қазақ
4.11 Тазалау, техникалық қызмет көрсету және
жөндеу
Сақтандыру
■ Егер тазалау, техникалық қызмет көрсету немесе
жөндеу кезінде қозғалтқыш жұмыс істесе, пышақ кенет
іске қосылуы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы
және материалдық зияннан зардап шегуі мүмкін.
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Пышақ айналуын тоқтағанша күтіңіз.
► От алдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
■ Егер тазалау, техникалық қызмет көрсету немесе
жөндеу кезінде қозғалтқыш жұмыс істесе, қозғалғыш
механизм жетегі кенет қосылуы мүмкін. Адамдар ауыр
жарақат алуы және материалдық зияннан зардап шегуі
мүмкін.
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► От алдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
■ Қозғалтқыш іске қосылғаннан кейін, дыбысты басқыш
пен қозғалтқыш қызып кетуі мүмкін. Адамдар күйіп
қалуы мүмкін.
► Дыбысты басқыш пен қозғалтқыш суығанша күтіңіз.
■ Өткір тазалағыш құралдар, су ағынымен тазалау
немесе өткір заттар көгалшапқышқа немесе пышаққа
зақым келтіруі мүмкін. Көгалшапқыш немесе пышақ
тиісінше тазаланбаған жағдайда, құрамдас бөлшектер
410
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
тиісінше жұмыс істемеуі және сақтандырғыш
құрылғылар бұзылуы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат
алуы мүмкін.
► Көгалшапқышты және пышақты аталмыш пайдалану
жөніндегі нұсқаулықта сипатталғандай тазалаңыз,
@ 15.1.
■ Көгалшапқыш немесе пышақ тиісінше күтілмеген
немесе жөнделмеген жағдайда, құрамдас бөлшектер
тиісінше жұмыс істемеуі және сақтандырғыш
құрылғылар бұзылуы мүмкін. Адамдар ауыр немесе
қазалы жарақат алуы мүмкін.
► Тозған немесе зақымдалған бөлшектерді
ауыстырыңыз.
► Көгалшапқышқа техникалық қызмет көрсету немесе
оны жөндеу қажет болса: STIHL делдалына
жолығыңыз.
► Пышаққа аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
сипатталғандай техникалық қызмет көрсетіңіз.
■ Пышақты тазалаған, жөндеген немесе оған
техникалық қызмет көрсеткен жағдайда,
пайдаланушыны өткір жиектер кесіп алуы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
► Төзімді материалдан жасалған жұмыс қолғаптарын
киіп жүріңіз.
■ Қайрау кезінде пышақ қызып кетуі мүмкін.
Пайдаланушы өзін күйдіріп алуы мүмкін.
► Пышақ суығанша күтіңіз.
► Төзімді материалдан жасалған жұмыс қолғаптарын
киіп жүріңіз.
0478-111-9848-A