Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GCM 254 D Professional Originalbetriebsanleitung Seite 275

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
– Аралау үстелін (29) 0° ойығына (15) дейін бұраңыз.
Иінтірек ойыққа шерту дыбысымен тірелуі керек.
– Оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы (19) алып
тастаңыз.
– Оң жақ тіректі (41), 45° стандартты еңіс бұрышы
көрсеткі белгісіне тірелгенше бұраңыз.
– Бұғаттау түймесін (13) жоғары қарай тартыңыз.
– Реттегіш тұтқаны (21) сәл солға бұрап, манипуляторды
тұтқасынан (5) оңға тірелгенше қайырыңыз.
Тексеру (U1 суретін қараңыз)
– Бұрыштық үшбұрышты (62) 45° бұрышпен, ара төсемі
(49) аралау үстелінің (29) және оның оң жағындағы
ара төсемінің арасында жататындай етіп қойыңыз.
Бұрыштық үшбұрыштың бір жағы бүкіл ұзындығы
бойынша ара төсемінде (49) жатуы керек.
Реттеу (U2 суретін қараңыз)
– Тіреуіш бұранданың (40) контргайкасын стандартты
дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен босатыңыз.
– Тіреуіш бұранданы (40), бұрыштық үшбұрыштың (62)
бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша ара төсемінде
жатқанша, ішке немесе сыртқа бұраңыз.
– Бұғаттау түймесін (13) қайтадан төмен қарай итеріңіз.
– Содан кейін тіреуіш бұранданың (40) контргайкасын
қайтадан бұрап бекітіңіз.
Егер бұрыш индикаторы (55) реттеу әрекетінен кейін
шкаланың (56) 45° белгісімен бір сызықта болмаса,
алдымен тік еңіс бұрышы мен бұрыш индикаторының 0°
реттеуін тексеріп шығыңыз. Содан кейін тік 45° еңіс
бұрышының реттеуін тексеріп шығыңыз.
Тіреуіш планканы туралау
– Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
– Бекіткіш тетік (12) тартылған болса, оны босатыңыз.
– Бұғаттау түймесін (11) төмен қарай итеріп, аралау
үстелін (29) 0° ойығына (15) дейін бұраңыз.
– Бұғаттау түймесін (11) қайтадан жіберіңіз. Аралау
үстелі ойыққа шерту дыбысымен тірелуі керек.
– Жылжымалы тіреуіш планкаларды (19) алып тастаңыз.
Тексеру (V1 суретін қараңыз)
– Бұрыштық үшбұрышты (62) 90° бұрышпен, ара дискісі
(49) тіреуіш планканың (18) және аралау үстеліндегі
(29) ара дискісінің арасында жататындай етіп
қойыңыз.
Бұрыштық үшбұрыштың бір жағы бүкіл ұзындығы
бойынша тіреуіш планкада жатуы керек.
Реттеу (V2 суретін қараңыз)
– Барлық ішкі алты қырлы бұрандаларды (64)
жинақтағы алты қырлы дөңбек кілтпен (24)
босатыңыз.
– Тіреуіш планканы (18), бұрыштық үшбұрыш бүкіл
ұзындығы бойынша беттеп жатқанша бұраңыз.
– Бұрандаларды қайтадан мықтап тартыңыз.
Бұрыш индикаторын (тік) туралау (W суретін
қараңыз)
– Бұғаттау түймесін (13) жоғары қарай тартыңыз.
Bosch Power Tools
– Реттегіш тұтқаны (21) сәл солға бұрап,
манипуляторды, ол шерту дыбысымен 0° позицияға
тірелгенше, оң жақтан 0° позиция үстінен қайырыңыз.
– Бұғаттау түймесін (13) қайтадан төмен қарай итеріңіз.
Тексеру
Бұрыш индикаторы (55) шкаланың (56) 0° белгісімен бір
сызықта болуы керек.
Реттеу
– Бұранданы (65) крест ойықты бұрауышпен босатып,
бұрыш индикаторын 0° белгісімен туралаңыз.
– Бұранданы қайтадан мықтап тартыңыз.
Бұрыш индикаторын (көлденең) туралау (X суретін
қараңыз)
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (29) 0° ойығына (15) дейін бұраңыз.
Иінтірек шерту дыбысымен ойыққа тірелуі тиіс.
Тексеру
Бұрыш индикаторы (14) шкаланың (30) 0° белгісімен бір
сызықта болуы керек.
Реттеу
– Бұранданы (66) жинақтағы крест тәрізді бұрауышпен
босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісімен
туралаңыз.
– Бұранданы қайтадан тартыңыз.
Электр құралын тасымалдау (Y суретін
қараңыз)
Электр құралын тасымалдаудан бұрын төмендегі
қадамдарды орындау керек:
– Бекіткіш бұранда (1) тартылған болса, оны босатыңыз.
Манипуляторды толық алға тарта отырып, бекіткіш
бұранданы қайтадан бұрап бекітіңіз.
– Тереңдік тіреуішінің (22) толығымен ішке басылуын
және дәлдеу бұрандасы (23) манипуляторды
жылжытуда тереңдік тіреуішіне тимей тесікке кіруін
қамтамасыз етіңіз.
– Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
– Электр құралына берік монтаждау мүмкін емес барлық
керек-жарақтарды алып тастаңыз. Пайдаланылмаған
ара дискілерін тасымалдау үшін мүмкіндігінше жабық
контейнерге салыңыз.
– Электр құралын тасымалдау тұтқасынан (4) ұстап
тасыңыз немесе аралау үстелінің бүйіріндегі ұстау
ойықтарынан (27) ұстаңыз.
Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау
u
аспаптарын пайдаланыңыз, ешқашан қорғаныш
аспаптарды немесе дайындама тіреуіштерін
пайдаланбаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Қазақ | 275
1 609 92A 88N | (29.03.2023)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis