e) Пайдалану алдында желілік сымда және
ықтимал ұзартқыш сымдарда зақым
немесе ескіру белгілерінің бар-жоғын
тексеріңіз. Сымы зақымдалған немесе
тозған көгалшапқышты пайдаланбаңыз.
Жұмыс кезінде желілік сым зақымдалған
немесе тозған болса, көгалшапқышты
өшіріп, желілік штекерді розеткадан
суырмас бұрын сымды ұстамаңыз.
Зақымдалған желілік немесе ұзартқыш
сым ток соғуға, өртке және/немесе ауыр
жарақат алуға әкелуі мүмкін.
Шөп жинау механизмінің тозуын немесе
f)
желінуін жүйелі түрде тексеріңіз. Тозған
немесе зақымдалған шөп жинау
механизмі жарақат алу қаупін арттырады.
g) Қорғайтын жабындарды орнында
қалдырыңыз. Қорғайтын жабындар
жұмысқа қабілетті және дұрыс бекітілген
болуы керек. Бос, зақымдалған немесе
дұрыс жұмыс істемейтін қорғайтын
жабындар жарақат алу жағдайларына
әкелуі мүмкін.
h) Ауа кіретін саңылауларды шөгінділерден
таза ұстаңыз. Бітеліп қалған ауа кірістері
мен шөгінді қатты қызып кетуге немесе
өртке әкелуі мүмкін.
Көгалшапқышты пайдаланған кезде
i)
әрқашан сырғанамайтын қауіпсіз аяқ киім
киіңіз. Ешқашан жалаң аяқ немесе ашық
сандалмен жұмыс істемеңіз. Бұл
айналмалы шапшық пышаққа тиген кезде
аяқтың жарақат алу қаупін азайтады.
Көгалшапқышты пайдаланған кезде
j)
әрқашан ұзын шалбар киіңіз. Жалаңаш
тері ұшып шыққан бөлшектерден жарақат
алу ықтималдығын арттырады.
k) Көгалшапқышты ылғал шөпте
пайдаланбаңыз. Жайымен жүріңіз,
ешқашан жүгірмеңіз. Бұл жарақатқа әкелуі
мүмкін тайып кету және құлау қаупін
азайтады.
l)
Көгалшапқышты тым тік беткейлерде
пайдаланбаңыз. Бұл бақылау
мүмкіндігінен айырылу, сырғанап кету
және құлау нәтижесінде жарақат алу
қаупін азайтады.
m) Еңістерде жұмыс істегенде сенімді тірек
болуын қамтамасыз етіңіз; әрқашан еңіске
көлденең бағытта жұмыс істеңіз, ешқашан
жоғары немесе төмен жұмыс істемеңіз
және жұмыс бағытын өзгерткен кезде өте
сақ болыңыз. Бұл бақылау мүмкіндігінен
0478-121-9805-A
айырылу, сырғанап кету және құлау
нәтижесінде жарақат алу қаупін азайтады.
n) Шөпті артқа қарай шапқанда немесе
көгалшапқышты өзіңізге қарай тартқанда
әсіресе сақ болыңыз. Әрқашан айналаға
назар аударыңыз. Бұл жұмыс кезінде
сүрініп құлау қаупін азайтады.
o) Желілік сымды шапқыш пышақтардан
алшақ ұстаңыз. Зақымдалған желілік сым
ток соғуға, өртке және/немесе ауыр
жарақат алуға әкелуі мүмкін.
p) Желілік сым қармалып қалса немесе
зақымдалса, шапқышты өшіріп, желілік
штекерді розеткадан суырып алыңыз.
Қармалып қалған немесе зақымдалған
сымдар ток соғу қаупін арттырады.
q) Әлі қозғалып тұрған пышақтардан немесе
басқа қауіпті бөлшектерден ұстамаңыз.
Бұл қозғалатын бөлшектерден жарақат
алу қаупін азайтады.
Кептелген материалды алу немесе
r)
көгалшапқышты тазалау алдында барлық
ажыратқыштардың өшірілгеніне және
желілік штекердің суырылғанына көз
жеткізіңіз. Көгалшапқыштың күтпеген
жерден қосылып кетуі ауыр жарақат алуға
әкелуі мүмкін.
Πίνακας περιεχομένων
1
Πρόλογος................................................ 324
2
οδηγιών................................................... 324
3
Περιεχόμενα............................................ 325
4
5
για χρήση................................................ 331
6
μηχανήματος........................................... 331
7
μηχανήματος........................................... 333
8
9
10
11
12
Μεταφορά................................................337
13
Φύλαξη....................................................337
14
Καθάρισμα.............................................. 337
15
Συντήρηση.............................................. 338
16
Επισκευή.................................................339
17
ελληνικά
323