Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Stihl Laser 2-in-1 Gebrauchsanleitung Seite 165

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
STIHL 1-де 2 лазері
STIHL ұсынған 1-де 2 лазері, дестенің бағытын бақылауға мүмкіндік
береді. Ол кесу үшін өлшеудің көмегі ретінде де қолданыла алады
(кесу өлшемі 25-100 см; ең көбі 150 см.). Дестенің бағыты мен кесу
өлшемі қызыл лазерлік сызықпен бейнеленеді.
Арнайы қауіпсіздік іс-шаралары шынжырлы мотоарамен
және 1-де 2 лазерімен жұмыс істеген кезде қажет болады.
1-де 2 лазері, STIHL компаниясының түпнұсқалы тұтқышы
орнатылған STIHL мотоараларында қолданылуға рұқсат етілген.
Қандай да бір сұрақтар туындаса мамандандырылған дилерге
жүгініңіз. Олай болмаған жағдайларда, жазатайым оқиғалардың
орын алу қаупі немесе агрегаттың бұзылу қаупі төне алады.
Алғаш рет пайдалануға беру кезінде, пайдалану
нұсқаулығымен мұқият танысып алыңыз және алдағыда
пайдалану үшін сенімді жерге сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік іс-
шараларын және осы нұсқаулықтың нұсқаулары мен
қолданылатын мотоараның пайдалану нұсқаулығын
мүлтіксіз орындаңыз. Пайдалану нұсқаулығын ұстанбаған
жағдайда, өмірге қауіп төнуі мүмкін.
Лазерлік сәулелену кезінде қауіптілік төнеді!
Көз торы жарықпен ұзақ уақыт бойы жанасатын жағдайда
зақымдала алады.
– Жарыққа тура қарамаңыз
– Жарық сәулесін басқа адамдардың немесе жануарлардың
көзіне бағыттамаңыз
– Егер лазер сәулесі көзге тиіп кетсе, көзді бірден жұмып,
басыңызды жарықтан басқа жаққа бұрыңыз
– Лазер сәулесін жарықты шағылыстыратын қабаттаға
бағыттамаңыз
– Корпус немесе оптика бүлінген кезде 2-класс сияқты лазерлік
сәулеленудің ең жоғары класы шығарылып, лазерлік
сәулелену қайнарына үстірт қараған кезде де көзге зақым
келтіріле алады.
– Егер шанақ немесе оптика бүлінген болса, агрегатты ешқашан
қоспаңыз
Қауіпсіздік нұсқауларына қатысты жергілікті ережелерді, мысалы
кәсіподақтардың, әлеуметтік кассалардың, еңбекті қорғау жөніндегі
органдардың және басқа мекемелердің ережелерін сақтаңыз.
Пайдаланушы жазатайым оқиғалар үшін не болмаса басқа
адамдарға немесе олардың мүлкіне төнетін қауіптілік үшін жауапты
болады.
Q
165

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis