Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

CMi C-WIS-2000/230 H Originalbetriebsanleitung Seite 132

Winkelschleifer
Inhaltsverzeichnis

Werbung

KAZ
• Жалғағыш сымды мақсатынан тыс
(мысалы, электр құралын тасымалдау
немесе асып қою үшін), сондай-ақ ашаны
розеткадан суыру үшін пайдалануға
тыйым салынады. Жалғағыш сымды
ыстықтан, майлардан, өткір жиектерден
немесе жылжымалы бөлшектерден алшақ
ұстаңыз. Зақымдалған немесе шатасып
қалған жалғағыш сымдар ток соғу қаупін
арттырады.
• Электр құралымен далада жұмыс істеген
кезде далада жұмыс істеу үшін жарамды
ұзартқыш сымдарды ғана пайдаланыңыз.
Далада жұмыс істеу үшін жарамды ұзартқыш
сымды пайдалану ток соғу қаупін азайтады.
• Электр құралының ылғалды ортада
қолданылуынан сақтану мүмкін болмаса,
дифференциалдық автоматты
пайдаланыңыз. Қорғаушы өшіру
құрылғысын пайдалану ток соғудан
жарақаттану қаупін төмендетеді.
Адам қауіпсіздігі
• Мұқият болыңыз, жұмысыңызды
қадағалап отырыңыз жəне электр
құралымен жұмысты ойластырып
бастаңыз. Шаршаған немесе есірткі,
ішімдік немесе дəрі-дəрмек əсерінде
болған жағдайда аспапты пайдаланбаңыз.
Электр құралымен жұмыс істеу кезінде бір
секундтық зейінсіздік қайтымсыз салдарға
əкелуі мүмкін.
• Қорғаныс жарақтарын киіп, əрдайым
қорғаныш көзілдірік тағыңыз. Электр
аспабының түрі мен қолданылуына қарай
шаңнан қорғайтын бетперде, сырғанауды
болдырмайтын табаны бар аяқ киім,
қорғаныш шлем жəне есту мүшелерін қорғау
құралдары сияқты қорғау құралдарын киіп
жүру жарақаттану қаупін төмендетеді.
• Кездейсоқ қосылуынан сақтаныңыз.
Электр құралын қуат көзіне жəне/немесе
аккумулятор батареясына қосу, қолыңызға
алу немесе басқа орынға тасымалдаудан
бұрын, оның өшіп тұрғандығына көз
жеткізіңіз. Егер электр құралын тасымалдау
барысында саусағыңыз ажыратқышта
орналасқан болса немесе қосылып тұрған
электр құралын қуат көзіне қосатын болсаңыз,
жазатайым оқиға орын алуы мүмкін.
• Электр құралын іске қоспас бұрын,
реттегіш құралды жəне бұрауыштарды
алып тастаңыз. Электр құралының
айналмалы бөлшегінде орналасқан құрал
немесе кілт жарақаттануға əкелуі мүмкін.
• Қалыпсыз дене қалпында болудан
сақтаныңыз. Əрдайым орнықты қалыпқа
көшіп, тепе-теңдікті сақтаңыз. Осының
арқасында күтпеген жағдайларда электр
құралын жақсырақ бақылайсыз.
• Жарамды киім киіңіз. Кең киімді немесе
əшекейлерді киюші болмаңыз. Шашыңыз
бен киімді жылжымалы бөлшектерден
алшақ ұстаңыз. Кең киім, əшекейлер жəне
ұзын шаш айналмалы бөліктерге тап болуы
мүмкін.
132
• Шаңсорғыш жəне шаңжинағыш
құрылғыларды монтаждау мүмкін
болғанда, оларды жалғап, дұрыс
пайдалану керек. Шаңсорғышты пайдалану
шаңнан пайда болатын қауіпті төмендетеді.
• Электр құралын біраз уақыт пайдаланған
соң онымен таныс болсаңыз да, қауіптер
туралы ешқашан ұмытпаңыз жəне электр
құралы бойынша қауіпсіздік ережелерін
бұзуға əрекеттенбеңіз. Абайсыз əрекет ету
бірнеше секундта ауыр жарақаттануға əкелуі
мүмкін.
Аспапты пайдалану жəне қолдану
• Электр құралына артық жүктеме
түсірмеңіз. Жұмыс істеу үшін тек арнайы
электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен аталған қуаттылық
диапазонында жақсырақ жəне сенімдірек
жұмыс істейсіз.
• Сөндіргіші зақымданған электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосу немесе өшіру мүмкін
емес электр құралы қауіпті болып табылады
жəне оны міндетті түрде жөндеу қажет.
• Құрылғыны реттеу, алмалы-салмалы
құрал бөлшектерін ауыстыру немесе
электр құралын сақтауға орналастыру
жұмыстарын жүзеге асырмас бұрын
ашаны розеткадан суырыңыз жəне/немесе
алмалы-салмалы аккумуляторды
шығарып алыңыз. Бұл сақтық шарасы
құралдың байқаусызда қосылуын
болдырмайды.
• Пайдаланылмайтын электр құралдарын
балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Электр құралымен таныс емес
немесе осы нұсқауларды оқымаған
тұлғаларға электр құралын пайдалануға
рұқсат бермеңіз. Электр құралдары
тəжірибесіз тұлғалардың қолында қауіпті
болады.
• Электр құралдарына жəне алмалы-
салмалы құралға мұқият күтім көрсетіңіз.
Жылжымалы бөлшектерінің мінсіз жұмыс
істеуін, электр құралының
функцияларына əсерін тигізуі мүмкін
қажалудың жəне сынған немесе
зақымдалған бөлшектердің болмауын
тексеріңіз. Электр құралын пайдаланар
алдында зақымдалған бөлшектерді
жөндетіңіз. Электр құралдарына нашар күтім
жасау жарақаттанудың жиі себепкері болады.
• Кескіш құрал жақсы қайралған жəне таза
болуы тиіс. Мұқият тазаланатын жəне
күтілетін өткір кескіш жиектері бар кескіш
құралдар азырақ кептеледі жəне оларды
жүргізу жеңілдеу.
• Электр құралдарын, керек-жарақтарды,
қосалқы құралдарды жəне т.б. осы
нұсқаулыққа сай пайдаланыңыз. Бұл ретте
еңбек жағдайлары мен жүзеге
асырылатын əрекет түрін ескеріңіз.
Электр құралдарын олардың пайдаланылуы
үшін көзделмеген басқа операцияларды
орындау үшін пайдалану қауіпті
жағдайлардың туындауына əкелуі мүмкін.

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

1642867

Inhaltsverzeichnis