Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Күту Мен Техникалық Тексеру Жұмыстары - Kärcher KST 2 Kurzanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für KST 2:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Нүктелі ағын шүмегі
Сурет
 Нүктелі ағын шүмегін бу пистолетіне
орнатыңыз.
Тазалау сапасы нүктелі ағын шүмегінің кірленген
жерге жақындығына тəуелді жоғарылайды, себебі
температура мен қысым шүмегінің шыға берісінде
ең жоғары болып табылады. Қол жетуге қиын
жерлерді, фугаларды, арматураларды,
суағарларды, шұңғылшаларды, дəретханаларды,
жалюзилерді жəне жылыту батареяларын тазалауға
əсіресе тиімді болып табылады. Əктің қатып қалған
жерлерін бумен тазалаудың алдында сірке суымен
немесе лимон қышқылымен сулап, сірке суы 5 минут
ішінде əсер ету үшін тосып, содан кейін бумен
тазалап, кетіруге болады.
Цилиндрлік қылшақ
Цилиндрлік қылшақты қосымша ретінде нүктелі
ағын шүмегіне орнатуға болады. Қылшақпен
тазалаудың арқасында, тұрып қалған кірлерді
оңайырақ кетіруге болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Тез ақауланатын беттерді тазалауға келмейді.
Сурет
 Цилиндрлік қылшақты шүмегіне орнатыңыз.
Қол шүмегі
Сурет
 Қол шүмегін бу пистолетіне орнатыңыз.
Қол шүмегінің үстіндегі қаптаманы тартыңыз.
Əсіресе үлкен емес, жууға болатын беттер үшін
жақсы келеді, мысалы, душ кабиналары жəне
айналар үшін.
Еден жууға арналған шүмегі
Жууға болатын барлық қабырға немесе еденді
төсемдер үшін жақсы келеді, мысалы тас едендер,
кафель плиталары жəне ПВХ жасалған еден
төсемдері үшін. Өте кірленген беттерде бу ұзағырақ
əсер ету мақсатында баяу жұмыс істеңіз.
Нұсқау
Егер тазаланатын төсем үстінде жуғыш заттың
немесе полирлейтін эмульсиялардың қалдықтары
қалса, онда бумен тазалау кезінде, еденде
сызықтар пайда болуы мүмкін, олар əдетте бумен
тазалауды бірнеше рет қолданғаннан кейін
жойылады.
Сурет
 Еден шүберекті еден жууға арналған шүмегіне
бекітіңіз.
Еден жууға арналған шүберекті еден тазалау
шүмегіне кигізіңіз.
Қолданылатын мақсатына байланысты еден
жууға арналған шүберекті өн бойына бүктеңіз.
Қысқыштарды ашыңыз.
Шүберек шеттерін саңылауларға салып,
тығыздап тартыңыз.
Қысқыштарды жабыңыз.
Еден жууға арналған шүмегін парк позициясына
қойыңыз.
Сурет
 Жұмысты тоқтатқан кезде, еден жууға арналған
шүмегін парк ұстауышына іліңіз.
Күту мен техникалық тексеру
Бу тазалағышының қазанды əрбір 10 рет толтырған
сайын жуып отырыңыз.
 Бу қазанын сумен толтырып, белсенді түрде
бұрыңыз. Нəтижесінде бу қазанының түбіне
шөгіп қалған тат түседі.
 Судан босатып алыңыз.
Қазандағы татты тазалау
Нұсқау
Сатылымдағы дистильденген суды үнемі қолданған
кезде, бу қазанының татын жоюдың қажеті жоқ.
Тат қазан қабырғаларында да болатындықтан, біз
татты келесі интервалмен кетіріп отыруды
ұсынамыз (KF=қазанды толтыру):
Су қаттылығы
I
жұмсақ
II
орташа
III
кермек
IV
аса кермек
Нұсқау
Құбырлы судың қаттылығын сумен қамтамасыз ету
басқармасынан немесе коммуналды шаруашылық
ведомстволарынан білуге болады.
 Электр ашасын электр розеткасынан шығарып
алыңыз.
 Бұйым суығанша тосыңыз.
 Бұйымнан қауіпсіздік қалпақшасын бұрап
шығарыңыз.
Сурет
 Қазандағы судың барлығын толығымен төгіп
тастаңыз.
 Суды жұмсарту үшін KÄRCHER суды
жұмсартқышын пайдаланыңыз. Суды
жұмсартқыш ерітіндіні пайдаланған кезде,
орауышта келтірілген мөлшерлеу бойынша
нұсқауларға назар аударыңыз.
 Татты кетіруге арналған ерітіндіні қазанға
құйып, оны сол жерде 8 сағатқа қалдырыңыз.
Қақты кетіру барысында, бұйымға қауіпсіздік
қалпақшасын бұрамаңыз.
 8 сағаттан кейін татты кетіруге арналған
ерітіндіні төгіңіз. Қазанда ерітіндінің қалдық
мөлшері қалады, сондықтан татты кетіруге
арналған ерітіндінің барлық қалдықтарынан
арылу үшін, қазанды 2-3 рет суық сумен
жуыңыз.
Сурет
 Қазандағы судың барлығын толығымен төгіп
тастаңыз.
Жабдықтарды күту
Еден жууға арналған шүберек пен қаптаманы кір
жуғыш машинада 60 C температурада жуыңыз.
Шүберектерді жуу кезінде кірді шаюға арналған
заттарды пайдаланбаңыз, олар кірді сіңіріп алуы
мүмкін. *Түкті шүберектерді кептіргіште кептіруге
болады. Микрофибрадан жасалған шүберектерді
кептіргіште кептіруге болмайды.
* жинақталуына байланысты
– 8
KK
жұмыстары
Қазанды шаю
dH
ммоль/л KF
0- 7
0-1,3
7-14
1,3-2,5
14-21
2,5-3,8
>21
>3,8
55
45
35
25
127

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis