Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

CMi C-WIS-2000/230 H Originalbetriebsanleitung Seite 135

Winkelschleifer
Inhaltsverzeichnis

Werbung

• Егер кесу дискісі қарысып қалса немесе
жұмысты тоқтатсаңыз, электр құралын
өшіріңіз жəне оны диск толық тоқтағанша
ақырын ұстап тұрыңыз. Ешқашан əлі
айналып тұрған аралау дискісін өңделіп
жатқан дайындамадан шығаруға
тырыспаңыз, əйтпесе кері соққы болуы
мүмкін. Аралау дискісінің тұрып қалу себебін
тауып, жойыңыз.
• Электр құралы дайындаманың ішінде
болса, оны ешқашан қайта қоспаңыз.
Кесуді абайлап жалғастырмас бұрын, кесу
дискісінің толық айналымдар санын
жинақтауына мүмкіндік беріңіз. Əйтпесе
диск бөгеліп, дайындамадан ытқып шығуы
немесе кері қайтарылуы мүмкін.
• Үлкен тақталарды немесе үлкен
дайындамаларды өңдегенде аралау
дискісінің тұрып қалуы нəтижесінде кері
соққы қаупін төмендету үшін оларды тіреп
қойыңыз. Үлкен дайындамалар өз
салмағынан қисаюы мүмкін. Дайындаманы екі
жағынан да тіреп қою керек: кесіктің жанынан
жəне шетінен.
• Қабырғаларда немесе өзіңіз қарай
алмайтын басқа орындарда текшелерді
орындау кезінде аса сақ болыңыз.
Батырылған кесу дискісі кесу кезінде газ
немесе су құбырына, электр сымына немесе
басқа нысандарға түсіп кетіп, рикошеттің
себебі болуы мүмкін.
Егеуқұм қағазымен ажарлау кезіндегі
қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы
нұсқаулар
• Тым үлкен өлшемді ажарлағыш
қағаздарды қолданбаңыз, қағаз өлшемін
таңдау кезінде өндіруші нұсқауларына
сүйеніңіз. Ажарлағыш тірек табақшасының
шетінен шығып тұратын ажарлағыш қағаздар
оқшаулау, ажарлағыш қағаздың жыртылуы
немесе кері берілуі сияқты зақымдарға алып
келуі мүмкін.
Сым қылшақпен крацирлеу кезіндегі
қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы
нұсқаулар
• Сым қылшақ тіпті қарапайым қолданыста
да сымның жеке бөліктерін
жоғалтатындығын есте сақтаңыз. Сымды
тым қатты бедермен жүктемеңіз. Сымның
жан-жаққа ұшып жатқан бөлшектері жұқа
киімнен жəне/немесе қаптамадан оңай өтіп
кетуі мүмкін.
• Қорғаныс қаптамасын қолдану ұсынылса,
қаптама мен сым қылшақтың түйісуіне жол
бермеңіз. Тарелкалы жəне табақшалы
қылшақтардың диаметрі олардағы бедер
жəне ортадан тепкіш күш нəтижесінде ұлғаюы
мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша
нұсқаулар
• Жұмысты орындау алдында жұмыс
аумағында су, газ, жылу жəне энергиямен
жабдықтаудың жасырын желілерінің бар-
жоғын тексеріңіз. Сұрақтар туындаған
жағдайда жергілікті коммуналдық
қызметке хабарласыңыз. Электр сымымен
түйісу тұтануға жəне электр тогының соғуына
əкеліп соғуы мүмкін. Газ сымының бұзылуы
жарылуға əкеліп соғуы мүмкін. Су құбырының
бұзылуы елеулі материалдық залалға əкеліп
соғады немесе электр тогының соғуына əкеліп
соғуы мүмкін.
• Дайындаманы бекітіп қойыңыз. Қысу
немесе басу құрылғыларының көмегімен
дайындаманы кері соққыдан немесе
бақыланбайтын шығарылымнан (мысалы,
дайындама бұғатталған кезде) бекітіп қоюға
болады.
• Өз жұмыс орныңызды таза күйінде
ұстаңыз. Əртүрлі заттармен аралас ластану
өте қауіпті. Жеңіл металдардың (мысалы,
алюминий) шаңы тез тұтанып, жарылуы
мүмкін.
• Ажарлануы тиіс бет туралы, туындауы
мүмкін шаң мен булар туралы мəліметтер
жинаңыз. Шаң мен бу туындаған жағдайда
осы заттардың аз ғана мөлшерін болса да
жұтуға жол бермеңіз. Белгілі беттерді (əр
түрлі металдар, материалдар немесе ағаш,
сондай-ақ атмосфералық əсерден қорғауға
арналған бояулар) ажарлау барысында
аллергиялық реакциялар немесе қатты
сырқаттар тудыруы мүмкін зиянды/улы заттар
бөлінуі мүмкін. Мұндай шаң мен буды ішке
тартудан жəне олармен түйісуден
сақтаныңыз. Құрамында таскендірі бар заттар
білікті қызметкерлермен ғана өңделуі тиіс.
• Кабелі зақымдалған электр құралын
пайдаланбаңыз. Зақымдалған қуат
сымына тиіспеңіз жəне ашаны тез арада
желілік розеткадан ажыратыңыз.
Зақымдалған сымдар ток соғу қатерін
жоғарылатады.
• Аспап пен дайындаманың қызып кетуіне
жол бермеңіз. Аса жоғары температура
əсерінен құрал мен аспапқа зақым келуі
мүмкін.
• Жұмыстан кейін құрал өте ыстық болуы
мүмкін. Ыстық құралдың сууына мүмкіндік
беріңіз. Ыстық құралдарды ұстау күйікке
əкелуі мүмкін.
• Ыстық құралды ешқашан жанғыш
сұйықтықпен тазаламаңыз. Өрт пен
жарылыстың туындау қаупі бар.
• Қолдарыңызды таза ұстаңыз жəне оларға
май тигізбеңіз. Жылпылдақ қолдар
жазатайым жағдайларға əкеліп соғуы мүмкін.
• Əрдайым қолданыстағы ұлттық жəне
халықаралық қауіпсіздік техникасының
талаптарын, сондай-ақ денсаулық сақтау
жəне еңбек нормаларын орындау қажет.
Жұмысты бастау алдында құрылғыны
пайдалану орнындағы қолданыстағы
ережелер туралы ақпарат алу керек.
• Жылжымалы бөлшектер желдету жəне
ауасыздандыруға арналған саңылауларда да
болуы мүмкін екендігін ескеріңіз.
KAZ
135

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

1642867

Inhaltsverzeichnis