Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Viking ME 339 C Gebrauchsanleitung Seite 482

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für ME 339 C:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Түсіріп тастауға арналған арналар
қақпақпен немесе шөп жинағышпен
жабылмаған болса, электр
қозғалтқышты қоспаңыз.
Қысқа уақыт аралығында, жиі қосуды,
атап айтсақ қосу түймешігін қайта-қайта
басып «ойнамаған» жөн. Электр
қозғалтқышының қызып кету қаупі!
Еңістерде жұмыс істеу:
Еңіс жерде тек көлденең бағытта
қозғалуға болады, бірақ бойлай
қозғалмаңыз.
Егер пайдаланушы, еңістің бойымен
көгалшапқышпен қозғалған кезде, оны
басқара алмай қалған болса, шапқыш
оны аяқтан жығуы мүмкін.
Егер Сіз қозғалыс бағытын жүріп жатқан
кезде өзгертетін болсаңыз, өте сақ
болыңыз.
Еңіс жерде жұмыс істеген кезде
шапқыштың орнықтылығын байқап
тұрыңыз, өте еңіс жердегі шөпті
шаппаңыз.
Қауіпсіздік түсінігіне орай, құрылғыны
25° (46,6 %) жоғары болатын еңіс жерде
асып қойып жұмыс істеуге болмайды.
Жарақат алу қаупі бар!
25° ылди тіктігі - 46,6 см тік өріне жəне
100 см көлденең ұзындығына сай
келеді.
480
Жұмыстың басталуы:
Назар аударыңыз: жарақат
алу қаупі бар!
Айналмалы бөлшектердің
жанына қол-аяқтарыңызды
ешқашан жақындатпаңыз. Айналмалы
пышақты ұстамаңыз. Қалдықтарды
лақтыратын саңылаудан едəуір
қашықтықта тұрыңыз. Жұмыс істеп
тұрған шапқыштан əркез қауіпсіз
қашықтықта тұрыңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда
пышақты тексеруге
тырыспаңыз. Қалдықтарды
лақтыруға арналған саңылаудың
жапқышын ешқашан ашпаңыз
жəне/немесе жұмыс істеп тұрған
көгалшапқыштың шөп жинағышын
алмаңыз. Айналмалы пышақ
жарақаттың себепкері болуы мүмкін.
Құрылғының қолданысы жүрістің
жылдамдығына негізделген - жұмыс
уақытында жүгіруге болмайды.
Құрылғымен бірге жылдам қозғалған
кезде: сүрініп қалу, тайғанап кету жəне
т.б. нəтижесінде жарақат алу қаупі
төнеді.
Шапқыштың бағытын өзгертіп жатқан
кезде немесе оны өзіңізге қарай тартқан
кезде өте абай болыңыз.
Абай болыңыз: сүрініп қалуыңыз
мүмкін!
Электр қозғалтқыш жұмыс істеп
тұрғанда немесе желілік сым қосулы
болғанда құрылғыны ешқашан
көтермеңіз немесе тасымалдамаңыз.
Қыртыстағы жасырын нысандарды
(көгалда бүрку жабдығы, діңгектер, су
клапандары, іргетастар, электрлік
сымдар жəне т.б.) өткізіп жіберу керек.
Мұндай бөгде заттардың үстінен
ешқашан жүргізбеңіз.
Егер кескіш құрал немесе құрылғы
кедергіге немесе бөгде денелерге кез
болса, электр қозғалтқышты сөндіру
қажет, желіден ажыратып, мұқият
тексеру керек.
Кескіш құрал
ажыратылғаннан кейін толық
тоқтағанға дейін біршама
уақыт өтетінін естен
шығармаңыз.
Электр қозғалтқышты ажыратыңыз,
– егер тасымалдау барысында
құрылғы шөп өспеген жерге тиетін
болса,
– егер сіз мезгіл-мезгіл құрылғыны
жұмыс аймағынан алып кетіп
тұрсаңыз,
– шөп жинағышты алып тастар
алдында.
– кесік биіктігін орнатар алдында.
Электр қозғалтқышты сөндіріп,
желілік штекерді суырып
алыңыз, кескіш құрал толықтай
тоқтағанына көз жеткізіңіз,
– түсіріп тастауға арналған арнадағы
бұғаттауды босату немесе бітелген
жерлерін тазалау алдында,
– егер кескіш құрал бөгде денеге кез
болса. Кескіш құралға зақым келуін
тексеріңіз. Құрылғыны зақым тиген
немесе пышақ білігі немесе электр
қозғалтқыш білігі қисайғанда
пайдалануға болмайды. Бұзылған
бөлшектер үшін жарақат алу қаупі!
– тексеруге, тазалауға немесе
құрылғымен басқа жұмыстарға
кірісер алдында (мысалы, меңгерікті
жинағанда);
– құрылғындан алшақ кетіп, оны
назарсыз қалдырмас бұрын;
0478 121 9918 B - KK

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Me 339

Inhaltsverzeichnis