Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GHO 185-LI Professional Originalbetriebsanleitung Seite 170

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
170 | Қазақ
Жонғы пышағын таңдау
Электр құралы түрлі жонғы пышақтарымен жабдықталған
болуы мүмкін.
Адаптерді (37) (керек-жарақ) орнату арқылы электр
құралын HSS жонғы пышақтарынан (18) HM/TC жонғы
пышағына (23) ауыстырып қосуға болады.
Пышақ алмастыруда әрдайым екі жонғы пышағын да
алмастырыңыз, әйтпесе әркелкі тербеліс орын алып,
электр құралды пайдалану мерзімі қысқаруы мүмкін.
HSS жонғы пышағын алмастыру
Жонғы пышағын алмастыруда абай болыңыз.
u
Жонғы пышағын кесу қырынан ұстамаңыз. Кесу
қыры өткір болып жарақаттауы мүмкін.
Жонғы пышағын бөлшектеу (A–C суреттерін
қараңыз)
– Жонғы пышағын алмастыру үшін пышақ бастиегін
(16), бұрандама қысқыш (15) жонғы табандығына
(11) параллель тұрғанша бұраңыз.
– 3 бекіткіш бұранданы (14) Т тәрізді тұтқасы бар тұқыр
кілтімен (13) бұрап шығарып, бұрандама қысқышты
(15) алып тастаңыз.
– Қапсырманы (19) жонғы пышағымен (18) бірге
пышақ бастиегінен (16) немесе бағыттауыш ойықтан
(17) шығарыңыз.
– Пышақ бастиегін 180° шамасына бұрап, 2-ші жонғы
пышағын шешіңіз.
Нұсқау: жонғы пышағын алмастырудан немесе
қайраудан бұрын қапсырманы (19) бекіткіш бұранданы
(20) босату арқылы алып тастаңыз.
HSS жонғы пышағын қайрау (D суретін қараңыз)
Өткірлеу аспабын (21) (керек-жарақ) және стандартты
қайрақ тасты пайдаланып, тозған немесе өтпейтін HSS
жонғы пышағын қайраңыз.
Екі жонғы пышағын қайрау аспабына салып, қатпарлы
бұранданы бекітіңіз. Екі жонғы пышағы тірелгенше
салынғанына көз жеткізіңіз.
Өткірлеу аспабына орнатылған жонғы пышақтарын бір
қалыпта және жай басып, қайрақ тастан өткізіңіз.
Нұсқау: жонғы пышақтарын ең көбі 6 мм-ге 23 мм
минималды еніне дейін қайрауға болады. Сосын екі
жонғы пышағын алмастыру керек.
Жонғы пышағын монтаждау (E–F суреттерін
қараңыз)
Жаңа немесе өткірленген жонғы пышағын қайта
орнатудан бұрын пышақ бастиегін (16) және қажет
болса, жоңғы пышағы (18) мен қапсырманы (19)
тазалаңыз. Қатты шайырланған жонғы пышақтарын спирт
немесе керосинмен тазалаңыз.
Нұсқау: жаңа немесе өткірленген жонғы пышақтарын
орнатудан бұрын әрдайым дұрыс күйге дәлдеу керек.
Жонғы пышағының биіктігін реттеу үшін реттеу
шаблоны (22) (керек-жарақ) қолданылады. Жонғы
пышағын (18) және қапсырманы (19) реттеу шаблонына
1 609 92A 8GN | (16.05.2023)
қойыңыз. Бұл ретте қапсырманың (19) арнайы ойыққа
кіргеніне көз жеткізіңіз. Жонғы пышағын (18) тірелгенше
басып, қапсырманы (19) осы күйде бекіткіш
бұрандамен (20) бекітіңіз. Осылайша қажетті биіктік
автоматты түрде дәлдеп реттеледі.
Жонғы пышағы жонғы табандығының ортасында (11)
орнатылып туралануы керек. Содан кейін 3 бекіткіш
бұранданы (14) T тәрізді тұтқасы бар тұқыр кілтімен (13)
мықтап тартыңыз. Бұрандама қысқышта (15) көрсетілген
тарту реттілігін (①②③) сақтаңыз.
Нұсқау: қолданысқа енгізу алдында бекіткіш
бұрандалардың (14) берік бекітілгенін тексеріңіз. Пышақ
бастиегін (16) қолмен бұрап, жонғы пышағының еш
жерде шығып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
HM/TC жонғы пышағын алмастыру
Жонғы пышағын алмастыруда абай болыңыз.
u
Жонғы пышағын кесу қырынан ұстамаңыз. Кесу
қыры өткір болып жарақаттауы мүмкін.
Тек тұпнұсқа Bosch жонғы пышағын пайдаланыңыз.
Жонғы пышағы қатты металдан (HM/TC) жасалған, 2 жүзі
бар, бұралуы мүмкін. Кескіш жиектердің екеуі де дөкір
болса, жонғы пышағын (23) алмастыру қажет. HM/TC
жонғы пышағын қайрауға болмайды.
Жонғы пышағын шешу (G–H суреттерін қараңыз)
– Жонғы пышағын ауыстыру немесе алмастыру үшін
пышақ бастиегін (16) бұрандама қысқыш (15) жонғы
табандығына (11) параллель тұрғанша бұраңыз.
– 3 бекіткіш бұранданы (14) алты қырлы дөңгбек кілтпен
(13) шам. 1–2 айналымға босатыңыз. Бұрандама
қысқышты (15) шешуге болмайды.
– Пышақ бастиегін аздап бұрап, ағаш таяқшамен жонғы
пышағын (23) пышақ бастиегінен (16) шетке
шығарыңыз.
– Пышақ бастиегін 180° шамасына бұрап, 2-ші жонғы
пышағын шешіңіз.
Жонғы пышағын орнату (I–J суреттерін қараңыз)
Жонғы пышағын бағыттау ойығы арқылы алмастыру
немесе аудару кезінде бірдей биіктік қамтамасыз етіледі.
Қажет болса, пышақ бастиегіндегі (16) пышақ орнын
және жонғы пышағын (23) тазалаңыз.
Жонғы пышағын орнату кезінде оның пышақ бастиегінің
(16) қысқышында кедергісіз тұрғанына көз жеткізіңіз.
Жонғы пышағы жонғы табандығының ортасында (11)
орнатылып туралануы керек. Содан кейін 3 бекіткіш
бұранданы (14) жұлдызшалы кілтпен (13) тартыңыз.
Бұрандама қысқышта (15) көрсетілген тарту реттілігін
(①②③) сақтаңыз.
Нұсқау: қолданысқа енгізу алдында бекіткіш
бұрандалардың (14) берік бекітілгенін тексеріңіз. Пышақ
бастиегін (16) қолмен бұрап, жонғы пышағының еш
жерде шығып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis