Қажет болса, кенептің көлбеу бұрышын 0° жəне
45° арылығында орнатуға болады. Назар ауда-
рыңыз! Жаңбыр суын ағызу үшін кенеп бұрышы
кем дегенде 14° құрауы тиіс. Кенеп бұрышын рет-
теу үшін мына қадамдар орындалады:
– Сол жақ иінтірек ұстағышындағы бекіткіш
бұрандаларды (3) 1-2 айналымға босатыңыз.
Назар аударыңыз! Бұрандаларды шешпеңіз!
– Тежегіш бұранданы (4) сол жақ шарнир
иінтірегін қажетті бұрышта орнатуға болатын-
дай етіп босатыңыз.
– Сол жақ шарнир иінтірегін қолмен көтеріңіз
(жүк түсіріңіз) жəне реттегіш бұранданы (5)
оңға немесе солға бұрап, фальшинаны
(жылжымалы профильді) қажетті көлбеу биік-
тігіне көтеріңіз немесе түсіріңіз.
– Қажетті көлбеуге қол жеткізгенде тежегіш
бұранда мен бекіткіш бұрандаларды қайтадан
тартыңыз.
– Дəл сондай əрекеттерді оң жақ иінтірек
ұстағышында қайталаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Маркиза кенебі
зақымдалуы мүмкін! Кенеп көлбеуі екі
жақтан бірдей реттелуі тиіс. Егер марки-
заның алдыңғы жиегінен сырық тура көл-
денең күйде болмаса, маркиза кенебі
əркелкі оралып, зақымдарға апарып
соғуы мүмкін.
– Маркиза түсіру бағанасының көлденең күйін
ватерпас көмегімен тексеріңіз.
– Қажет болса, түсіру бағанасы көлденең күйге
жеткенше реттеңіз.
• Көлбеу бұрышы: ► Техникалық сипаттама-
лар – 108-бет.
Шарнир кронштейндерін туралау
► 6-бет., 12-тармақ
– Маркизаны жартылай ашыңыз.
– Шарнир кронштейндерінің туралануын тек-
серіңіз: шарнирлер бір деңгейде орналасуы
тиіс.
– Шарнир кронштейндерімен байланысты-
рылған құбырды шарнир кронштейндері бір
деңгейде болғанша жылжытыңыз.
– Маркизаны тексеру үшін толық ашып
жабыңыз.
– Шарнир кронштейндері құбырмен жəне
кенепті орау білігімен қатар жабылмайынша
құбыр күйін өзгертіңіз.
Пайдалану
ҚАУIП! Жарақат алу қаупі бар! Барлық
бұрандалардың беріктігін жыл сайын тек-
серіп тұрыңыз.
Маркизаның иінтірек жетегі
► 6-бет., 12-тармақ
Назар аударыңыз:
Маркизаның иінтірек жетегінде кенепті орау білі-
гінің айналымдарын шектеу үшін тірек жоқ. Сон-
дықтан кенептің зақымдалуына жол бермеу үшін,
маркиза кенебі əрдайым орау білігінің үстіне ора-
луына көз жеткізу керек.
– Оралудың қате бағыты кенептің толық жай-
ылуына апарып соғуы мүмкін. Енді толық
асылып тұрған кенеп келесі рет орау кезінде
дəл сол бағытта қайтадан үстінен оралады.
• Кенепті тығыз керіп орау керек!
– Басқару тұтқасы мен жетекті басқару тұтқасы-
ның көздері қатты тозбауы үшін, басқару
тұтқасын айналу барысында тігінен ұстаңыз.
Күтім жасау, сақтау, кəдеге жарату
Тазалау жəне күтім жасау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Маркиза кенебі
зақымдалуы мүмкін! Ылғалды
жағдайда маркизаны қажетсіз жаймаңыз!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Маркиза кенебі
зақымдалуы мүмкін! Жиектер, тігістер
мен шиналардың аймағындағы толқын
тəрізді бүкпелер матаның қабаттасуынан
жəне білік айналасындағы əртүрлі тығыз-
дыққа байланысты пайда болады. Нəти-
жесінде пайда болатын мата керілісі
мата бетінің өзгеруіне апарып соғуы мүм-
кін.
Жайылған кенептегі кептелістер тігіс
аймағындағы матаның қос қабатына бай-
ланысты болады.
Уақытша жоқ болғанда жəне жел пайда болған
жағдайда маркизаны орау керек.
Егер маркизаға су тисе, оны жайылған күйде кеп-
тіріңіз. Маркиза кенебі ұзақ уақыт ішінде сулы
күйде оралған күйде қалса, кенепте көріксіз
дақтар пайда болуы мүмкін.
Маркиза кенебін тазарту үшін құрғақ қылшақпен
тазалап шығу керек. Қиын кетірілетін ластануды
сабынды сумен жəне қылшақпен өңдеу керек.
Орау алдында кенепті кептіріңіз.
Еш жағдайда құрамында еріткіштері бар таза-
лағыш құралдарды пайдаланбаңыз. Олар матаны
ағартып, матаның сыртқы түріне зақым келтіреді.
Ықтимал зақымдарға жол бермеу үшін, матаны
тазалау үшін сілтілі жəне қышқылды тазалағыш
құралдарды немесе бу шашырайтын аппарат-
тарды қолданбаңыз. Материалдың ескіруіне жол
бермеу үшін, жаңбыр суын бұрып жіберу арқылы
су қалталарының (судың кенепте жиналуы) пайда
болуына жол бермеңіз.
Мына құбылыстар жарамайтын көлемде жинал-
мағанша ақаулар ретінде қарастырылмауы тиіс:
– Маркиза кенебі өз салмағынан салбырауы
мүмкін.
– Матаның бөлек жолақтары түс бойынша өзге-
шеленуі мүмкін, бұл техникалық себептерге
байланысты болады.
– Реңктер оптикалық құбылыстар ғана болып
табылады. Олардың себебі – жылтыр жəне
бүкпелі беттердің əртүрлі жарық сəулесінің
сынуы.
– Конфекционирлеу жағдайында жіп тікелей
емес өтуі мүмкін.
Маркиза матасы бойынша жалпы нұсқаулар
Маркиза маталары жоғары сапалы өнімдер болып
табылады. Алайда, өндірістегі жоғары технология
деңгейіне қарамастан жəне қоршаған ортаны
KAZ
107