Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GHO 185-LI Professional Originalbetriebsanleitung Seite 171

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Қайта жабдықтау жинақтарын пайдалану
HSS-тен HM/TC-ке қайта жабдықтау
HM/TC адаптерінің көмегімен HSS жонғы пышағымен
жабдықталған жонғыны HM/TC жонғы пышағына
ауыстыруға болады.
– 3 бекіткіш бұранданы (14) жұлдызшалы кілтпен (13)
бұрап шығарып, бұрандама қысқышты (15) алып
тастаңыз.
– Қапсырманы (19) жонғы пышағымен (18) бірге
пышақ бастиегінен (16) немесе бағыттауыш ойықтан
(17) шығарыңыз.
– Бұрандаларды (20) алып тастаңыз.
– Қапсырманы (19) және адаптерді (37) реттеу
шаблонына (22) енгізіңіз. Қапсырма (19) реттеу
шаблонының ойығына кіріп қалуы қажет (S суретін
қараңыз).
– HM/TC жонғы пышағын (23) бүйірінен адаптер (37)
ішіне кіргізіңіз. Бұл ретте адаптердегі (37) істік HM/TC
жонғы пышағындағы ойықпен жанасуы тиіс (S суретін
қараңыз).
– Бұрандаларды (20) тартыңыз.
– Қапсырманы (19) адаптермен (37) және жонғы
пышағымен (18) бірге пышақ бастиегіне (16) немесе
бағыттауыш ойыққа (17) орналастырыңыз.
– Бұрандама қысқышты (15) орнатып, бекіткіш
бұрандаларды (14) бос етіп бұраңыз.
– Жонғы пышағы жонғы табандығының ортасында
(11) орнатылып туралануы керек. Содан кейін 3
бекіткіш бұранданы (14) жұлдызшалы кілтпен (13)
тартыңыз. Бұрандама қысқышта (15) көрсетілген
тарту реттілігін (①②③) сақтаңыз.
HM/TC-ден HSS-ке қайта жабдықтау
HM/TC жонғы пышақтарымен жабдықталған жонғыны
HSS жонғы пышағына қайта жабдықтауға болады.
– 3 бекіткіш бұранданы (14) жұлдызшалы кілтпен (13)
бұрап шығарып, бұрандама қысқышты (15) алып
тастаңыз.
– Қапсырманы (19) жонғы пышағымен (18) немесе HM/
TC адаптерімен (37) бірге пышақ бастиегінен (16)
шығарыңыз.
– Бұрандаларды (20) алып тастаңыз.
– Құрастырылған HSS жонғы пышағын орнатыңыз
(қараңыз „Жонғы пышағын монтаждау (E–F суреттерін
қараңыз)", Бет 170) және оны жонғы табандығының
ортасында (11) туралаңыз.
– Бұрандама қысқышты (15) орнатып, 3 бекіткіш
бұранданы (14) жұлдызшалы кілтпен (13) тартып
қойыңыз. Бұрандама қысқышта (15) көрсетілген тарту
реттілігін (①②③) сақтаңыз.
Шаңды/жоңқаны сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
Bosch Power Tools
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Жоңқа шығатын жерді (3) жүйелі түрде тазалаңыз.
Бітелген жоңқа шығатын жерді тазалау үшін тиісті
құралды пайдаланыңыз, мысалы ағаш, қысылған ауа т.б.
Шығарылған жоңқаларды қолмен алмаңыз.
u
Айналатын бөлшектерден жарақат алуыңыз мүмкін.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін бөлек сорғыш
құралын немесе шаң‑/жоңқа қабын пайдаланыңыз.
Сыртқы сорғыш (N суретін қараңыз)
Жоңқа шығатын жердің екі жағында сорғыш шлангын
(Ø 35 мм) (28) (керек-жарақтар) орнатуға болады.
Сорғыш шлангты (28) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-
жарақтар). Осы нұсқаулық соңында түрлі
шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Өзіндік сору (N суретін қараңыз)
Кіші жұмыстарда шаң/жоңқа қабын (керек-жарақтар)
(29) қосуға болады. Шаң қабының бекіткіштерін
жоңқаларды шығаруға арналған келте құбырға салыңыз
(3). Шаң/жоңқа қабын (29) өз уақытта босатып,
шаңсоруды оптималды ретте сақтайсыз.
Реттелетін жоңқа шығуы
Ауыстыру тұтқышымен (10) жоңқа шығатын жерді (3)
оңға немесе солға ауыстыру мүмкін. Ауыстыру тұтқышын
(10) әрдайым соңғы күйде тірелгенше басыңыз.
Таңдалған жоңқа шығу бағытын ауыстыру тұтқышындағы
(10) көрсеткі арқылы көрсетіледі.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Жоңқалау тереңдігін реттеу
Айналмалы реттегіш (2) кесу тереңдігін 0–2,6 мм
шамасынан кесу тереңдігінің шкаласы (1) бойынша
(шкала бөліктері = 0,1 мм) біркелкі реттеуге мүмкіндік
береді.
Қазақ | 171
1 609 92A 8GN | (16.05.2023)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis