Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GDS 24 Professional Originalbetriebsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GDS 24 Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Жұмыс барысы екі фазаға бөлінеді:
Бұрап бекіту және Тарту (қағу механизмі жұмыс істейді).
Қағу механизмі бұранда қатып қозғалтқыш жүктелгенде
іске қосылады. Қағу механизмі де осылай қозғалтқыш
күшін бір қалыпты бұрап қағуларға айналдырады.
Бұранда немесе сомындарды босатуда бұл әдіс керісінше
орындалады.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Айналу бағытын орнату
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) электр
u
құралы тоқтатылып тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыштың (5) көмегімен
электр құралының айналу бағытын өзгертуге болады.
Оңға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5)
тірелгенше төмен (R) жылжытыңыз.
Солға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5)
тірелгенше жоғары (L) жылжытыңыз.
Қосу/өшіру
Іске қосу үшін ажыратқышты (4) басып тұрыңыз.
Өшіру үшін ажыратқышты (4) жіберіңіз.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Электр құралыңызды тек қосалқы тұтқамен бірге
u
пайдаланыңыз (2).
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
u
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Бұрау моменті қағу ұзақтығына байланысты. Максималды
бұрау моменті барлық қағулар арқылы жетілген бұрау
моменттерінің қосындысынан шығады. Максималдық
бұрау моменті 6 - 10 секундтық қағу ұзақтығынан соң
жетіледі. Бұдан былай тарту, бұрау моменті минималды
көлемге көтеріледі.
Редуктор корпусы сезілетіндей етіп қызады.
Нұсқау: қатты қызып кету нәтижесінде бүкіл қағу
бөлшектері тозуы және үлкен мөлшерде майлаудың
қажеттілігі туындауы мүмкін.
Қағу ұзақтығын әрбір талап етілген тарту бұрау моменті
үшін есептеу керек. Дәл жетілген тарту бұрау моментін
әрдайым динамометрлік кілтпен тексеріңіз.
Қатты, иілгіш немесе жұмсақ тіректі біріктірулер
Сынауда бір қағу әдісінде жетілген бұрау моменттері
өлшеніп диаграммаға өткізілсе бұрау моменті әдісінің
қисық сызығы пайда болады. Қисық сызық биіктігі
максималды жетілетін бұрау моментіне сай, құламалығы
жетілетін уақытты көрсетеді.
Bosch Power Tools
Бұрау моментінің әдісі төмендегі факторларға
байланысты:
– Бұранда/сомындардың қаттылығы
– Тіректің түрі (шеңбер, дискілік серіппе, тығыздауыш)
– Бұралатын материал қаттылығы
– Бұрандалы қоспаның майланғаны
Сай ретте төмендегі пайдалану жағдайлары пайда
болады:
– Қатты тірек металдан металға біріктіруде төсемдік
шеңберлерді пайдаланғанда пайда болады. Қысқа қағу
уақытынан соң максималды бұрау моментіне жетіледі
(құламалы сипаттамалы сызық). Керек болмаған ұзақ
қағу уақыты машинаға зиян тигізеді.
– Иілгіші тірек металдан металға біріктіруде, бірақ
серіппелі шеңбер, дискілік серіппе, тіректі болт
немесе конустық тіректік бұрандаларды / сомындарды
және ұзартқыштарды пайдалануда пайда болады.
– Жұмсақ тірек металды ағашқа біріктіруде немесе
тірек ретінде қорғасынды немесе талшықты
шеңберлерді пайдалануда пайда болады.
Иілгіш немесе жұмсақ тіректе максималды тарту бұрау
моменті қатты тіректен төмен болады. және ұзақ қағу
уақыты талап етіледі.
Қағу уақытын өлшеу
Диаграммалар (мысалдар) тарту моментін [Нм] қағу
уақытына [с] байланысты көрсетеді:
❶ қатты орнату үшін
❷ жұмсақ орнату үшін.
Деректер орташа мәндер болып, жұмыс жағдайына қарай
өзгешеленеді. Бақылау үшін тарту моментін әрдайым
динамометрлік кілтпен тексеру қажет.
GDS 24 үлгісіне арналған диаграмма
[Nm]
Ең жоғары айналу моментіне төмендегі жағдайларда қол
жеткізіледі:
– қатты орнату кезінде шамамен 10 секунд қағудан кейін
– жұмсақ орнату кезінде шамамен 22 секунд қағудан
кейін
Қазақ | 113
1
2
[s]
1 609 92A 7YG | (30.06.2022)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Gds 30 professional

Inhaltsverzeichnis