Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Сақтық Шаралары - Panasonic TY-ST42PE6 Montageanweisungen

Sockel
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 18
Сақтық шаралары
АБАЙЛАҢЫЗ
Тіректі жинауға немесе өзгертуге болмайды.
• Мұның нəтижесінде құрылғының құлап кетуі жəне зақымдануы ықтимал, бұл дене жарақатына əкелуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Каталогта көрсетілгеннен басқа дисплейлерді пайдаланбаңыз.
• Мұның нəтижесінде құрылғының құлап кетуі жəне зақымдануы ықтимал, бұл дене жарақатына əкелуі мүмкін.
Тірекке немесе бекітілген құрылғының үстіне шығуға немесе асылуға болмайды.
• Мұның нəтижесінде құрылғының құлап кетуі жəне зақымдануы ықтимал, бұл дене жарақатына əкелуі мүмкін.
(Əсіресе кішкентай балалардың бұл сақтандыруды ескеруін қадағалаңыз.)
Тірек майысқан немесе қалпы бұзылған болса, оны қандай да бір мақсатта пайдалануға болмайды.
• Мұның нəтижесінде құрылғының құлап кетуі жəне зақымдануы ықтимал, бұл дене жарақатына əкелуі мүмкін.
Дисплейдің желдеткіш тесіктерін бітемеңіз. Тіректі пайдалану кезінде дисплейдің төменгі беті мен
еден бетінің арасындағы кеңістікті жауып тастамаңыз.
• Олай етпеген жағдайда ішінде қызу пайда болып, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
Жоғары ылғалды орындарда пайдаланбаңыз.
• Ұзақ уақыт пайдаланғаннан кейін тірек қисайып немесе қалпы бұзыksп, мықтылығы азаюы мүмкін. Мұның
нəтижесінде құрылғы құлап кетуі немесе зақымдануы мүмкін, бұл, сондай-ақ, дене жарақатына əкелуі
ықтимал.
Дисплейді орнату барысында оның үстінен, жанынан 10 см, ал артқы бетінен 5 см ашық кеңістік
болуына көз жеткізіңіз.
• Қалдырмаған жағдайда өрт шығуы мүмкін.
Дисплейді тірекке орнату жəне алып тастау үшін екі адам қажет.
• Дисплей құлап, адамды жарақаттауы мүмкін.
Орнатқан кезде барлық бұрандаларының мықтап тартылғанына көз жеткізіңіз.
• Егер жинақтау дұрыс жүргізілмесе, тірек дисплейдің салмағын көтере алмайды. Мұның нəтижесінде дисплей
құлап кетуі немесе зақымдануы мүмкін, бұл, сондай-ақ, дене жарақатына əкелуі ықтимал.
Мықты, тегіс жерге орнатыңыз.
• Мұны орындамау нəтижесінде құрылғы құлап кетуі немесе зақымдануы мүмкін, бұл, сондай-ақ, дене жарақатына əкелуі ықтимал.
Құрылғыны тікелей күн көзінен жəне қыздырғыштардан аулақ ұстаңыз.
• Мұны орындамау қисаюға, қалпының бұзылуына немесе материалдардың бұзылуына жəне беріктіктің
жоғалуына əкелуі мүмкін, мұның нəтижесінде құрылғы құлап немесе сынып, дене жарақатын келтіруі ықтимал.
Дисплейді бекіту үшін төңкертпейтін/құлатпайтын керек-жарақтарды пайдаланыңыз.
• Жер сілкінісі болған жағдайда немесе балалар дисплей орнатылған тірекке шығатын болса, құрылғы
төңкеріліп немесе құлап кетіп, дене жарақатына əкелуі мүмкін.
Тіректі орнату бойынша ескертпелер
♦ Дисплейдің қуат ашасы үшін қол оңай жететін электр розеткасын пайдаланыңыз.
♦ Сыртқы температураның 40 °C-тан аспауы үшін оның жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
Əйтпесе, дисплейдің ішінде қызу пайда болып, оның бұзылуына себеп болуы мүмкін.
Қолдану нұсқаулары
1) Дисплейдің орнын таңдаған кезде абай болыңыз, себебі күн сəулесі тікелей түсетін жерге немесе
жылытқышқа жақын қойылса, оның түсі оңып кетуі немесе пішіні бұзылуы мүмкін.
2) Тіректі жұмсақ, құрғақ шүберекпен (мысалы, мақта немесе фланель) тазалаңыз. Егер кронштейн өте лас
болса, суда ерітілген бейтарап тазартқыш құралмен ласын тазартып, құрғақ шүберекпен құрғатыңыз. Бензин,
еріткіш немесе жиһаз уəкісін пайдаланбаңыз, өйткені олар кронштейннің бетіне зиян келтіруі мүмкін.
(Дисплейді тазалау туралы ақпаратты дисплейдің пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз. Егер химиялық
жолмен өңделген мата пайдаланылса, матамен бірге берілген нұсқауларды орындаңыз.)
3) Желім бауды немесе жапсырманы бұйымға бекітпеңіз. Бұл тірек бетін ластауы мүмкін. Резина, винил өнімдерімен немесе
басқа ұқсас нəрселермен ұзақ уақыт бойы жанасып тұруына жол бермеңіз. (Мұндай əрекеттер зақымдарға əкеледі.)
4) Дисплейдің панелі шыныдан жасалған. Оған қатты күш немесе соққы тигізбеңіз.
ЕСКЕРТУ:
Бұл тірек тек Panasonic дисплейі модельдерімен пайдалануға арналған.
Басқа құрылғымен пайдалану тұрақсыздыққа əкеліп, адамды жарақаттауға себеп болуы мүмкін.
КƏСІБИ ОРНАТУ ҚАЖЕТ ЕТІЛЕДІ.
PANASONIC КОМПАНИЯСЫ ДҰРЫС ЕМЕС ОРНАТУ НЕМЕСЕ ДҰРЫС ЕМЕС ПАЙДАЛАНУ САЛДАРЫНАН БОЛҒАН КЕЗ КЕЛГЕН
МҮЛІККЕ КЕЛГЕН ЗИЯН ЖƏНЕ/НЕМЕСЕ АУЫР ЖАРАҚАТТАР, СОНЫҢ ІШІНДЕ ӨЛІМ ЖАҒДАЙЛАРЫ ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.
38

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis