Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
Мазмұны
Жұмыс алдында... . . . . . . . . . . . . . . 133
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін . . . . . . . . . 133
Аспапты шолу . . . . . . . . . . . . . . . . . . 137
Монтаждау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 137
Пайдалануға беру . . . . . . . . . . . . . . . 138
Пайдалану . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 138
Тазалау жəне техникалық қызмет
көрсету . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 139
Сақтау жəне тасымалдау . . . . . . . . . 140
Ақаулықтарды іздеу жəне жою . . . . 140
Кəдеге жарату . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 140
Техникалық сипаттамалар . . . . . . . . 141
Кепілдік картасы . . . . . . . . . . . . . . . . 147
Жұмыс алдында...
Қолдану мақсаты
Аспап жеке телімдегі немесе жеке бау-бақ-
шадағы көгалдарды оруға тағайындалған.
Құрылғы өнеркəсіптік пайдалануға арнал-
маған. Жазатайым оқиғадан сақтандыра-
тын жалпы ережелерді жəне қауіпсіздік
техникасы бойынша берілген нұсқауларды
ұстанған жөн.
Пайдалану бойынша осы нұсқаулықта көр-
сетілген əрекетті ғана жүзеге асыру қажет.
Кез келген өзгеше пайдалану тыйым
салынған қате қолданыс болып есепте-
леді. Өндіруші мұндай қолданыс нəтижесy-
нен туындаған зақымдар үшін жауапкер-
шілік көтермейді.
Қолданылған белгілер нені білдіреді?
Қауіп туралы ескертулер мен нұсқаулар
пайдалану бойынша нұсқаулықта анық
көрсетілген. Келесі белгілер пайдаланы-
лады:
ҚАУIП! Өмірге төнетін тікелей
қауіп немесе жарақат алу қаупі!
Өлімге немесе ауыр жарақатқа
алып келетін тікелей қауіпті оқиға.
ЕСКЕРТУ! Өмірге төнуі мүмкін
қауіп немесе жарақат алу қаупі!
Өлімге немесе ауыр жарақатқа
алып келетін жалпы қауіпті оқиға.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақат алу
қаупі туындауы мүмкін!
Жарақаттарға алып келуі мүмкін
қауіпті оқиға.
Пайдалану бойынша түпнұсқа нұсқаулық
Аккумуляторлық көгалшапқыш жинағы
Бұл белгілер жеке қорғану құралдарының
қажеттілігін білдіреді:
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін
Қауіпсіздік бойынша жалпы
нұсқаулар
• Құралды сенімді пайдалану үшін қол-
данушы алғаш қолданар алдында пай-
далану жөнінде осы нұсқаулықты оқып
шығуы керек.
• Қауіпсіздік шаралары бойынша барлық
нұсқауларды орындаңыз! Егер
қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша
нұсқауларды ескермесеңіз, өзіңіз бен
басқаларға қауіп төндіресіз.
• Пайдалану бойынша нұсқаулық пен
қауіпсіздік бойынша нұсқауларды бола-
шақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
• Егер құрылғыны сатсаңыз немесе оны
біреуге берсеңіз, оған міндетті түрде
пайдалану бойынша нұсқаулықты қоса
беріңіз.
• Аспапты тек ақаусыз күйде қолдану
рұқсат етіледі. Егер аспап немесе оның
бөліктері жарамсыз болса, мамандар-
дың көмегіне жүгініңіз.
• Аспапты жарылыс қауіпті жағдайдағы
жайларда, сонымен қатар, жанғыш сұй-
ықтықтар мен газдардың жанында қол-
данбаңыз.
• Өшірілген құрылғыны кездейсоқ
қосылудан бұғаттау қажет.
• Ажыратқышы дұрыс жұмыс істемейтін
аспаптарды пайдаланбаңыз.
• Құрылғыға балаларды жақындатпаңыз!
Құрылғыны балалардың жəне басқа
тұлғалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
• Құрылғыны асыра жүктемеңіз.
Құрылғыны тек тағайындалған мақ-
сатта қолданыңыз.
• Əрқашан қажетті жеке қорғаныс құрал-
дарын киіп жүріңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрылғы-
ның зақымдалу қаупі бар! Мате-
риалдық шығынға алып келуі мүм-
кін оқиға.
Нұсқау: Процестерді жақсырақ
түсіну үшін берілген ақпарат.
KAZ
133