Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch PCM 8 Originalbetriebsanleitung Seite 179

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für PCM 8:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Құлақты қорғау құралдарын кийіңіз!
Осы ескертпелерде берілген шуыл шығару мәні
нормалық өлшеу әдісі бойынша есептелген болып электр
құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы
мүмкін. Ол шуыл шығару мәнін шамалап өлшеу үшін де
жарамды.
Берілген шуыл шығару мәні электр құралының негізгі
жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа
жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен
немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса шуыл шығару
мәндері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы шуыл шығару
мәнін арттырады.
Шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген
және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да
ескеру қажет. Бұл жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Жинау
Электр құралының кездейсоқ іске қосылуына жол
u
бермеңіз. Орнату кезінде және электр
құралындағы барлық жұмыстарда желі айыры
тоққа қосылмауы керек.
Жеткізу көлемі
Ол үшін пайдалану нұсқаулығының
басындағы жинақ құрамының
сипаттамасын қараңыз.
Жинақтағы бөліктерді абайлап орамаңыздан алып
қойыңыз.
Бүтін орама материалын электр аспап пен жинақтағы
жабдықтардан алып қойыңыз.
Электр құралын алғашқы рет іске қосудан алдын төменде
жазылған бөліктердің жинақта барлығын тексеріңіз:
– Торцтык және бұрышты ара орнатылған ара дискісімен
– Шаң қабы (19)
– Бұрандалы қысқыш (27)
– Алты қырлы дөңбек кілт (24)
– Құлаудан сақтау дөңесі (25) бекіткіш
бұрандамалармен (32)
Нұсқау: Электр құралын зақымданулар барлығына
тексеріңіз.
Электр құралын пайдаланудан алдын қорғағыш аспаптар
немесе аз зақымдалған бөліктерді әбден мінсіз және
дұрыс істеуін тексеріңіз. Жылжымалы бөлектер
кедергісіз істеуін және қысылмауын немесе бөліктер
зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс
орнатылған және кедергісіз жұмыс істеуді қамтамасыз
ететін пайдалану шарттарына сәй болуы керек.
Зақымдалған қорғағыш аспаптар мен бөліктер өкілетті
шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.
Bosch Power Tools
Бөліктерін орнату
– Жинақтағы құрылғы элементтерін орнатуда жұмысты
оңтайландыру үшін электр құралдың тасымалдау
күйінде тұруына көз жеткізіңіз.
Құлаудан сақтау дөңесін орнату (A суретін қараңыз)
Электр құралын алғашқы рет пайдаланудан алдын
құлаудан сақтау дөңесін (25) орнату керек.
– Электр құралын бұрап, қорғағыш қаптамаға (4) және
аралау үстеліне (12) абайлап қойыңыз.
– Құлаудан сақтау дөңесін (25) оған арналған тесіктерге
тіреуіш тақтада құлаудан сақтау дөңесі мен тіреуіш
тақта тесіктері сай болғанша салыңыз.
– Бекіткіш бұрандамаларды (32) тесіктерге салып,
жинақтағы алты қырлы дөңбек кілтті (24) бұрап
бекітіңіз.
– Электр құралын жұмыс істеу үшін дұрыс күйде қайта
тұратын етіп бұрыңыз.
Құлаудан сақтау дөңесін ешқышын алып
u
қоймаңыз. Құлаудан сақталмаған электр құралы
тұрақты тұрмай, максималды қисайту бұрышындағы
аралау кезінде құлауы мүмкін.
Жұмыс аймағында орнату (B суретін
қараңыз)
– Электр құралын сәйкес бұрандалармен жұмыс
аймағында бекітіңіз. Ол үшін (8) ойықтары
көмектеседі.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан
тартып қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Қазақ | 179
1 609 92A 4DU | (20.06.2018)

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis