Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Vitek Perseus VT-1695 Betriebsanweisung Seite 22

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 8
ҚАЗАҚ
8. Микротолқынды пешті балалар қолданып жатқан кезде ерекше назар аударыңыз.
9. Желілік кабель не аша зақымданған жағдайда, микротолқынды пеш зақымдану не бұзылу
нəтижесінде тиісті түрде жұмыс істемей тұрғанда оны қолдануға болмайды.
10. Микротолқынды пешті рұқсат етілген сервистік орталықтың білікті маманы ғана жөндеуі
қажет.
11. Микротолқынды пештің корпусындағы желдеткіш тесіктерін жаппаңыз.
12. Микротолқынды пешті бөлмеден тыс жерде сақтауға жəне қолдануға болмайды.
13. Микротолқынды пешті су қасында, асхана раковинасына жақын жерде, ылғал жертөле
жайларында не болмаса бассейндерге жақын жерде қолдануға болмайды.
14. Желілік кабельді жəне желілік ашаны суға салмаңыз.
15. Желілік кабельдің жəне желілік ашаның ыстық беттермен жанасуынан сақтаныңыз.
16. Желілік кабельдің стол шетінен түсіп тұрмауын қадағалаңыз.
17. Микротолқынды пештің есігін жəне ішкі беттерін тазалау кезінде ысқышқа не жұмсақ матаға
құйылған жұмсақ абразивті жуу құралдарын пайдаланыңыз.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Тоқ соғу
Микротолқынды пештің электр схемасының элементтеріне тақалу ауыр жарақаттарға жəне тоқ
соғуға алып келуі мүмкін. Микротолқынды пешті өзіңіз бөлшектемеңіз.
Микротолқынды пештің жерлендірілуі
Микротолқынды пеш сенімді жерлендірілген болуы қажет. Егер тұйықталу орын алса, жерлендіру
тоққа түсу қаупін азайтады, өйткені жерлендірілген сым арқылы токтың қайтуы жүреді.
Аспапта жерлендірілген сымы бар желілік кабель жəне жерлендіру түйіспесі бар желілік аша
қолданылады. Аша жерлендіру түйіспесі бар розеткаға қосылуы қажет.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ: жерлендірусіз розеткаға қосылған жерлендіру түйіспесі бар ашаны
қолданған кезде тоқ соғу қаупін тудыруы мүмкін.
Жерлендіру жөніндегі нұсқамалар түсініксіз болса не сіздің микротолқынды пешіңіздің сенімді
жерлендірілгенінде күмəн болса, білікті электриктің кеңесін алыңыз.
Желілік кабельдің оралып қалуын болдырмас үшін микротолқынды пеш қысқа желілік
кабельмен жабдықталған.
Ұзартқышқы қолдану қажет болған жағдайда желілік ашада жəне розеткада жерлендіру
түйіспесі бар 3 сымды ұзартқышты ғана пайдаланыңыз.
Микротолқынды пештің желілік кабеліндегі сымдар қимасының таңбалануы жəне ұзартқыш
кабеліндегі таңбалану сəйкес болуы қажет.
Ұзартқыштың желілік кабелін балалар тартып қалмау үшін оның үстел жанынан түсіп
тұрмауын қадағалаңыз жəне ол оның үстінен жүрмейтіндей жатқызылуы қажет.
Микротолқынды пешке арналған ыдыс
САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!
Микротолқынды пешке салынған берік жабылған ыдыстар жарылуға қауіпті болуы мүмкін.
Жабық ыдыстар ашылған болуы тиіс, ал пластикалық пакеттерде бірнеше тесік жасау қажет,
ол ондағы бу микротолқынды пешке салар алдында шығу үшін қажет.
Егер сізде микротолқынды пеште пайдаланғыңыз келетін ыдысты пайдалануға қатысты
күмəн туындаса, онда сынақ жүргізіңіз.
Микротолқынды пеште қолданар алдында ыдысты сынау
Сыналатын ыдысты пештің жұмыс камерасына орнатыңыз (мысалы, тарелка), оған суық су
құйылған шыны стаканды қойыңыз.
Микротолқынды пешті ең жоғарғы қуатына қойыңыз жəне жұмыс уақытын бір минуттан
асырмай белгілеңіз.
1695.indd 22
1695.indd 22
22
13.02.2007 17:18:37
13.02.2007 17:18:37

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis