Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GRL 250 HV Professional Originalbetriebsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GRL 250 HV Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
182 | Қазақ
d
– Өлшеу құралын позициясын өзгертпей 180° шамасына
бұраңыз. Нивелирлеуді орындап, қабырғадағы (Ⅱ
нүкте) лазер сәулесінің ортасын белгілеңіз. Ⅱ нүктенің
Ⅰ нүктенің үстінен немесе астынан барынша тік
орналасқанына көз жеткізіңіз.
Қабырғадағы белгіленген екі Ⅰ және Ⅱ нүктенің d
айырмашылығы өлшенетін ось үшін өлшеу құралының
дәл биіктіктен ауытқуын көрсетеді.
Өлшеу әрекетін басқа ось үшін қайталаңыз. Ол үшін
өлшеу әрекетін бастамас бұрын өлшеу құралын 90°-қа
бұраңыз.
30 м өлшеу қашықтығында рұқсат етілген максималды
ауытқу:
30 м × ±0,1 мм/м = ±3 мм. Осылайша Ⅰ мен Ⅱ нүктелер
арасындағы d айырмашылығы екі өлшеу әрекетінің
әрқайсысында ең көбі 6 мм болуы керек.
Пайдалану нұсқаулары
Белгілеу үшін әрдайым тек лазерлік нүктенің
u
немесе лазерлік сызықтың ортасын
пайдаланыңыз. Лазерлік нүктенің өлшемі немесе
лазерлік сызықтың ені қашықтықпен өзгереді.
Лазер нысандық тақтасын пайдалану
(C суретін қараңыз)
Лазер нысандық тақтасы (41) қолайсыз жағдайда және
ұзақ қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін
жақсартады.
Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жазықтығы (41)
лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір жазықтығы
арқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасының
артынан да көрінеді.
Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Штатив биіктігін реттеуге болатын, тұрақты өлшеу тірегін
ұсынады. Өлшеу құралын 5/8 дюймдік штатив
бекіткішімен (15) штативтің (32) ирек оймасына
орнатыңыз. Өлшеу құралын штативтегі бекіткіш
бұрандамен бұрап бекітіңіз.
Шығысында өлшем шкаласы бар штативте биіктік
өзгерісін тікелей реттеуге болады.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
WM 4 қабырға бекіткішімен (керек-жарақ) жұмыс
істеу (D суретін қараңыз)
Өлшеу құралын қабырға бекіткішіне де туралау
блогымен (36) монтаждауға болады. Ол үшін қабырға
1 609 92A 7AR | (07.02.2022)
бекіткішінің 5/8 дюймдік бұрандасын (38) өлшеу
құралындағы штатив бекіткішіне (15) бұрап кіргізіңіз.
180°
Қабырғаға монтаждау: қабырғаға монтаждау, мысалы,
штатив шығатын биіктігінен жоғары немесе тұрақты емес
бетте және штативсіз жұмыс істегенде ұсынылады.
Қабырға бекіткішін (36) бұрандалардың көмегімен
бекіткіш саңылаулар (34) арқылы қабырғаға немесе
бекіткіш бұранданың (33) көмегімен рейкаға бұрап
бекітіңіз. Қабырға бекіткішін қабырғаға мүмкіндігінше
тігінен монтаждап, тұрақты бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Штативке монтаждау: қабырға бекіткішін (36) дәл
осындай жолмен артқы жақтағы штатив бекіткішімен (35)
штативке бұрап орнатуға болады. Мұндай бекіту тәсілі
әсіресе айналу жазықтығы анықтамалық сызыққа
бағытталған кезде ұсынылады.
Туралау блогының көмегімен монтаждалған өлшеу
құралын шамамен 16 см диапазонда тігінен (қабырғаға
монтаждаған кезде) немесе көлденеңінен (штативке
монтаждаған кезде) жылжытуға болады. Ол үшін туралау
блогындағы бұранданы (37) босатып, өлшеу құралын
қажетті күйге жылжытыңыз да, бұранданы (37) қайтадан
бұрап бекітіңіз.
Лазер қабылдағышымен (керек-жарақ) жұмыс істеу
Қолайсыз жарықтық жағдайында (жарық қоршау, тікелей
күн сәулелері) және ұзақ қашықтықтарда лазер
сызықтарын жақсырақ анықтау үшін лазер
қабылдағышын (30) пайдаланыңыз.
Бірнеше жұмыс режимі бар ротациялық лазерлерде ең
жоғары айналу жылдамдығымен көлденең немесе тік
жұмыс режимін таңдаңыз.
Лазер қабылдағышымен жұмыс істеу үшін оның
пайдалану бойынша нұсқаулығын оқып орындаңыз.
Қашықтан басқару құралымен жұмыс істеу
Басқару түймелерін басқан кезде, өлшеу құралын
нивелирлеу режимінен шығаруға болады, сонда айналу
қысқа уақытқа тоқтап қалады. Қашықтан басқару құралын
пайдалану арқылы бұл әсерге жол берілмейді.
Қашықтан басқару құралына арналған датчиктер (7)
өлшеу құралының үш жағында, мысалы, алдыңғы
жақтағы басқару панелінің үстінде орналасқан.
Өлшегіш рейкамен (керек-жарақ) жұмыс істеу
(E суретін қараңыз)
Тегістіктерді тексеру немесе құлама жерлерді белгілеу
үшін лазер қабылдағышымен бірге өлшегіш рейканы
(31) пайдалануға кеңес беріледі.
Өлшегіш рейканың (31) үстінде салыстырмалы өлшем
шкаласы белгіленген. Оның нөлдік биіктігін шығыстың
астыңғы жағында таңдауға болады. Осылайша мақсатты
биіктік ауытқуларын тікелей көруге болады.
Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақ)
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді.
Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрақ болады.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш
u
көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis