Herunterladen Diese Seite drucken

Жабдықтарды Қолдану - Kärcher sc 1.020 Kurzanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für sc 1.020:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Суды еселеп құю
Жұмыс кезінде бу мөлшері азайып, жəне соңында
бу шықпай қойған кезде, бу қазанына суды еселеп
құю қажет.
Нұсқау: Қауіпсіздік қалпақшасы бу қазанының
ішінде əлі аз да болса, қысым болса, ашылмайды.
Электр ашасын электр розеткасынан шығарып
алыңыз.
Бу шығуы тоқтамағанша, бу берудің деңгейін
реттегішін басыңыз. Енді бұйымның бу
қазанында қысым жоқ.
Бұйымнан қауіпсіздік қалпақшасын бұрап
шығарыңыз.
ҚАУІП
Қауіпсіздік қалпақшасын ашқан кезде, будың
қалдық мөлшері шығуы мүмкін. Қауіпсіздік
қалпақшасын байқап ашыңыз, буға шалынып қалу
қаупі бар.
Қазанға ең көп дегенде 1 литр таза құбыр суын
құйыңыз.
ҚАУІП
Қазан ыстық болған кезде, буға шалынып қалу
қаупі бар, себебі су толтырған кезде, су артқа
шашырауы мүмкін. Тазартқыш заттарды немесе
басқа қоспаларды құймаңыз!
Бұйымға қауіпсіздік қалпақшасын нығыз бұрап
жабыңыз.
Электр ашасын электр розеткасына салыңыз.
Қызғылт сары түсті бақылау шамы сөнгенге
дейін күтіңіз.
Бу тазалағыш жұмысқа дайын.
Бұйымды істен шығару
Электр ашасын электр розеткасынан шығарып
алыңыз.
Бұйымды сақтау
Сурет
Ұзартқыш түтіктерді жабдықтар үшін үлкен
ұстауыштарға енгізіңіз.
Қол шүмегі мен нүктелі ағын шүмегін ұзартқыш
түтіктерге енгізіңіз.
Дөңгелек қылшақты жабдықтар үшін орта
ұстауышқа енгізіңіз.
Еден жууға арналған шүмегін парк
ұстауышына іліңіз.
Бу жіберуге арналған шлангіні ұзартқыш
түтіктерді айналдыра ораңыз жəне бу
тапаншаны еден жууға арналған шүмегіне
енгізіңіз.
Жабдықтарды қолдану
Маңызды қолдану тұралы нұсқаулары
Жер бетін тазалау
Бу тазалағышын қолданбас бұрын еденді сыпыру не
шаңсорғылау ұсынылады. Осылайша еден ылғалды
тазалау алдында кір/бос қоқыстан тазаланады.
Тоқыманы жаңарту
Тоқыма бұйымдарын тазалауды бастамас бұрын,
алдымен көрінбейтін аймақта тоқыманың бу
əсеріне тұрақтылығын тексеру қажет. Алдымен
бумен тазалаңыз да, кептіріп, матаның түсі, пішіні
өзгеруін тексеріңіз.
Қапталған, жалатылған немесе лакталған
беттерді тазалау
Ас бөлмесінің жəне үй жиһазы, есіктер, паркет
сияқты лакталған немесе жасанды
материалдармен қапталған беттерді тазалаған
кезде, балауыз, жиһаз политурасы, жасанды
материалдардан жасалған беттер жəне сыр
бөлініп, түсіп қалуы, дақтар пайда болуы мүмкін.
Осы беттерді тазалау кезінде матаны кішкене
құрғатыңыз жəне беттерін сүртіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жапсырылған жиектерге буды бағыттамаңыз,
себебі жабыстырғыш түсіп қалуы мүмкін.
Бұйымды лак жағылмаған ағаш немесе паркет
едендерді тазалау үшін пайдаланбаңыз.
Əйнектерді тазалау
Суық ауа райы кезінде, əсіресе қыста, терезе
əйнектерін, əйнек бетін бумен ақырындап өңдеп,
жылытыңыз. Осылайша, əйнекте жарықшақтардың
пайда болуына əкелуі мүмкін əйнек бетінің
деформациялану кернеуі түседі.
Содан кейін терезе бетін қол бүріккішімен жəне
қаптамамен тазалаңыз. Судан босату үшін ракельді
қолданыңыз немесе беттерін құрғақ етіп сүртіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Терезе жақтауының лакпен қапталған жерлеріне
нұқсан келтіріп алмас үшін, буды оған қарай
бағыттамаңыз.
Сіз бу пистолетін саптамаларсыз да пайдалана
аласыз, мысалы:
ілулі тұрған киімдегі иістер мен бүрмелерді
кетіру үшін оларды 10-20 см қашықтықтан
бумен өңдеңіз.
өсімдіктерден шаңды кетіру үшін. Сол үшін 20-
40 см қашықтығын сақтаңыз.
шаңды ылғалды кетіру үшін, осы мақсатта
шүберекті аздап бумен өңдеп, онымен
жиһазды сүртіңіз.
– 9
KK
Бу пистолеті
195

Quicklinks ausblenden:

Werbung

loading