Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Сақтық Шаралары - Panasonic TY-WK42PV20 Installationsaleitung

Wandhalterung zum anbringen des plasmadisplays
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 9
Сақтық шаралары
АБАЙЛАҢЫЗ
Білікті орнатушы маманнан басқа ешкім құрылғыны орнату, жалғанатын құрылғыны көбейту жəне
азайту жұмыстарын орындамауы керек.
• Дұрыс орнатылмаған жағдайда, жабдық құлап, жарақаттануға себеп болуы мүмкін.
Жүк көтере алмайтын жерге орнатпаңыз.
• Егер орнатылатын жердің беріктігі жеткілікті болмаса, жабдық құлап кетуі мүмкін.
Ұсынылған орнатылатын жердің беріктігін қарастырған кезде, қауіпсіздік коэффициентін де есепке
алыңыз.
• Егер беріктігі жеткілікті болмаса, жабдық құлап, жарақаттануға себеп болуы мүмкін.
Қабырғаға орнату кронштейнін бөлшектеуші немесе өзгертуші болмаңыз.
• Əйтпесе, құрылғы түсіп кетіп, зақымдалуы жəне дене жарақатына себеп болуы мүмкін.
Орнатылатын жер ұзақ уақыт пайдалануға шыдау үшін жеткілікті түрде орнықты болуына көз жеткізіңіз.
• Егер оның күші ұзақ пайдалану кезінде жеткіліксіз болса, плазмалық дисплей құлап, адамды жарақаттауы
мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Каталогта көрсетілгеннен басқа плазмалық дисплейлерді пайдаланбаңыз.
• Əйтпесе, құрылғы түсіп кетіп, зақымдалуы жəне дене жарақатына себеп болуы мүмкін.
Плазмалық дисплейді мына нұсқауларда көрсетілгеннен басқа жолмен орнатпаңыз.
• Əйтпесе, құрылғы түсіп кетіп, зақымдалуы жəне дене жарақатына себеп болуы мүмкін.
Жоғары қаратып, қырынан немесе төңкеріп орнатпаңыз.
• Ол плазмалық дисплейдің ішінде қызудың пайда болып, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
Ылғал, шаң, түтін, бу немесе қызу əсеріне ұшырайтын жерлерге орнатпаңыз.
• Ол плазмалық дисплейге кері əсер етіп, өрттің соғуына немесе электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін.
Жел кіретін тесіктерді жауып тастамаңыз. Қабырғаға ілетін кронштейнді пайдаланған кезде плазмалық
дисплейдің артқы жағы мен қабырға арасынан бос орын қалдырыңыз.
• Олай етпеген жағдайда ішінде қызу пайда болып, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
Плазмалық дисплейдің жоғарғы, төменгі, сол жəне оң жақтарынан кемінде 10 см бос орын
қалдырыңыз. Сондай-ақ, артынан да біраз бос орын қалдырыңыз.
• Қалдырмаған жағдайда өрт шығуы мүмкін.
Плазмалық дисплейді кемінде екі адам орнатуы немесе орнынан шешуі керек.
• Плазмалық дисплей құлап, адамды жарақаттауы мүмкін.
Орнату үшін тек арнаулы құраушы бөлшектерді пайдаланыңыз.
• Олай етпеген жағдайда, плазмалық дисплей қабырғадан түсіп кетіп жəне/немесе зақымдалып, адамды
жарақттауы мүмкін.
Бекіткіш бұрандалар мен қуат сымын қабырғаның ішкі бөліктеріне тимейтіндей етіп орнатыңыз.
• Қабырғаның ішіндегі қандай да бір металл заттарға тисе, электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін.
Плазмалық дисплейді орнынан шешкен кезде, қабырғаға ілетін кронштейндерді де шешіп алыңыз.
• олай етпеген жағдайда, кронштейндерге соғылу, т.б. адамды жарақаттауы мүмкін.
Қолдану ережелері
1) Плазмалық дисплейдің орнын таңдаған кезде абай болыңыз, себебі күн сəулесі тікелей түсетін жерге
немесе жылытқышқа жақын қойылса, оның түсі оңып кетуі немесе пішіні бұзылуы мүмкін.
2) Қабырғаға бекітетін кронштейнді жұмсақ, құрғақ шүберекпен (мысалы, мақта немесе фланель) сүртіп
тазалаңыз. Егер кронштейн қатты кірлесе, кірді суға араластырылған бейтарап жуу құралымен кетіріп,
құрғақ шүберекпен тазалап сүртіңіз. Бензол, сұйылтқыш немесе жиһаз балауызын пайдаланбаңыз,
себебі ол жабынның аршылып түсіп қалуына себеп болуы мүмкін.
(Плазмалық дисплейді тазалау туралы ақпаратты плазмалық дисплейдің пайдаланушы
нұсқаулығынан қараңыз. Егер химиялық жолмен өңделген мата пайдаланылса, матамен бірге берілген
нұсқауларды орындаңыз.)
3) Бұйымға жабысқақ таспа немесе стикерлер жабыстырмаңыз. Бұл қабырға кронштейнінің бетін кірлетуі
мүмкін. Резеңке, винил немесе соған ұқсас заттардың ұзақ уақыт тиіп тұруына жол бермеңіз. (Бұл
нашарлауға себеп болуы мүмкін.)
4) Плазмалық дисплейдің панелі шыныдан жасалған. Оған қатты күш немесе соққы тигізбеңіз.
ЕСКЕРТУ:
Бұл кронштейн тек Panasonic плазмалық дисплей үлгілерімен пайдаланылуға арналған (83-84-бетті қараңыз).
Басқа құрылғымен пайдалану тұрақсыздыққа əкеліп, адамды жарақаттауға себеп болуы мүмкін.
КƏСІБИ МАМАНДАР ОРНАТУЫ ҚАЖЕТ.
PANASONIC, ДҰРЫС ОРНАТПАУ НЕМЕСЕ ДҰРЫС ПАЙДАЛАНУ САЛДАРЫНАН БОЛҒАН КЕЗ КЕЛГЕН
МҮЛІККЕ КЕЛГЕН ЗИЯН ЖƏНЕ/НЕМЕСЕ АУЫР ЖАРАҚАТТАР, СОНЫҢ ІШІНДЕ ӨЛІМ ҮШІН ЖАУАП
БЕРМЕЙДІ.
65

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis