Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch GLL 2-10 G Professional Originalbetriebsanleitung Seite 128

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GLL 2-10 G Professional:

Werbung

Тік сызықтың нивелирлеу дәлдігін тексеру
Тексеру үшін (қатты табанда) есіктің әр жағынан кемінде
2,5 м жай болатын есік тесігі керек.
– Өлшеу құралын есік саңылауынан 2,5 м қашықтықта,
берік әрі тегіс бетке орналастырыңыз (штативке
емес). Өлшеу құралын нивелирлеу автоматикасымен
жұмыс режимінде іске қосыңыз. Тік жұмыс режимін
таңдап, өлшеу құралын нивелирлеңіз.
– Тік лазер сызығының орталығын есік тесігінің еденінде
(Ⅰ нүктесі), 5 м қашықтықта есік тесігінің басқа
жағында (Ⅱ нүктесі) және есік тесігінің жоғарғы
шетінде (Ⅲ нүктесі) белгілеңіз.
– Өлшеу құралын есік тесігінің басқа жағында, тікелей Ⅱ
нүктенің артында қойыңыз. Өлшеу құралын
нивелирлеп, тік лазер сызығын орталығы тура Ⅰ мен Ⅱ
нүктелерден өтетіндей етіп туралаңыз.
– Лазер сызығының орталығын есік тесігінің жоғарғы
шетінде Ⅳ нүктесі ретінде белгілеңіз.
– А қабырғасындағы Ⅲ мен Ⅳ екі белгіленген нүктенің d
айырмашылығы өлшеу құралының дәл биіктіктен
ауытқуын көрсетеді.
– Есік тесігінің биіктігін өлшеңіз.
Максималды рұқсат етілетін ауытқу төмендегідей
есептеледі:
есік тесігінің қос биіктігі × 0,3 мм/м
Мысал: есік тесігінің 2 м биіктігіндегі максималды ауытқу:
Bosch Power Tools
2 × 2 м × ±0,3 мм/м = ±1,2 мм. Сондықтан Ⅲ мен Ⅳ
нүктелердің аралығы ең көбі 1,2 мм болуы керек.
Пайдалану нұсқаулары
Әрдайым тек лазер сызығының орталығын
u
пайдаланыңыз. Лазер сызығының ені қашықтықпен
өзгереді.
Лазер нысандық тақтасын пайдалану
Лазер нысандық тақтасы (20) қолайсыз жағдайда және
ұзақ қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін
жақсартады.
Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жазықтығы (20)
лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір жазықтығы
арқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасының
артынан да көрінеді.
Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Штатив тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны
болады. Өлшеу құралын 1/4" штатив патронымен (5)
штативіне немесе (23) стандартты фотоштативіне
орнатыңыз. Стандартты құрылыс штативінде бекіту үшін
5/8"-штатив патронын (4) пайдаланыңыз. Өлшеу
құралын штативтегі құлыптау бұрандасымен бекітіңіз.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Әмбебап ұстағышпен бекітіңіз (керек-жарақ)
(F суретін қараңыз)
Әмбебап ұстағыш (19) көмегімен өлшеу құралын,
мысалы, тік аймақтарда, құбырларда немесе
магниттелетін материалдарда бекіту мүмкін. Әмбебап
ұстағышты және едендік штатив ретінде де пайдалану
мүмкін болып өлшеу құралының биіктік бойынша
бағытталуын оңтайландырады.
Өлшеу құралын қосудан алдын әмбебап ұстағышты (19)
дөрекі бағыттаңыз.
Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақ)
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді.
Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрақ болады.
Лазер көру көзілдірігін қорғаныш көзілдірігі
u
ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер
сәулесін жақсырақ көру үшін қызмет жасайды, бірақ
ол лазер сәулесінен қорғамайды.
Лазер көру көзілдірігін күн көзілдірігі ретінде
u
немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер
көрі көзілдірігі ультрафиолет сәулелерінен толық
қорғамай рең көру қабилетін азайтады.
Жұмыс мысалдары (F−H суреттерін қараңыз)
Өлшеу құралын пайдалану мүмкіндіктерінің мысалдары
суреттер беттерінде берілген.
Өлшеу құралын әрдайым тексерілетін аймақ немесе
шетке жақын қойып әр өлшеуден алдын нивелирлеңіз.
Лазерлік сызық пен аймақ немесе шетінің аралықтарын
әрдайым екі бірі бірінен ең ұзақ орналасқан нүктелерде
өлшеңіз.
Қазақ | 127
1 609 92A 5TD | (01.07.2020)

Werbung

loading