Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

CMi C-WIS-2000/230 H Originalbetriebsanleitung Seite 133

Winkelschleifer
Inhaltsverzeichnis

Werbung

• Тұтқалар мен тұтқаны ұстайтын беттерді
құрғақ, таза жəне майсыз күйде ұстаңыз.
Тұтқалар мен тұтқаны ұстайтын беттер тайғақ
болса, күтілмеген жағдайларда электр
құралын қауіпсіз пайдалануға жəне бақылауға
жол бермейді.
Сервистік қызмет көрсету
• Электр құралыңызды жөндеуге тек білікті
қызметкерлерге жəне тек түпнұсқа
қосалқы бөлшектермен рұқсат етіңіз. Тек
осылайша электр аспабының қауіпсіздігіне
кепілдік беруге болады.
Тегістеуді, егеуқұм қағазымен тегістеуді, сым
қылшақпен крацирлеуді, қырсаулауды жəне
қажап кесуді орындаған кездегі қауіпсіздік
техникасы бойынша жалпы нұсқаулар
• Бұл электр құралы тегістеу машинасы,
егеуқұм қағазы бар тегістеу машинасы,
сым қылшақ жəне қажап кесетін машина
ретінде қолданылуға арналған. Электр
құралымен бірге берілген қауіпсіздік
техникасы бойынша барлық нұсқауларды,
суреттер мен деректерді назарға алыңыз.
Төменде келтірілген нұсқауларды сақтамау
ток соғуға, өртке жəне/немесе ауыр
жарақаттарға соқтырады.
• Бұл электр құралы жылтырату бойынша
жұмыстар үшін қолайлы емес. Электр
құралын қарастырылмаған мақсаттар үшін
пайдалану қауіпті жағдайларды тудыруы жəне
жарақаттануға əкелуі мүмкін.
• Осы электр құралы үшін арнайы
құрастырылмаған жəне өндіруші
ұсынбаған керек-жарақтарды
қолданбаңыз. Электр құралыңызда керек-
жарақты бекітудің бір ғана мүмкіндігі қауіпсіз
жұмысқа кепілдік бермейді.
• Жұмыс құралының ұйғарынды
айналымдар саны электр құралында
көрсетілген айналымдардың максималды
санынан кем болмауы тиіс. Рұқсат
етілгенінен жылдамырақ айналатын жабдық
сызатталып, алысқа ұшып кетуі мүмкін.
• Жұмыс құралының сыртқы диаметрі жəне
қалыңдығы электр құралыңыз үшін
көрсетілген деректерге сəйкес келуі тиіс.
Дұрыс өлшемдестірілмеген электр құралдары
жеткілікті дəрежеде қорғалмайды жəне
жеткілікті дəрежеде бақыланбайды.
• Ажарлауыш шарықтар, фланецтер, тіректі
ажарлауыш тəрелкелер жəне басқа да
керек-жарақтар электр құралының
ажарлауыш айналдырғысына дəл сай
келуі тиіс. Электр құралының ажарлағыш
айналдырғысына дəл сəйкес келмейтін жұмыс
құралдары біркелкі айналмайды, өте қатты
дірілдейді жəне бақылаудың жоғалуына алып
келуі мүмкін.
• Зақымдалған жұмыс құралдарын
пайдаланбаңыз. Əрдайым жұмысты
бастар алдында жұмыс құралдарын
тексеріңіз: нақыстар мен сызаттарды
тегістеу дөңгелектерін, сызаттар мен
тозуларға тірек тегістеу тарелкаларын,
былқылдап қалған немесе сынып қалған
сымдарды. Электр құралы немесе жұмыс
құралы құлаған жағдайда
зақымдалмағандығын тексеріңіз,
зақымдалмаған жұмыс құралын
пайдаланыңыз. Жұмыс құралын
тексеруден жəне жөндеуден кейін сіз жəне
жақын маңдағы адамдар электр
құралының айналу аймағынан тыс тұруы
қажет, құрал 1 минут көлемінде ең жоғарғы
айналу жиілігімен жұмыс істеуі тиіс.
Зақымдалған жұмыс құралдары əдетте осы
сынау уақыты ішінде істен шығады.
• Жеке қорғаныс жабдығын тағып жүріңіз.
Қолданылуына қарай, бүкіл бетті жабатын
маска, көзді қорғауға арналған қалқанша
немесе қорғаныш көзілдірік тағыңыз.
Қисындылығына қарай, шаңнан қорғайтын
респиратор, құлаққап, қорғаныш қолғап
немесе ажарланған материалдың ұсақ
бөлшектерінен қорғауға арналған арнайы
алжапқыш тағыңыз. Көздер əртүрлі
жұмыстар кезінде түзіліп, жан-жаққа ұшатын
бөгде бөлшектерден қорғалған болуы тиіс.
Шаңнан қорғайтын маска немесе респиратор
жұмыс істеу кезінде түзілетін шаңды сүзгілеуі
тиіс. Шуылдың ұзақ уақыттық əсері есту
қабілетіне зақым келтіруі мүмкін.
• Басқа адамдардың жұмыс аймағынан
қауіпсіз арақашықтықта болуын
қадағалаңыз. Жұмыс аймағына кіретін
əрбір адамның жеке қорғаныс құралдары
болуы тиіс. Дайындаманың немесе жұмыс
құралдарының сынықтары ұшып, тікелей
жұмыс аймағынан тыс жерлерде де дене
зақымдалуына себеп болуы мүмкін.
• Жұмыс құралы жасырын электр сымына
немесе өзінің желілік кабеліне тиіп кетуі
мүмкін болатын жұмыстар орындалғанда,
электр құралын оқшауланған
тұтқаларынан ұстаңыз. Кернеуде тұрған
сыммен түйісу электр құралының металл
бөлшектерін зақымдауы жəне электр тогының
соғуына əкеліп соғуы мүмкін.
• Қуат сымын айналып тұрған жұмыс
құралдарынан қашық ұстаңыз. Электр
құралын бақылауды жоғалтқан жағдайда, қуат
сымы қиылып кетуі немесе құралға керіліп
тартылуы, ал қолыңыз айналып тұрған жұмыс
құралына түсіп қалуы мүмкін.
• Электр құралын алып қоймас бұрын,
жұмыс құралы толық тоқтағанша күте
тұрыңыз. Айналмалы жұмыс құралы оны
қойған жердің бетімен жанасып қалуы мүмкін,
соның салдарынан электр құралын
бақылауды жоғалтып алуыңыз мүмкін.
• Электр құралын тек өшірулі күйінде
тасымалдаңыз. Киіміңіз абайсызда жанасқан
жағдайда айналып тұрған жұмыс құралына
тартылып кетуі жəне жұмыс құралы денеңізді
бұрғылап тастауы мүмкін.
• Электр құралының желдету ойықтарын
ұдайы тазалап тұрыңыз. Желдеткіш шаңды
корпусқа тартып алады да, көп мөлшердегі
металл шаңы электр қатерінің туындауына
алып келеді.
• Электр құралын жанғыш материалдардың
жанында қолданбаңыз. Осы материалдар
жалыннан тұтануы мүмкін.
KAZ
133

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

1642867

Inhaltsverzeichnis