KAZ
• Егер құрылғыны сатсаңыз немесе оны біреуге
берсеңіз, оған міндетті түрде пайдалану бой-
ынша нұсқаулықты қосып беріңіз.
• Құрылғыны тек ақаусыз күйде қолдану рұқсат
етіледі. Егер аспап немесе оның бөліктері
жарамсыз болса, мамандардың көмегіне
жүгініңіз.
• Маркизаны қысқы бақтардың үстінен орнат-
паңыз.
• Жайылған күйдегі маркизаға жаңбырдан
немесе желден пайда болатын əртүрлі шарт-
тар əсер етеді. Осы айтарлықтай ауыр
жағдайлар маркизамен қабылданып, бекіткіш
консольдер арқылы монтаждау бетіне тасы-
малдануы тиіс. Сондықтан алғаш рет пайда-
лану алдында барлық бұрандалардың нық
тартылғанына көз жеткізу керек.
• Жүйелі түрде жүктеген кезде бекіткіш бұрама-
лардың жоғары созушы күштер туындауы
мүмкін. Монтаждау беткі қабаты жеткілікті
көтеруші қабілетіне ие болатынына көз жет-
кізіңіз. Күмəнданған жағдайда маманғахабар-
лаңыз.
• Маркизаны сенімді жəне қауіпсіз жолмен пай-
далануға кепілдік беру үшін, оны жүйелі түрде
бақылау жəне техникалық қызмет көрсету
керек. Маркизада тозудың жəне кенеп
зақымдалуының бар-жоғын, сондай-ақ қаңқа-
ның күйін тұрақты түрде тексеріп тұру керек.
• Зақымдалудың алдын алу үшін маркизаны
қатты жел кезінде жаймаған жөн.
• Орнату кезінде тек қана жарамды бекіткіш
материалды қолданыңыз. Бекіткіш материал-
дың сипаты мен өлшемі қабырғаның түріне
жəне бұйымның салмағына байланысты
болады. Дұрыс таңдау жасау үшін маманға
хабарласыңыз.
• Дайын маркизалар ауыр болады. Монтаждау
бригадасының саны – кем дегенде екі адам.
• Монтаждау барысында балалар мен жануар-
ларға монтаждау аймағында ойнауға рұқсат
етілмейді.
• Монтаждауды орындау кезінде маркиза
кенебінің ластануын болдырмау үшін қолдың
тазалығына көз жеткізіңіз.
• Полиэтиленді орауыш пакеттер балалар үшін
қауіпті болуы мүмкін. Тəуекелдердің алдын
алу үшін, пакеттердің балалардың қолына
түсуіне жол бермеңіз.
• Тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдала-
ныңыз. Осы бұйым тек осындай бөлшектер-
ден ғана құрастырылған жəне онда қолдануға
тек осындай бөлшектер ғана жарамды. Басқа
қосалқы бөлшектерді пайдалану кепілдікті
жоғалтуға ғана əкеліп қоймайды, сонымен
қатар, жарақат алу қаупін тудырады жəне қор-
шаған ортаға залалын тигізеді.
• Балаларға жəне дене, ақыл-ой немесе сезім
мүмкіндіктерінің шектеулі болуына байланы-
сты бұйымның қауіпсіз жəне сақтықпен пайда-
ланылуын қамтамасыз етуге қауқарсыз тұлға-
ларға бұйыммен жұмыс істеуіне тыйым салы-
нады.
• Қажетті жеке қорғану құралдарын əрдайым
пайдаланыңыз.
104
• Жұмыс істегенде сақ болу жəне жақсы күйде
болу қажет: Шаршаған, ауырған, алкогольден
немесе есірткіден мастанған күйде, сондай-ақ
дəрі-дəрмектер əсер еткенде Сіз бұйымды
қауіпсіз пайдалана алмайсыз.
Біліктілік
Монтаждау жұмысы тек қана мамандар-
мен жүзеге асырылуы тиіс
• Пайдалану бойынша нұсқаулық мына сала-
ларда терең білімі бар білікті монтаждаушы
маманға арналған:
– еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік жəне
жазатайым оқиғалардың алдын алу бой-
ынша нұсқамалар,
– баспалдақ пен сатымен жұмыс істеу,
– ұзын жəне ауыр конструкция элементтерін
пайдалану жəне тасымалдау,
– құралдар мен машиналарды қолдану,
– бекіткіш құралдарды орналастыру,
– Құрылыс конструкциясын бағалаңыз (толық
мəліметтер алу үшін сатушыға хабарла-
сыңыз)
– Бұйымды қолданысқа енгізу жəне пайда-
лану
• Осы біліктілік жоқ болған жағдайда арнайы
монтаждық фирманы тартқан жөн
Арқанмен көтеру
• Егер маркизаны арқандардың көмегімен бел-
гілі бір биіктікке көтеру қажет болса, оны
– орауыштан шығару,
– тарту арқандарымен құламайтындай бай-
лау,
– көлденең күйде біркелкі көтеру қажет.
– Асылған жүктердің астындағы аймақты қор-
шаңыз.
Монтаждық консольдер
• Монтаждауды бастамас бұрын төмендегілерді
тексеріп шығыңыз:
– жеткізілген монтаждық консольдердің түрі
мен жеткізілім көлемі бойынша сəйкес
келуін,
– бекіткіш тұғыр туралы тапсырыста бел-
гіленген деректердің шынайы тұғырға сəй-
кес келуін.
• Қауіпсіздікке əсер ететін айырмашылықтар
табылған жағдайда, монтаждауды орындауға
болмайды.
Бекіткіш құралдар
• Маркиза Техникалық деректерде белгіленген
жел жүктемесінің класына сəйкес келеді
(► Техникалық сипаттамалар – 108-бет.).
• Монтаждалған күйде ол осы талаптарға тек
мына жағдайларда сай келеді:
– маркиза осы пайдалану бойынша нұсқау-
лықта көрсетілген əдіспен жəне консоль-
дердің белгіленген санын пайдаланып мон-
таждалған,