Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GNF 65 A Professional Originalbetriebsanleitung Seite 160

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GNF 65 A Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

OBJ_BUCH-1725-001.book Page 160 Monday, March 17, 2014 8:50 AM
160 | Қaзақша
 Айналатын шеңбердің алдындағы және артындағы
аймаққа жақындамаңыз. Кері соққы электр құралды
бұғатталу орнындағы тегістеу шеңберінің қозғалысына
кері бағытта жылжытады.
 Бұрыштарда, үшкір жиектерде және т.б. әсіресе
абайлап жұмыс істеңіз. Жұмыс құралының
дайындамадан ыршуын және сыналануын
болдырмаңыз. Айналып жатқан жұмыс элементі
бұрыштарда, үшкір жиектерде және ыршу кезінде
сыналануға бейім. Бұл бақылауды жоғалтуды және кері
соққыны тудырады.
 Аралау шынжырларын және аралау полотносын
және ені 10 мм көп болған ойықтық бұнақты
алмасты шеңберді пайдаланбаңыз. Мұндай жұмыс
құралдары жиі кері соққының немесе электр құралды
бақылауды жоғалтудың себебіне айналады.
 Кесу шеңберінің бұғатталуын немесе артық басу
қысымын болдырмаңыз. Тым терең кесулерді
орындамаңыз. Кесу шеңберіне артық жүктеме түсіру
оның еңкеюіне және бұғатталуына әкеледі және
осылайша кері соққының немесе абразивті құралдың
сынуы мүмкіндігін арттырады.
 Кесу шеңбері сыналанда, жұмыс үзілісінде электр
құралын өшіріңіз және шеңбер тоқтағанша
қозғалтпай ұстаңыз. Әлі айналып жатқан шеңберді
кесілген жерден шығаруға ешқашан тырыспаңыз,
бұл кері соққыға әкелуі мүмкін. Сыналану себебін
анықтаңыз және жойыңыз.
 Абразивті құрал әлі дайындамада кезде электр
құралды қайтадан қоспаңыз. Кесуді жалғастырмай
тұрып кесу шеңберіне толық айналымдарға жетуге
мүмкіндік беріңіз. Әйтпесе шеңбер тұрып қалуы,
дайындамадан ыршуы және кері соққыға әкелуі
мүмкін.
 Кесу шеңбері сыналанған жағдайда кері соққы
мүмкіндігін азайту үшін тақталарды және үлкен
дайындамаларды тіреңіз. Үлкен дайындамалар өз
салмағынан майысуы мүмкін. Дайындаманы кесіп
жатқан жердің екі жағында да, жиектерде де тіреу
керек.
 Қабырғаларда және көрінбейтін аумақтарда кесуді
орындау кезінде әсіресе сақ болыңыз. Ендірілетін
кесу шеңбері кесу кезінде су құбырына, электр
сымдарына және басқа нысандарға тиюі, бұл кері
соққыға әкелуі мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
 Дайындаманы қысқышпен немесе басқа жолмен
тұрақты тіреуіште бекітіңіз. Егер дайындаманы тек
қолмен немесе денеге басып ұстасаңыз ол тұрақты
болмай бақылау жоғалтуына алып келуі мүмкін.
3 609 929 C88 | (17.3.14)
 Құлақты қорғау құралдарын, қорғаныш
көзілдірікті, шаңтұтқыш пен қолғаптарды киіңіз.
Шаңтұтқыш ретінде FFP 2 сыныпындағы кемінде
бір бөлшекті сүзгілейтін жартылық шаңтұтқышты
пайдаланыңыз.
 Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию
материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін.
 Жұмыстан соң кесу дискісін сұығанша тимеңіз. Кесу
дискісі жұмыс істеген кезде қатты қызады.
 Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құрал M шаң сыныпындағы шаңсорғышпен, қатты
тірелген күйде бағыттауыштармен болаттық бетон, тас пен
жол қаптамасы сияқты көбінше минералдық заттектерді су
пайдаланбай кесуге және оюға арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Қосқыш/өшіргіш
2 Аралау бұрышының шкаласы
3 Айналма дөңгелек
4 Қосымша тұтқа
5 Қосымша тұтқа ұстағыш
6 Қосымша тұтқа ұстағыштың бекіту бұрандасы
7 Шпиндельді бекіту түймесі
8 Бағыттауыштың қорғауыш қаптамасы
9 Тереңдік шектеуішінің цангалық қысқышы
10 Аспирациялық келте құбыр
11 Сору иіні
12 Сорғыш шланг*
13 Бұрандалы шеге
14 Қорғайтын қаптаманың қысқыш тұтқышы
15 Ажарлау шпинделі
16 Тірек фланеці
17 Алмас кесу шеңбері*
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis