Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GCM 254 D Professional Originalbetriebsanleitung Seite 271

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Манипулятор енді тасымалдауға дайын болып
бұғатталған.
Жұмыс істеуге дайындау
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет
болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі
сенімді түрде өткізеді.
Аралау үстелін ұзарту/кеңейту (F−G суреттерін
қараңыз)
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып
тірелуі керек.
Аралау үстелін аралау үстелінің ұзартқыштары (16)
көмегімен солға немесе оңға ұзартуға болады.
– Қысқыш бұранданы (42) босатыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын (16) қажетті ұзындыққа
дейін сыртқа тартыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын бекіту үшін қысқыш
бұранданы (42) қайтадан тартып қойыңыз.
Дайындама тіреуіштерінің (17) икемді штепсельдік
жүйесі ұзарту немесе кеңейту нұсқаларының алуан
түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді.
– Қажет болса, дайындама тіреуішін (17) электр
құралындағы бекіткіштерге (44) немесе екінші
дайындама тіреуішінің бекіткіштеріне (45) енгізіңіз.
Электр құралын еш жағдайда дайында
u
тіреуіштерінен ұстап тасымаңыз.
Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау
аспаптарын пайдаланыңыз.
Тіреуіш планканы алып тастау (H суретін қараңыз)
Тік еңіс бұрышында аралау кезінде сол немесе оң жақ
жылжымалы тіреуіш планканы (19) алып тастау керек.
– Қатпарлы бұрандаларды (38) босатыңыз.
– Жылжымалы тіреуіш планканы (19) алып тастаңыз.
Тік еңіс бұрышы бойынша аралағаннан кейін
жылжымалы тіреуіш планканы (19) қайтадан енгізіп,
қатпарлы бұрандаларды (38) мықтап тартыңыз.
Дайындаманы бекіту (I1−I3 суреттерін қараңыз)
Оптималды жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
дайындаманы әрдайым бекем қысу керек.
Қатты қысуға өте кіші болған дайындамаларды
өңдемеңіз.
Тігінен бекіту
– Дайындаманы (18) және (19) тіреуіш планкаларына
қарай басыңыз.
– Жинақтағы бұрандалы қысқышты (20) арнайы
саңылауларға (39) енгізіңіз.
– Қатпарлы бұранданы (51) босатып, бұрандалы
қысқышты дайындамаға сәйкестендіріңіз. Қатпарлы
бұранданы қайтадан мықтап бекітіңіз.
Bosch Power Tools
– Бұрандалы қарнақты (52) мықтап тартып, осылайша
дайындаманы бекітіңіз.
Көлденеңінен бекіту
– Қатпарлы бұранданы (53) бұрап шығарыңыз да,
бұрандалы қысқышты ашыңыз.
– Енді "азайтылған" бұрандалы қысқышты (20)
цапфалармен (54) арнайы саңылауларға (28)
енгізіңіз.
– Дайындаманы аралау үстеліне (29) берік қысыңыз.
– Бұрандалы қарнақты (52) мықтап тартып, осылайша
дайындаманы бекітіңіз.
Дайындаманы босату
– Бұрандалы қысқышты босату үшін бұрандалы өзекті
(52) сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
Көлденең еңіс бұрышын реттеу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
Горизонтальды стандартты еңіс бұрышын реттеу (J
суретін қараңыз)
Жиі пайдаланылатын еңіс бұрыштарын жылдам әрі
дәлме-дәл реттеу үшін аралау үстелінде ойықтар (15)
бар:
сол жақ
45°; 22,5°; 15°
– Бекіткіш тетік (12) тартылған болса, оны босатыңыз.
– Бұғаттау түймесін (11) төмен басып, аралау
үстелін (29), бұрыш индикаторы (14) қажетті
стандартты көлденең еңіс бұрышын көрсеткенше,
бекіткіш тетігінен солға немесе оңға бұраңыз.
– Бұғаттау түймесін (11) қайтадан жіберіңіз. Аралау
үстелі ойыққа шерту дыбысымен тірелуі керек.
– Бекіткіш тетікті (12) қайтадан тартыңыз.
Кез келген көлденең еңіс бұрышын реттеу
Көлденең еңіс бұрышын 47° (сол жақ) және 52° (оң жақ)
аралығындағы диапазонда реттеуге болады.
– Бекіткіш тетік (12) тартылған болса, оны босатыңыз.
– Бұғаттау түймесін (11) төмен басып, аралау
үстелін (29), бұрыш индикаторы (14) қажетті
көлденең еңіс бұрышын көрсеткенше, бекіткіш
тетігінен солға немесе оңға бұраңыз.
– Бұғаттау түймесін (11) қайтадан жіберіңіз.
– Бекіткіш тетікті (12) қайтадан тартыңыз.
Тік еңіс бұрышын реттеу
Тік еңіс бұрышын 45° (сол жақ) және 45° (оң жақ)
аралығындағы диапазонда реттеуге болады.
Жиі қолданылатын тік еңіс бұрыштарын жылдам әрі
дәлме-дәл реттеу үшін 0°, 22,5°, 33,9° және 45°
бұрыштарына арналған тіректер қолданылады.
Сол жақ тік еңіс бұрышын реттеу
– Сол жақ жылжымалы тіреуіш планканы (19) алып
тастаңыз.
Қазақ | 271
оң жақ
15°; 22,5°; 45°
1 609 92A 88N | (29.03.2023)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis