Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Makita EM407MP Originalbetriebsanleitung Seite 261

Rotierender scherenaufsatz
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 29
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША
ЕСКЕРТУЛЕР
Электрлік құралдың жалпы
қауіпсіздік ескертулері
ЕСКЕРТУ:
Осы электрлік құралмен
бірге берілген қауіпсіздік ескертулерін,
нұсқауларды, суреттерді және техникалық
сипаттамаларды оқып шығыңыз. Төменде
берілген барлық нұсқауды орындамаған жағдайда,
электр тогының соғуы, өрт шығуы және/немесе
ауыр жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Алдағы уақытта қолдану үшін
барлық ескерту мен нұсқауды
сақтап қойыңыз.
Ескертулердегі "электрлік құрал" термині қуат
көзінен жұмыс істейтін (сымды) электрлік құралды
немесе аккумулятормен жұмыс істейтін (сымсыз)
электрлік құралды білдіреді.
Жұмыс аймағындағы қауіпсіздік
1.
Жұмыс аймағы таза әрі жарық болуы керек.
Лас немесе қараңғы аймақтарда жазатайым
оқиғалар туындауы мүмкін.
Электрлік құралды айналасында тез
2.
тұтанатын сұйықтық, газ немесе шаң
сияқты заттардан тұратын жарылыс қаупі
бар орталарда пайдаланбаңыз. Электрлік
құралдар шаң немесе газды тұтандыратын
электр ұшқындарын шығарады.
Электрлік құралды пайдаланған кезде,
3.
балалар және бөгде адамдар алшақ жүруі
керек. Басқа нәрсеге алаңдасаңыз, құралға ие
бола алмай қалуыңыз мүмкін.
Электрлік қауіпсіздік
1.
Электрлік құралдың ашасы розеткаға
сәйкес келуі керек. Ашаны ешбір жағдайда
өзгертпеңіз. Адаптер ашаларын жерге
тұйықталған электрлік құралдармен
пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген ашалар мен
сәйкес келетін розеткалар электр тогының соғу
қаупін азайтады.
2.
Түтіктер, радиаторлар, жылу батареялары
және тоңазытқыштар сияқты жерге
тұйықталған бұйымдарды ұстамаңыз. Егер
денеңіз жерге тұйықталатын болса, ток соғу
қаупі жоғары болады.
3.
Электрлік құралдарды жаңбырдың астына
немесе ылғалды жерлерге қоймаңыз.
Электрлік құралға су кіретін болса, ток соғу
қаупі артады.
4.
Қуат сымын дұрыс пайдаланыңыз.
Электрлік құралды тасу, тарту немесе
қуат көзінен ажырату үшін қуат сымын
пайдалануға болмайды. Қуат сымына
ыстық зат, май, өткір жиек немесе
қозғалмалы бөлшектер тимеуі керек.
Зақымдалған немесе оралған қуат сымдары
ток соғу қаупін арттырады.
5.
Электрлік құралды сыртта пайдаланғанда,
сыртта қолдануға жарамды ұзартқышты
қолданыңыз. Сыртта қолдануға жарамды
шнурды пайдалану ток соғу қаупін азайтады.
Егер электрлік құралды ылғалды жерде
6.
пайдалану керек болса, қорғаныстық
ажырату құрылғысын (RCD) пайдаланыңыз.
Қорғаныстық ажырату құрылғысын пайдалану
ток соғу қаупін азайтады.
Электрлік құралдар электрмагниттік өрістер
7.
шығарады, ол пайдаланушыға қауіпті
емес. Дегенмен электрокардиостимулятор
және соған ұқсас басқа медициналық
құрылғылардың пайдаланушылары электрлік
құралды пайдаланбас бұрын, өндірушімен
және/немесе дәрігермен кеңесуі керек.
Жеке қауіпсіздік
1.
Электрлік құралды пайдаланған кезде,
жасап жатқан жұмысыңызға қырағылық
танытып, мұқият болыңыз. Шаршағанда
немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі-
дәрмектің әсерінде болған кезде электрлік
құралды пайдаланбаңыз. Электрлік құралды
пайдалану кезінде сәл ғана аңсыздық таныту
ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
2.
Жеке қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз.
Міндетті түрде қорғаныс көзілдірігін
тағыңыз. Шаңнан қорғайтын маска,
сырғанамайтын қорғаныс аяқ киімі, каска немесе
құлаққап сияқты қорғаныс жабдықтарын тиісті
жағдайларда қолдану жарақаттануды азайтады.
3.
Кездейсоқ іске қосудың алдын алыңыз.
Құралды қуат көзіне және/немесе
аккумулятор блогына қоспас бұрын, оны
жинап немесе тасымалдамас бұрын,
ауыстырып-қосқыш өшірулі күйде екеніне
көз жеткізіңіз. Саусақ электрлік құралдың
ауыстырып-қосқышында тұрған кезде оны
тасымалдау немесе ауыстырып-қосқышы
қосулы электрлік құралды қуат көзіне қосу
жазатайым оқиғаға әкеп соғуы мүмкін.
Электрлік құралды қоспас бұрын, реттегіш
4.
немесе сомынды бұрайтын кілттерді алып
тастаңыз. Электрлік құралдың айналмалы
бөлігінде реттегіш немесе сомынды бұрайтын
кілт бекітулі қалса, жарақаттауы мүмкін.
Тым артық күш салмаңыз. Әрдайым
5.
тұрақты және тепе-теңдік сақтайтын күйде
болыңыз. Бұл күтпеген жағдайда электрлік
құралды жақсы басқаруға мүмкіндік береді.
6.
Жұмысқа сай киініңіз. Бос киім кимеңіз
және әшекей тақпаңыз. Шашыңызды және
киіміңізді қозғалмалы бөлшектерден алшақ
ұстаңыз. Бос киім, әшекейлер немесе ұзын шаш
қозғалмалы бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.
7.
Шаң тұту және жинау құрылғылары
қамтамасыз етілген болса, олардың
қосулы екендігіне және дұрыс қолданылып
жатқанына көз жеткізіңіз. Шаң жинау
құрылғысын пайдалану шаңмен байланысты
қауіпті азайтуы мүмкін.
8.
Құралды жиі пайдалану нәтижесінде
босаңсып, қауіпсіздік қағидаларын елеусіз
қалдырмаңыз. Салғырттық таныту бір мезетте
ауыр жарақатқа әкеп соқтыруы мүмкін.
261 ҚАЗАҚША

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis