Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch PCM 8 S Originalbetriebsanleitung Seite 209

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für PCM 8 S:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 15
OBJ_BUCH-2325-002.book Page 209 Tuesday, June 23, 2015 9:26 AM
Жылыжымайтын аралау үстелінің ұзартқышын
орнатыңыз (В суретін қараңыз)
Жылжымайтын аралау үстелі ұзартқыштарын 17 аралау
үстелінің 8 сол және оң жағында электр құралына бекіту
керек.
– Аралау үстелінің ұзартқыштарын 17 бекіткіш
бұрандалармен 16 алға электр құралындағы
қысқыштарға 34 салыңыз.
– Бекіткіш бұранданы 16 жинақтағы алты қырлы дөңбек
кілтпен 38 тартыңыз.
Қатты немесе икемді орнату
Түпқоймасыз орнату (C суретін қараңыз)
– Электр құралын сәйкес бұрандалармен жұмыс
аймағында бекітіңіз. Ол үшін 9 ойықтары көмектеседі.
Икемді орнату (ұсынылмайды!) (D суретін қараңыз)
Ерекше жағдайларда электр құралын тегіс тұрақты жұмыс
аймағында орнату мүмкін болмаса, көмекші ретінде
құлаудан сақтағышын орнату керек.
 Құлаудан сақталмаған электр құралы тұрақты
тұрмай, максималды қисайту бұрышындағы аралау
кезінде құлауы мүмкін.
– Құлаудан сақтауды 12 электр құрал дәл жұмыс
аймағында тұрғанша бұраңыз.
PCM 8 ST: Түпқоймамен орнату
(F1–F6 суреттерін қараңыз)
– Пластик қақпақты аяқ профиліне салыңыз F.
– Екі бекіткіш бұранданы g ұзын төменгі профильден F
қысқа төменгі профильден C және қысқа байланыстыру
профилінен E өткізіп салыңыз. Бекіткіш бұрандаларды
фланецтік бұрандалармен h бос бекітіңіз.
– Екінші аяқты (ұзын төменгі профиль F, қысқа төменгі
профиль C) қысқа байланыстыру профилімен E
байланыстырыңыз. Бекіткіш бұрандаларды фланецтік
бұрандалармен h бос бекітіңіз.
– Екі алдыңғы қадамды қалған профильдермен F, C, E
қайталаңыз.
– Осылайша пайда болған астыңғы тақта жақ бөліктерін
ұзын байланыстыру профиліне D қосыңыз. Бекіткіш
бұрандаларды фланецтік бұрандалармен h бос
бекітіңіз.
– Ұзын жоғарғы профильді A төменгі профильдерге C
салып, астыңғы тақтаға бекем бұрап бекітіңіз.
– Қысқа жоғарғы профильдерді B сыртынан ұзын
жоғарғы профильдерге A (тесіктерімен жоғарыға)
салып, астыңғы тақтаға бекем бұрап бекітіңіз. Екі
жоғарғы бөліктер тесіктерінің сай болуына көз
жеткізіңіз.
– Төменгі тақталарды i тірелгенше қысқа жоғарғы
профильдерге B салыңыз. Астыңғы тақта мен жоғарғы
бөлік тесіктерінің сай болуына көз жеткізіңіз.
– Бір бекіткіш бұранданы g астыңғы тақта i мен жоғарғы
профильдің B төрт қырлы тесіктерінен өткізіп салыңыз.
Бекіткіш бұрандаларды фланецтік бұрандалармен h
бос бекітіңіз.
– Барлық фланецтік сомындарды h сақиналы немесе
айыр кілтпен (12 мм) бекітіп тартыңыз.
Bosch Power Tools
– Электр құралын астыңғы тақталарға i салыңыз. Электр
құралы тесіктерінің 9 астыңғы тақта мен жоғарғы бөлік
тесіктеріне сай болуына көз жеткізіңіз.
– Электр құралын астыңғы тақтаға бекіткіш бұрандалар j
астына қоятын шайбалар k және фланецтік сомын h
көмегімен бұрап бекітіңіз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының
шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат,
ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Әрдайым шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып
қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Жеке шаңсору (E суретін қараңыз)
– Шаң қабын 23 жоңқаларды шығаруға арналған келте
құбырға 29 салыңыз.
Шаң қабы аралау кезінде әрекет жасап тұрған апсап
бөліктерін тимеуі тиіс.
Шаң қабын уақтылы босатыңыз.
Сыртқы сорғыш
Шаңсору үшін жоңқа шығатын жерге 29 шаңсорғыш
шлангін (Ø 35 мм) қосу мүмкін.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру
(G1–G4 суреттерін қараңыз)
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған
аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге
сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті
ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Қaзақша | 209
1 609 92A 1GN | (23.6.15)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Pcm 800 sPcm 8 stPcm 8s

Inhaltsverzeichnis