат
болып табылады. Өрттің туындау тəуекелі мен
жарылыс қаупін барынша азайтыңыз:
• Жаңа газ баллонын қосар алдында аспап
толығымен суытылуы тиіс.
• Газбен жұмыс істегенде, темекі шегуге жəне кез
келген ашық отты пайдалануға тыйым салынады.
• Газ баллондары тек ашық далада сақталуы тиіс.
• Газ баллондарын тікелей күн сəулелерінің əсері-
нен қорғаңыз.
• Клапаны жарамсыз, тот басқан немесе деформаци-
яланған газ баллондарын ешқашан пайдаланбаңыз.
• Баллондарды əрқашан тік қалпында ұстаңыз:
көлденең қалпында сақтауға тыйым салынады.
• Ешқашан газ клапанын немесе қысым реттегішін
ашып көруге тырыспаңыз.
• Газ шлангілеріне тікелей күн сəулесінің əсер
етуіне жəне олардың ыстық беттермен жана-
суына жол бермеңіз.
• Функциясында бұзылым болғанда айналма рет-
тегішін бірден жабыңыз да, оттың өшуін күтіңіз.
Техникалық қызмет көрсету
• Кез келген амалды жасау алдында əрқашан газ
баллонының айналма реттегішін жабыңыз.
• Газ сымындағы барлық қосылыстардың бітеулігін
бақылап отыру қажет. Əр пайдалану алдында газ
шлангісінде жарықшақтардың жəне басқа да
зақымдалулардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
Қажет болған жағдайда, оны алмастырыңыз.
• Тек қана осы нұсқаулықта аталған жөндеу жəне
күтім бойынша жұмыстарды жүргізуге рұқсат
етіледі. Жұмыстардың барлық басқа түрлерін
мамандарға орындауға тапсырыңыз.
• Тек сертификатталған қосалқы бөлшектерді пай-
даланыңыз. Тек осындай қосалқы бөлшектер
осы құрылғыға арнап құрастырылған жəне оған
сəйкес келеді. Басқа қосалқы бөлшектерді пай-
далану өндірушіні кепілдік міндеттемелерінен
босатып қана қоймай, сондай-ақ, Сізге жəне қор-
шаған ортаға зиян келтіруі мүмкін.
Осы құрылғыға арналған қауіпсіздік бойынша
нұсқаулар
• Сыртта ғана пайдаланыңыз.
• Пайдаланбас бұрын құрылғының пайдалану бой-
ынша нұсқаулығын оқып шығыңыз.
• НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Қолжетімді бөлшектері өте
ыстық болуы мүмкін. Балаларды алшақ ұстаңыз.
• Құрылғыны пайдалану барысында жанғыш зат-
тардан алшақ ұстау керек.
• Құрылғыны пайдалану барысында жылжытуға
болмайды.
• Пайдаланған соң газ жеткізу құбырын газ балло-
нына жалғаңыз.
• Құрылғыны өзгертуге болмайды.
112
• Газ шлангісін оралмайтындай немесе бүгілмейтін-
дей етіп өткізіңіз. Құрылғыда қолжетімді бағыттау
нүктелерін газ шлангісін өткізу үшін пайдаланыңыз.
• Газ шлангілерін жүйелі түрде тексеріп тұру жəне ұлт-
тық ережелермен талап етілген жəне/немесе жарам-
дылық мерзімі өткен жағдайда жаңарту керек.
• Құрылғыны газ баллонына жалғау үшін пайдала-
нылатын шланг сымының түрі өндірушімен бел-
гіленеді. 1,5 м шамасындағы макс. ұзындықтан
асыруға болмайды.
• Өндірушімен тығыздалған құрамдас бөлшек-
терге ешбір жағдайда өзгеріс жасауға болмайды.
• Тек өндіруші мақұлдаған жəне куəландырған газ
реттегішін пайдаланыңыз.
• Ешқашан газды грильде ағаш көмірін немесе
басқа да қатты отынды пайдаланбаңыз.
• Грильді жабық бөлмелерде емес, сыртта ғана
пайдаланыңыз.
• Газ баллоны қойылған орындағы желдету саңы-
лауларын еш уақытта, сондай-ақ сақтау кезінде
жабуға болмайды.
• Газ баллонын алмастыру алдында газды
құрылғыны толығымен суытыңыз. Газ баллонын
алмастырған кезде кез келген түрдегі өртену көз-
дерінен алшақ ұстаңыз.
• Грильді ешқашан шатыр астында қолданбаңыз.
• Грильді ешқашан жам ішінде қолданбаңыз, оның
ішінде шығып кеткен газ жиналуы мүмкін.
• Грильдің қауіпсіз пайдаланылуы оны берік, тегіс
жəне жүк көтергіштігі жеткілікті бетке монтаждап
орнатқан жағдайда ғана қамтамасыз етіледі.
• Барлық газ желі ұяларының тығыздығын тексеріп
шығыңыз. Əр пайдалану алдында газ шлангісінде
сызаттар мен зақымдардың бар-жоғын тексеріп
шығыңыз. Қажет болса, оны алмастырыңыз.
• Газ баллонын құрылғы астындағы шкафқа орнату
үшін, оның ішінде тиісті ұстағыш бар болуы тиіс.
• Май жанған жағдайда дереу барлық айналмалы
реттегіштерді жəне баллон клапанын жауып қой-
ыңыз жəне өрт сөнгенше күтіңіз.
• Қуат кабелі мен газ шлангісін қызып кеткен бал-
лондардан алшақ ұстаңыз.
• Грильді қолданысқа енгізу алдында берік, тегіс
бетке қойыңыз жəне мүмкіндігінше желден
қорғап орналастырыңыз.
• Балалар мен үй жануарларын грильдің жанында
бақылаусыз қалдыруға болмайды. Əсіресе отал-
дырған кезде сақ болыңыз!
• Грильді құрылғы толық суығаннан кейін ғана
тазалаңыз.
• Қуырып пісірген кезде əрдайым арнайы қолғап
киіп жүріңіз.
• Тиісті киім киіңіз. Ұзын жəне кең жең жылдам өртенеді!
• Қуырып пісіргеннен кейін ешқашан ыстық грильді
бақылаусыз қалдырмаңыз. Жарақат алу жəне
өрт қаупі бар!
• Газды грильді ешқашан сумен жууға болмайды.
• Дұрыс керек-жарақтарды пайдаланыңыз. Ұзын
тұтқалы керек-жарақтар жылудан қорғайды.
Шанышқыларды тек қана дайын тамақты көтеру
үшін пайдаланылуы тиіс, қысқаш пен қалақ жақсы-
рақ болып табылады. Тамақты шаңышқымен іліп
алғанда тамақтан май ағып, жалын тудыруы мүмкін.
• Гриль құрылғысын алғаш рет пайдалану
алдында қыздырыңыз жəне отынға кем дегенде
30 минут ішінде жанып тұруға мүмкіндік беріңіз.

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis