Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

3M DBI-SALA Rollgliss R550 Benutzerhandbuch Seite 299

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für DBI-SALA Rollgliss R550:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 83
1.
Сақтандыру арқанының (А) бос ұшын мықтап ұстау арқылы төмен түсу процесін баяулатыңыз
немесе кідіртіңіз.
2.
Төмен түсуді қосымша басқару үшін сақтандыру арқанының (А) бос ұшын мықтап ұстаған кезде
икемді өткізгішті пайдаланыңыз.
3.
Сақтандыру арқанының (А) бос ұшын икемді өткізгіш (В) және жұдырықшалы тоқтатқыштармен
(С) бекіту арқылы кездейсоқ төмен түсіп кетуге жол бермеңіз. Жерге түсуге дайындалу үшін
аяқтарыңызды бүгіңіз. Жерге түскен соң, сақтандыру арқанын дене тірегінен ажыратыңыз.
;
R550 құтқару және апаттық жерден кету құрылғысы пайдалану кезінде қызып кетуі мүмкін. Сондықтан
пайдаланушы төмен түсу процесін басқаруға пайдаланылатын бөлшектерден басқа бөлшектерді ұстаса
жарақат алуы мүмкін. Көрсетілген жүктеме және төмен түсу ұзындығы шектерінен тыс пайдаланған
жағдайда, төмен түсу жібін зақымдауы мүмкін шамадан тыс қызу пайда болады.
Келесі төмен түсу процесіне дайындалу. R550 мұнай және газ саласындағы құтқару жүйесі құрылғысын
4.
пайдаланған соң, сақтандыру арқанының ұшы мен ілмек-карабинді төмен түсетін келесі адамның жанына қою
үшін қажет болғанда, сақтандыру арқанын құрылғы арқылы тарту керек.
қАШЫқтАН КӨМеК БеРУ АРқЫЛЫ құтқАРУ. 15.1 суретін қараңыз. R550 құтқару жүйесі құрылғысы қауіпсіз
жерге түсу алдында құлап кеткен адамның құлаудан қорғайтын қосалқы жүйесін алуға мүмкіндік беру мақсатында
зардап шегушіні көтеру үшін қашықтан көмек беру арқылы құтқару жұмыстарында пайдалануға болатын құтқару
үлестіргіш торабымен жабдықталған. Процедуралар төменде берілген:
1.
Сақтандыру арқанының бір ұшын зардап шегушіге түсіріңіз немесе көтеріңіз. Сақтандыру арқанын (L)
оның бір ұшындағы ілмек-карабин (В) зардап шегушінің дене тірегіндегі (С) қажетті қосылым нүктесімен іргелес
болмайынша R550 құтқару жүйесі (А) арқылы тартыңыз.
2.
Зардап шегушінің толық сақтандыру белдігіне немесе басқа да денеге арналған тірекке жалғаңыз.
Сақтандыру арқанының құтқаруға арналған ұшындағы ілмек-карабинді (В) кеудеге арналған немесе арқаға
арналған жартылай сақинаға (С) жалғаңыз (сондай-ақ жартылай сақина орындарын 14-суреттен қараңыз).
Жартылай сақинаның пайдаланушыны жоғары қаратып ұстайтындай етіп орналасқанына көз жеткізіңіз.
;
Зардап шегушінің дене тірегіндегі қосылым нүктесіне қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, арқан ұстағышының
керек-жарағын(15.3 суреті, D) зардап шегушінің ілгіш бауына (
болады. R550 сақтандыру арқанындағы (L) ілмек-карабинді арқан ұстағышындағы (D) сақинаға (E) бекітуге болады,
ал құтқару үлестіргіш торабын (RH) зардап шегушіні қауіпсіз жерге немесе бастапқы құлаудан қорғау жүйесін адамды
қауіпсіз жерге түсіруге мүмкіндік беру үшін босатуға болатын жерге көтеру үшін пайдалануға болады.
3.
құлаудан қорғайтын қосалқы жүйені ажырату үшін зардап шегушіні көтеру. Зардап шегуші салмағын
құлаудан қорғайтын қосалқы жүйесінен R550 құтқару және апаттық жерден кету құрылғысына көтеру үшін құтқару
үлестіргіш торабын (RH) айналдырыңыз. Кездейсоқ төмен түсіп кетуге жол бермеу үшін сақтандыру арқанының бос
ұшын R550 төмен түсіру құралының икемді өткізгішімен және жұдырықшалы тоқтатқыштармен бекітіңіз (16-суретті
қараңыз). Зардап шегушінің құлаудан қорғайтын қосалқы жүйесін (ілгіш бау, т.б.) ажыратыңыз.
Балама опция (16-суретті қараңыз). R550 құтқару және апаттық жерден кету құрылғысын сондай-ақ
электрлік бұрғыны (кемінде 12 мм-лік қысқыш және 45 Нм айналу моменті) құлап кеткен адамды көтеру үшін
қашықтан көмек көрсету арқылы құтқару жұмыстарында пайдалануға болатын құтқару үлестіргіш торабының
ортасына бекітілетіндей етіп реттеуге болады. (Көтеру қашықтығы бойынша мысалдарды 1-кестеден қараңыз.)
Электрлік бұрғыны құтқару үлестіргіш торабының ортасындағы білікке тікелей бекітіңіз (16-суретті қараңыз).
Зардап шегуші салмағын құлаудан қорғайтын қосалқы жүйесінен R550 құтқару және апаттық жерден кету
құрылғысына көтеру мақсатында құтқару үлестіргіш торабын айналдыру үшін бекітілген электрлік бұрғыны
пайдаланыңыз. Кездейсоқ төмен түсіп кетуге жол бермеу үшін сақтандыру арқанының бос ұшын R550
құтқару және апаттық жерден кету құрылғысының икемді өткізгішімен және жұдырықшалы тоқтатқыштармен
бекітіңіз (15-суретті қараңыз). Зардап шегушінің салмағын құрылғының икемді өткізгішіне және жұдырықшалы
тоқтатқыштарына түсіру, содан кейін электрлік бұрғыны құтқару үлестіргіш торабының ортасынан босату
арқылы электрлік бұрғыны ажыратыңыз. Электрлік бұрғы алынған соң, зардап шегушінің құлаудан қорғайтын
қосалқы жүйесін (ілгіш бау, т. б.) ажыратыңыз.
1-кесте. DeWalt 18 В бұрғысы (DCD990M2 үлгісі) үшін кез келген бағыттағы жалғыз батареялы көтеру қашықтығы
100 кг жүктеме
141 кг жүктеме
* Толық батарея зарядына, 22 °C қоршаған орта температурасына негізделген көтеру қашықтығы.
** Ауыр жүктемені жоғары жылдамдықта қолданбаған жөн.
;
Электрлік бұрғының көтеру сыйымдылықтары зардап шегуші жүктемесі, батарея заряды, бұрғы үлгісі
және қоршаған орта жағдайларына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бұрғының ең төмен жылдамдығы
параметрі батареяның жарамдылық мерзімін барынша ұзарту және бұрғының немесе R550 төмен түсіру
құралының зақымдалу қаупін азайту үшін ұсынылады. 141 кг-нан артық жүктемелерді электрлік бұрғы
опциясы арқылы көтеруге болмайды. Кері бағытта көтеру нәтижесінде әдетте жалғыз батарея зарядының
көтеру қашықтығының сыйымдылығы азаяды.
Сақтандыру арқанын төмен түсу үшін дайындау. Төмен түсу алдында сақтандыру арқанының пайдаланушы
4.
мен R550 құтқару жүйесі арасындағы бөлімі босап тұрмайтындай етіп қатайтылуы керек. Сақтандыру арқанын
пайдаланушы мен R550 құтқару жүйесі арасында бос орын қалмайтындай етіп бос ұшынан тартып қатайтыңыз.
Сақтандыру арқаны қатайтылған соң, төмен түсу процесі басталғанша бос ұшын мықтап ұстап тұрыңыз.
Төмен жылдамдық
76 м*
61 м*
299
) төңкерілген күйде (ò) бекітіп, орнында құлыптауға
VL
Орташа жылдамдық
76 м*
46 м*
Жоғары жылдамдық
53 м*
Жоқ**

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis