10 Көгалшапқышпен жұмыс істеу
► Көгалшапқышты тұтқасынан ұстаңыз.
► Иінтіректі (1) сыртқа қарай басып тұрыңыз.
► Көгалшапқышты көтеріп түсіру арқылы
қажетті позицияға қойыңыз.
Ағымдағы кесік биіктігін кесік биіктігінің
индикаторынан (2) оқуға болады.
► Иінтіректі (1) жіберіңіз.
Көгалшапқыш бекітіледі.
10.3
Шабу
► Көгалшапқышты баяу және бақылай
отырып алға қарай жылжытыңыз.
► Шабу кезінде бөгде затқа соғылып, пышақ
кептеліп қалса:
► Көгалшапқышты өшіріңіз.
► Ұзартқыш сымның жалғастырғышын
көгалшапқыштың желілік штекерінен
суырып алыңыз.
► Барлық қозғалатын бөлшектердің толық
тоқтағанына көз жеткізіңіз.
► Көгалшапқышты тексеріңіз.
► Егер жөндеу қажет болса: STIHL
делдалына хабарласыңыз.
► Егер көгалшапқыш қатты дірілдей бастаса:
► Көгалшапқышты өшіріңіз.
0478-121-9805-A
► Ұзартқыш сымның жалғастырғышын
көгалшапқыштың желілік штекерінен
суырып алыңыз.
► Көгалшапқышты тексеріңіз.
► Барлық сомындардың, болттардың және
бұрандалардың берік тартылғанын
тексеріңіз.
► Егер жөндеу қажет болса: STIHL
делдалына хабарласыңыз.
10.4
Шөп жинағышты босату
Пышақтың айналуынан пайда болған ауа
ағыны шөп жинағышты толтыру
индикаторын (1) көтереді. Шөп жинағыш
толған кезде, ауа ағыны тоқтайды. Ауа ағыны
тым аз болса, шөпжинағышты толтыру
индикаторы (2) қозғалыссыз күйге қайтып
оралады. Бұл шөп жинағышты босатуға
нұсқау болып табылады.
Шөп жинағышты толтыру индикаторының
ақаусыз жұмысы тек оңтайлы ауа ағынында
қамтамасыз етіледі. Ылғалды, тығыз немесе
биік шөп, төмен кесік деңгейлері, ластану
немесе т.с.с. әсерлер ауа ағынына және шөп
жинағышты толтыру индикаторының
жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
► Шөп жинағышты толтыру индикаторы
қозғалыссыз күйге қайтып оралса: шөп
жинағышты босатыңыз.
► Көгалшапқышты өшіріңіз.
► Ұзартқыш сымның жалғастырғышын
көгалшапқыштың желілік штекерінен
суырып алыңыз.
► Шөп жинағышты ажыратыңыз.
► Құлыптау ысырмасын (1) ашыңыз.
қазақ
313