Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GNF 65 A Professional Originalbetriebsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GNF 65 A Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

OBJ_BUCH-1725-001.book Page 163 Monday, March 17, 2014 8:50 AM
 Керекті ойық еніне байланысты емес ретте
жинақтағы 18 дистанциялық шайбалардың
барлығын орнату керек. Әйтпесе 17 алмас кесу
шеңбері жұмыс істеу кезінде босап, жарақаттануға
алып келуі мүмкін.
Керекті дистанциялық шайбалар саны:
3 дана 4 мм қалыңдықпен және 4 дана 6 мм қалыңдықпен
2 алмас кесу шеңберінің 17 арасында кемінде бір 18
дистанциялық шайбасын орнату керек.
Алмас кесу шеңберлерін орнатуда алмас кесу
шеңберіндегі айналу бағытының көрсеткісі электр
құралдағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз
(редукторлық бастағы айналу көрсеткісін қараңыз).
Тегістеу шпинделін 7 бекіту үшін шпиндельді бекіту
түймесін басыңыз.
Қысу гайкасын 19 орнатыңыз және гайка кілтімен 20 берік
бекемдеңіз.
2 алмас кесу шеңберімен жұмыс істеген кезде 17
әрдайым екеуін де алмастырыңыз.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Ескертпе: Орнатылған алмас кесу шеңберлері 17 ең кіші
таңдалған кесу тереңдігінде де қорғағыш қаптамадан
шығып тұрады. Сол үшін электр құралды ешқашан
айналма дөңгелекке қоймаңыз 3, әрдайым жанына
қойыңыз.
Пайдалану
Кесу тереңдігін таңдау
 Кесу тереңдігін таңдауды тек электр құрылғы
өшірулі кезде орындау керек.
Цангалық қысқышты 9 босатып, кесу тереңдігі шкаласы 2
бойынша керекті кесу тереңдігін реттеңіз. Сосын
цангалық қысқышты 9 қайта бұрап бекітіңіз.
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қосу/өшіру
 Электр құралын іске қосудан алдын артқы айналма
дөңгелектерге 3 алмас кесу шеңберлерін
дайындамаға тимейтіндей етіп қойыңыз. Әйтпесе
алмас кесу шеңберлерінің дайындамаға тиюінен
қосудан соң электр құралын бақылауды жоғалтуыңыз
мүмкін.
Электр құралды қосу үшін сөндіргішті 1 алға
жылжытыңыз, содан кейін басыңыз.
Басылған сөндіргішті 1 бекіту үшін сөндіргішті 1 одан әрі
алға жылжытыңыз.
Электр құралды өшіру үшін сөндіргішті 1 жіберіңіз
немесе бекітілсе, сөндіргішті 1 қысқа уақыт бойы басыңыз
және жіберіңіз.
Bosch Power Tools
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Бекітілмейтін сөндіргіш (кейбір елдер үшін):
Электр құралды қосу үшін сөндіргішті 1 алға
жылжытыңыз, содан кейін басыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 1
жіберіңіз.
 Әлі айналып тұрған электр құралды ешқашан
айналма дөңгелекке қоймай, 3 алмас кесу
шеңберлері еркін айналып денеге көрсетпейтін етіп
жанына қойыңыз.
 Пайдаланудан алдын алмасты тегістеу шеңберін
қайта тексеріңіз. Тегістеу шеңбері мінсіз
орнатылып, еш кедергісіз айналуы қажет. 1 минут
ішінде сынау жұмысын жүктемесіз орындаңыз.
Ақауы бар, домалақ емес және дірілдейтін алмасты
тегістеу шеңберін пайдаланбаңыз. Бұзылған
алмасты тегістеу шеңберлері жарылып зақымдарға
алып келуі мүмкін.
Іске қосу тогының шектеулері
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр
құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А
розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Артық жүктеу қорғанысы
Қайта іске қосқанда қозғалтқыш тоқтайды. Құрылғының
бос жүрістегі ең жоғары жүктемеде шамамен 30 секунд
бойы сууына мүмкіндік беріңіз.
Қайта қозғалу сақтағышы
Кездейсоқ қосылудан қорғау қуатпен қамтудағы үзілістен
кейін электр құралдың бақылаусыз іске қосылуын
болдырмайды.
Қайта пайдалану үшін ажыратқышты 1 өшірілген күйге
келтіріп электр құралды қайта қосыңыз.
Ескертпе: Жұмыс кезінде желілік ашаны суырып, қайта
қосу арқылы қайта іске қосу функциясын жүйелі түрде
тексеріп тұрыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
 Тірек қабырғаларда ойықтар жасағанда абайлаңыз,
„Статика туралы нұсқаулар" тарауын қараңыз.
 Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.
 Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе,
дайындаманы бекітіңіз.
 Бұл электр құралды тек құрғақ кесу үшін
пайдалануға болады.
 Электр құралын әрдайым екі тұтқадан ұстап
бағыттаңыз. Электр құралды шаңсору келте
құбырынан ұстамаңыз немесе тасымалдамаңыз.
– Кесу тереңдігін реттеңіз, „Кесу тереңдігін таңдау"
тарауын қараңыз. Жұмыс бастағанда пайда болатын
дәлсіздіктерді теңестіру үшін кесу тереңдігін керегінен
шам. 3 мм тереңірек реттеу керек.
Қaзақша | 163
3 609 929 C88 | (17.3.14)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis