Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

3M PELTOR Tactical XP MT1H7x2 Serie Handbuch Seite 72

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 22
Equalizer (Эквалайзер)
Equalizer (Эквалайзер) функциясы үнді реттейді және төрт
параметрден тұрады: Low (Төмен), Neutral (Бейтарап), High
(Жоғары) және Extra High (Өте жоғары).
Release time (Босату уақыты)
Босату уақыты параметрі деңгейге тәуелді функция
белсендіруден кейін ашылғанға дейінгі уақытты реттейді.
Қолжетімді параметрлер – Normal (Қалыпты) және Slow
(Баяу).
External input mode (Сыртқы кіріс режимі) (тек
гарнитурада)
Сыртқы кіріс режимін үш күйге орнатуға болады. Қосылған
құрылғыңыз үшін ең қолайлы параметр табылғанша осы үш
деңгейді ауыстыра беріңіз.
External input volume (Сыртқы кіріс дыбыс деңгейі) (тек
гарнитурада)
Сыртқы кіріс дауыстың дыбыс деңгейін Normal (қалыпты)
немесе High (жоғары) деңгейге орнатуға болады.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ КӨРСЕТУ
Сыртқы жабындарын, байлауышты және құлақ
жастықшаларын тазалау үшін сабынмен және сумен
суланған шүберекті пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Есту протекторын суға БАТЫРМАҢЫЗ.
Егер есту протекторы жаңбырдан немесе терден суланса,
құлаққаптарды сыртына шығарып, құлақ жастықшалары
мен пенопласт төсегіштерді алып, қайта жинақтау
алдында кептіріңіз. Құлақ жастықшалары және пенопласт
төсегіштер пайдаланумен нашарлауы мүмкін, сол себепті
сыныққа немесе басқа зақымға жүйелі түрде тексерілуі
керек. Жүйелі пайдаланған кезде 3M ұйымы тұрақты
төмендетуді, гигиенаны және жайлылықты сақтау үшін
құлақ жастықшалары мен пенопласт төсегіштерді
кемінде жылына екі рет ауыстыруды ұсынады. Егер
құлақ жастықшасы зақымдалса, ол ауыстырылуы керек.
Төмендегі «Қосалқы бөлшектер» бөлімін көріңіз.
ҚҰЛАҚ ЖАСТЫҚШАЛАРЫН АЛУ ЖӘНЕ АУЫСТЫРУ
E:1 Құлақ жастықшасын алу үшін құлақ жастықшасының
ішкі шетіне саусақтарыңызды сырғытып, сыртқа жақсылап
тартыңыз.
E:2 Бар төсегіш(тер)ды алып, жаңа пенопласт төсегіштер
салыңыз.
E:3 Құлақ жастықшасының бір жағын құлаққап
тостағанының ойығына бекітіп, құлақ жастықшасы орнына
сырғығанша қарсы жағын басыңыз.
ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕР ЖӘНЕ КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
3M™ PELTOR™ HY79 гигиеналық жинағы
Ауыстырылатын гигиеналық жинақ. Тұрақты өшу, гигиена
және жайлылық үшін жылына екі рет ауыстырып тұрыңыз.
3M™ PELTOR™ HY100A бір рет
пайдаланылатын протекторлары
Құлақ жастықшаларына оңай бекітілетін, бір рет
пайдаланылатын протектор.
3M™ PELTOR™ HYM1000 микрофон қорғағышы
Сөйлеу микрофонын қорғайтын ылғал мен желді өткізбейтін
таспа.
3M™ PELTOR™ M41/2 микрофондарға арналған желге
қарсы қорғанысы
КЕПІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК ШЕКТЕУІ
КЕПІЛДІК: 3M жеке қауіпсіздік бөлімі өнімдерінің біреуінің
материалы, жасалуы зақымдалған немесе белгілі
бір мақсат кепілдігіне сәйкес болмаған жағдайда 3M
компаниясы мәселе уақытылы хабарланғанда және
өнім 3M компаниясының жазбаша нұсқауларына сәйкес
сақталғанда, қызмет көрсетілгенде және пайдаланылғанда
осындай бөлшектердің немесе өнімдердің сатып алу
бағасын өтеуге немесе ауыстыруға міндетті және сіз
3M компаниясынан талап етуге құқылысыз. ЗАҢМЕН
ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЖАҒДАЙДЫ ЖӘНЕ АТ ПЕН ПАТЕНТ
БҰЗУШЫЛЫҚТЫ ЕСКЕРМЕГЕНДЕ ОСЫ КЕПІЛДІК
ЕРЕКШЕ ӘРІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ САПА КЕПІЛДІГІ, БЕЛГІЛІ
БІР МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҒЫ НЕМЕСЕ ІСКЕРЛЕСУ
НӘТИЖЕСІНДЕГІ САПА КЕПІЛДІГІ, КЕДЕН НЕМЕСЕ
САУДА ҚОЛДАНЫСЫ ОРНЫНА ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ. 3M
компаниясы осы кепілдік бойынша дұрыс немесе ұқыпсыз
сақтау, қолдану немесе техникалық қызмет көрсету, өнім
нұсқауларын орындамау салдарынан зақымдалған өнімге
немесе кездейсоқ, ұқыпсыз немесе дұрыс пайдаланбау
салдарынан болған өнім зақымына не ауыстыру жағдайына
жауапты болмайды.
ЖАУАПКЕРШІЛІК ШЕКТЕУІ: ЗАҢМЕН ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН
ЖАҒДАЙДЫ ЕСКЕРМЕГЕНДЕ, 3M КОМПАНИЯСЫ
БЕКІТІЛГЕН ЗАҢДЫ ТЕОРИЯҒА ҚАРАМАСТАН ОСЫ
ӨНІМНЕН БОЛҒАН ТІКЕЛЕЙ, ЖАНАМА, АРНАЙЫ,
КЕЗДЕЙСОҚ НЕМЕСЕ ЖҮЙЕЛІ ШЫҒЫНҒА НЕМЕСЕ
ЗАҚЫМДАРҒА (ОНЫҢ ІШІНДЕ ТАБЫСТАН АЙЫРЫЛУ)
ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ. ОСЫНДА БЕКІТІЛГЕН
ЕСКЕРТУЛЕР ӨЗГЕШЕ.
ӨЗГЕРІС ЖОҚ: Осы құрылғыны өзгерту жұмыстары 3M
компаниясының жазбаша келісімінсіз жасалмауы керек.
Рұқсатсыз өзгерістер кепілдікті және пайдаланушының
құрылғыны басқару өкілеттігін жоюы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ:
• Ескі және жаңа батареяларды араластырмаңыз.
• Сілтілі, стандартты немесе қайта зарядталатын
батареяларды араластырмаңыз.
• Батареяны қоқысқа дұрыс тастау үшін жергілікті қатты
қалдықты тастау реттеулерін орындаңыз.
• Егер гарнитура қайта зарядтауға рұқсат берсе: Сілтілі
батареяларды зарядтамаңыз, құлаққапқа зақым келуі
мүмкін.
• Тек AA қайта зарядталмайтын немесе Ni-MH қайта
зарядталатын (егер қолданылатын болса) батареяларды
пайдаланыңыз.
64
KZ

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis