Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Sony ODS-L30M Bedienungsanleitung Seite 215

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für ODS-L30M:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 96
Қазақстан
Бұл құжатта ODS-L30M құрылғысының сақтық
шаралары сипатталған. Жетек модульдеріне жəне
кеңейтім модульдеріне арналған сақтық шаралар
туралы ақпаратты əр блокпен бірге берілген
пайдалану нұсқаулығынан қараңыз.
ЕСКЕРТУ
Өрт шығу немесе ток соғу қаупін азайту
үшін бұл құрылғыны жаңбырдың
астында немесе ылғалды жерде
қалдырмаңыз.
Ток соғуды болдырмау үшін
құрылғының корпусын ашпаңыз.
Жөндеу жұмыстарын білікті мамандар
ғана орындауы тиіс.
БҰЛ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ЖЕРГЕ ҚОСУ КЕРЕК.
Құрылғыны орнатқан кезде, бекітілген электр
схемасына оңай қол жеткізуге болатын ажыратқышты
қосыңыз немесе штепсельді құрылғының жанындағы
оңай қол жеткізуге болатын желілік розеткаға
қосыңыз. Құрылғыны пайдалану кезінде ақау пайда
болса, қуат көзін ажырату үшін ажыратқышты
пайдаланыңыз немесе штепсельді ажыратыңыз.
Назар аударыңыз - өнімді сөреге
орнатқанда:
1. Тармақ тізбегіне артық жүктеме түсіруді
болдырмау
Осы өнім сөреге орнатылғанда жəне сөредегі
розеткадан қуат берілгенде сөре желілік тізбекке
артық жүктеме түсірмеуін қамтамасыз етіңіз.
2. Қорғағыш жерге тұйықтауды қамтамасыз ету
Осы өнім сөреге орнатылғанда жəне сөредегі
розеткадан қуат берілгенде розетка жарамды
қорғағыш жерге тұйықтау қосылымымен
қамтамасыз етілгенін тексеріңіз.
3. Сөренің ішкі ауа температурасы
Осы өнім сөреге орнатылғанда сөренің ішкі ауа
температурасы осы өнімнің көрсетілген шегінде
екенін тексеріңіз.
4. Біркелкі емес механикалық жүктемеге
байланысты қауіпті жағдайға жетуді
болдырмау
Осы өнім сөреге орнатылғанда біркелкі емес
механикалық жүктемеге байланысты сөренің
қауіпті жағдайға жетпейтінін тексеріңіз.
5. Жабдықты жабдықтың жұмыс температурасын
ескере отырып орнатыңыз
Жабдықтың жұмыс температурасын пайдаланушы
нұсқаулығындағы техникалық сипаттамалардан
қараңыз.
6. Орнатуды орындау кезінде тиісті жылу
шығаруды жəне таратуды алу үшін
қабырғалардан келесі бос орынды сақтаңыз.
Оң, сол: 4 см немесе көбірек
Арты: 10 см немесе көбірек
ЕСКЕРТУ:
Бұл құрылғыны 120 В-тан басқа кернеуде пайдалану
басқа желілік сымды немесе ашаны, я болмаса, екеуін
де пайдалануды қажет етуі мүмкін. Өрт немесе ток
соғу қаупін азайту үшін қызмет көрсетуді білікті
сервис мамандарына тапсырыңыз.
ЕСКЕРТУ
1. Мүмкін болса, мақұлданған жəне əр елдің
қауіпсіздік ережелеріне сай Қуат сымын (3-өзекті
желі сымы) / Құрылғы коннекторын / Жерге
тұйықтау түйіспелері бар айыр штепсельді
пайдаланыңыз.
2. Тиісті көрсеткіштерге (Кернеу, ампер) сай Қуат
сымын (3-өзекті желі сымы) / Құрылғы
коннекторын / Айыр штепсельді пайдаланыңыз.
Егер жоғарыдағы Қуат сымын / Құрылғы
коннекторын / Айыр штепсельді пайдалану туралы
сұрақтарыңыз болса, білікті маманға жүгініңіз.
Осы нұсқаулықта анық түрде бекітілмеген кез келген
өзгерту немесе модификация осы жабдықты
пайдалану құқығыңызды жоюы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Бұл жабдықты тұрғылықты ортада пайдалану радио
кедергіге себеп болуы мүмкін.
Бұл құрылғыны тұрғын аумақта пайдалануға
болмайды.
Пайдалану барысында сақтау талаптары:
Өнімдер қышқылдар мен сілтілерге арналған сақтау
орындарынан оқшауланған қараңғы, құрғақ, таза,
жақсы желдетілетін жерлерде сақталуы керек.
Конденсацияны болдырмау үшін, ыстық жəне ылғал
көздерінен алыс сақтаңыз.
- Сақтау температурасы: –20 °C – +55 °C.
Сақтау мерзімі бекітілмеген.
215

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Ods-l60eOds-l100eOds-d77fOds-d280fOds-d380f

Inhaltsverzeichnis