Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Электр Қауіпсіздігі - Hilti VC 20-UM Original Bedienungsanleitung

Akku-baustellensauger
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für VC 20-UM:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
▶ Ешбір жағдайда аспапты желілік кабель артындағы басқа жұмыс орнына жылжытпаңыз.
Шаңсорғышпен электрмен қамту кабелінің үстінен өтпеңіз.
▶ Аспапты кран көмегімен тасымалдамаңыз.
2.1.4
Электр қауіпсіздігі
▶ Аспаптың біріктіруші ашасы электр розеткасына сай болуы керек. Ашаның конструкциясын
өзгертпеңіз.
Қорғауыш жерге қосылымы бар аспаптар үшін штекерлік адаптерлерді
пайдаланбаңыз. Түпнұсқа ашаларды және оларға сай розеткаларды қолдану электр тогының соғу
қаупін азайтады.
▶ Ашаны барлық жергілікті жағдайларға сай берік орнатылған, қолайлы жерге қосылған
розеткаға қосыңыз. Егер розетканың сенімді бекітілгеніне күдіктенсеңіз, оны білікті электрші
маман тексеруі керек.
▶ Жерге қосылған беттерге, мысалы, құбырларға, жылыту құралдарына, пештерге (плиталарға)
және тоңазытқыштарға тікелей тиюді болдырмаңыз. Жерге қосылған заттарға тигенде электр
тогының соғуының үлкен қаупі туындайды.
▶ Аспапты жаңбырдан немесе ылғал әсерінен қорғаңыз. Электр құралға су кіруінің нәтижесінде
электр тогының соғу қаупі артады.
▶ Желілік кабельдің шалшықтармен өтпейтініне көз жеткізіңіз.
▶ Тұрақты түрде аспаптың электр қамту кабелін тексеріңіз. Зақымдалған кабельді ауыстыруды
Hilti компаниясының сервис орталығында өткізу керек. Тұрақты түрде ұзартқыш кабельдерді
тексеріңіз және зақымдар бар болғанда оларды ауыстырыңыз.
▶ Егер жұмыс кезінде желілік және/немесе ұзартқыш кабель зақымдалса, оған тиюге тыйым
салынады. Желілік кабельді розеткадан шығарыңыз. Ақаулы желілік кабельдер және ұзартқыш
кабель электр тогының соғу қаупін тудырады.
▶ Тек пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетілген желілік кабель түрлерін қолдануға рұқсат етіледі.
▶ Кабельді басқа мақсатта қолданбаңыз, мысалы, аспапты тасымалдау, оны іліп қою
немесе розеткадан ашаны шығару үшін. Кабельді жоғары температуралардың, майдың,
үшкір жиектердің немесе аспаптың айналатын түйіндерінің әсерінен қорғаңыз.
зақымдалуының немесе шатасуының нәтижесінде электр тогының соғу қаупі артады.
▶ Егер электр құралмен жұмыстар ашық ауада орындалса, тек бөлмелерден тыс қолдануға
рұқсат етілген ұзартқыш кабельдерді пайдаланыңыз. Бөлмелерден тыс қолдануға жарамды
ұзартқыш кабельді пайдалану электр тогының соғу қаупін азайтады.
▶ Ток үзілген жағдайда аспапты өшіріңіз және желілік штекерді ажыратыңыз.
▶ Ендірілген розетканы тек пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетілген мақсаттарда қолануға
рұқсат етіледі.
▶ Кір немесе ылғалды аспапты пайдалануға тыйым салынады. Қолайсыз жағдайларда аспап
бетінде жиналатын ылғал мен шаң (әсіресе төк өткізгіш материалдардан) электр тогының соғуын
тудыруы мүмкін. Ток өткізгіш материалдарды өңдеу қажет болған кезде, кірленген аспапты
жүйелі түрде Hilti сервис орталығына тексертіңіз.
2.1.5
Жұмыс орны
▶ Жұмыс орнын жақсы жарық түсумен қамтамасыз етіңіз.
▶ Жұмыс аймағының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз. Нашар желдетілетін жұмыс аймағы
шаңның жоғарғы концентрациясына байланысты көңіл-күйдің нашарлауының себебі болуы мүмкін.
▶ Жұмыс орнында тәртіпті сақтаңыз. Жұмыс ортасын жарақаттауы мүмкін нысандардан бос
күйде сақтаңыз. Жұмыс орнындағы ретсіздік жарақаттану қаупін арттырады.
▶ Аспапты тұтанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң бар жарылыс қаупі бар аймақта
қолданбаңыз. Жұмыс кезінде электр құралдан ұшқындар шығады және ұшқындар шаңды немесе
буларды тұтандыруы мүмкін.
▶ Сатыда жұмысты орындау кезінде әсіресе ұқыпты болыңыз.
2.1.6
Қоқыстар
▶ Денсаулыққа зиянды, тұтанғыш және/немесе жарылғыш шаңды (магний-алюминий шаңы
және т.б.) жұтуға тыйым салынады. 60°C-тан ыстық материалдарды сорғылауға болмайды
(мысалы, бықситын сигареттер, ыстық күл).
▶ Жанғыш,
жарылғыш,
(салқындатқыш және майлағыш заттар, бензин, еріткіштер, қышқылдар (pH < 5), сілтілер (pH
> 12,5) және т.б.).
▶ Көбік немесе сұйықтықтар шыққанда аспапты дереу өшіріңіз.
▶ Ең көп температурасы 60 °C ыстық материалды жинағанда қорғауыш қолғаптарды киіңіз.
*224936*
агрессивті
сұйықтықтарды
224936
сорғылауға
тыйым
Қазақ
Кабель
салынады
115

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Vc 40-um

Inhaltsverzeichnis