Микротолқынды пештің жерлендірілуі
Микротолқынды пеш сенімді жерлендірілген болуы қажет. Егер тұйықталу орын алса, жерлендіру тоққа түсу
қаупін азайтады, өйткені жерлендірілген сым арқылы токтың қайтуы жүреді.
Аспапта жерлендірілген сымы бар желілік кабель жəне жерлендіру түйіспесі бар желілік аша қолданылады.
Аша жерлендіру түйіспесі бар розеткаға қосылуы қажет.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ: жерлендірусіз розеткаға қосылған жерлендіру түйіспесі бар ашаны қолданған кезде тоқ
соғу қаупін тудыруы мүмкін.
Жерлендіру жөніндегі нұсқамалар түсініксіз болса не сіздің микротолқынды пешіңіздің сенімді
жерлендірілгенінде күмəн болса, білікті электриктің кеңесін алыңыз.
•
Желілік кабельдің оралып қалуын болдырмас үшін микротолқынды пеш қысқа желілік кабельмен
жабдықталған.
•
Ұзартқышқы қолдану қажет болған жағдайда желілік ашада жəне розеткада жерлендіру түйіспесі бар 3
сымды ұзартқышты ғана пайдаланыңыз.
•
Микротолқынды пештің желілік кабеліндегі сымдар қимасының таңбалануы жəне ұзартқыш кабеліндегі
таңбалану сəйкес болуы қажет.
•
Ұзартқыштың желілік кабелін балалар тартып қалмау үшін оның үстел жанынан түсіп тұрмауын
қадағалаңыз жəне ол оның үстінен жүрмейтіндей жатқызылуы қажет.
Микротолқынды пешке арналған ыдыс
САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!
•
Микротолқынды пешке салынған берік жабылған ыдыстар жарылуға қауіпті болуы мүмкін.
•
Жабық ыдыстар ашылған болуы тиіс, ал пластикалық пакеттерде бірнеше тесік жасау қажет, ол ондағы бу
микротолқынды пешке салар алдында шығу үшін қажет.
•
Егер сізде микротолқынды пеште пайдаланғыңыз келетін ыдысты пайдалануға қатысты күмəн туындаса,
онда сынақ жүргізіңіз.
Микротолқынды пеште қолданар алдында ыдысты сынау
•
Сыналатын ыдысты пештің жұмыс камерасына орнатыңыз (мысалы, тарелка), оған суық су құйылған
шыны стаканды қойыңыз.
•
Микротолқынды пешті ең жоғарғы қуатына қойыңыз жəне жұмыс уақытын бір минуттан асырмай
белгілеңіз.
•
Сыналатын ыдысты сақтықпен ұстап көріңіз, егер ол қызса, ал судағы стакан суық болса, онда ондай
ыдысты тамақ дайындау үшін микротолқынды пеште қолдануға болмайды.
•
Сынау уақытын бір минуттан асыруға болмайды.
Микротолқынды пеште пайдалануға болатын материалдар жəне ыдыстар
Алюминий
фольгасы
Қуыруға арналған
ыдыс
Түскі тамақ
ыдысы
1687kaz+arab.indd 35
1687kaz+arab.indd 35
Фольганы гриль жұмысы режимінде ғана қолдануға болады. Фольга жəне
микротолқынды пеш қабырғасы арасындағы қашықтық кем дегенде 2,5 см болуы
қажет.
Фольганың кішкентай бөліктерін ет пен құс етінің ұсақ бөліктері жанып кетпес үшін
оларды жабу үшін пайдалануға болады.
Микротолқын режимінде, егер фольга пеш қабырғаларына тым жақын болса,
есіктегі сəуле қайтарушы тордың ұшқындауы, жануы жəне нəтижесінде
пештің бұзылуы орын алуы мүмкін. Бұл жағдайда сіз ақысыз кепілді қызмет
көрсету жəне жөндеу құқығынан айырыласыз.
Өндіруші нұсқауларын басшылыққа алыңыз.
Қуыруға арналған ыдыс түбі айналатын шыны табақтан 5 мм қалың болуы қажет.
Қуыруға арналған ыдысты дұрыс пайдаланбау ыдыстың өзінде жəне шыны табақта
сызаттардың пайда болуына алып келуі мүмкін.
Тек микротолқынды пеште пайдалануға арналған ыдыс қана қолданылады. Ыдыс
өндірушінің нұсқауларын басшылыққа алыңыз. Сызаттары не сынықтары бар
ыдысты қолданбаңыз.
35
ҚАЗАҚ
07.06.2006 14:53:46
07.06.2006 14:53:46