Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Пайдалану Нұсқаулары - Bosch Quigo green Originalbetriebsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
қалуынан қателердің алдын алу үшін көлденең немесе тік лазер сызығының күйін
негізгі нүктелерге салыстырып тексеріңіз.
Пайдалану нұсқаулары
Әрдайым тек лазер сызығының орталығын пайдаланыңыз. Лазер
u
сызығының ені қашықтықпен өзгереді.
Ұстағышпен бекіту (A суретін қараңыз)
Ұстағыштың (16) көмегімен өлшеу құралын 10–60 мм аралығындағы қалындыққа
ие түрлі заттарда, мысалы, тік немесе көлденең тақта не құбырларда бекітуге
болады.
Бекіту бұрандасын (15) босатып, ұстағышты қажетті жерге орнатыңыз және бекіту
бұрандасын қайтадан тартып қойыңыз.
Өлшеу құралын штатив патронымен (6) ұстағыштың 1/4" бұрандасына (13)
орнатып, оны күш қолданып ұстағышқа бұрап бекітіңіз. Өлшеу құралын тым қатты
бұрамаңыз, әйтпесе ол зақымдануы мүмкін.
Өлшеу құралын қосудан алдын ұстағышты дөрекі бағыттаңыз. Ол үшін ұстағыштың
бекіту бұрандасын (14) босатып, өлшеу құралын қажетті биіктікке көлденең күйге
жылжытыңыз. Бекіту бұрандасын қайта бекемдеңіз.
Өлшеу құралын адаптер тақтасымен (3) да ұстағышқа бекітуге болады.
Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Штатив тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны болады. Өлшеу құралын 1/4"
штатив патронымен (6) штативтің (11) немесе стандартты фотоштативтің
бұрандасына орнатыңыз. Өлшеу құралын штативтегі құлыптау бұрандасымен
бекітіңіз.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Өлшеу құралын адаптер тақтасымен (3) де штативке бекітуге болады.
Адаптер тақтасымен жұмыс істеу (B–C суреттерін қараңыз)
Адаптер тақтасы (3) өлшеу құралының негізгі нүктеге дәл бағытталуын
оңтайландырып өлшеу құралын жылдам орнатуға және алып тастауға мүмкіндік
береді.
Адаптер тақтасын (3) ұстағышқа (16) немесе штативке (11) де бекітуге болады.
– Ұстағыш: адаптер тақтасын 1/4" патронмен (1) ұстағыштың бұрандасына (13)
орнатып, күшпен ұстағышқа бұрап бекітіңіз.
Нұсқау: өлшеу құралының позициясын өзгерту қажет болса, ұстағыштың бекіту
бұрандасын (14) босатыңыз. Адаптер тақтасын бекіткіш бұранданы босатпай
бұрағанда адаптер тақтасы босап кетіп, өлшеу құралы құлауы мүмкін.
Bosch Power Tools
Қазақ | 171
1 609 92A 4RH | (06.11.2018)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis