Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

3M PELTOR WS Protac XPI Bedienungsanleitung Seite 129

Headset
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für PELTOR WS Protac XPI:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 35
ЕСКЕРТПЕ: Функциялар төрт сағаттан астам
пайдаланылмаған кезде гарнитура автоматты түрде өшеді.
Ол «Automatic power off» (Автоматты түрде өшу) дыбысты
хабарымен көрсетіледі.
2:4 Дыбыс көзінің дауыс деңгейін реттеу
(3-сурет)
Дыбыс көзінің деңгейін реттеу үшін, [+] немесе [–] түймесін
қысқа (1 с) ғана басыңыз. Белсенді дыбыс көзін қуат
түймесін On/Off/Mode түймесін қысқа (1 с) ғана басу арқылы
өзгертіңіз.
Дыбыс көзі төмендегілердің болуы мүмкін:
• Айналадағы дыбыс
• Ағында ойнату
• Телефон
• Радио
2:5 Ambient listening (Айналадағы дыбыстың
деңгейі) (дыбыс деңгейіне тәуелді микрофондар)
Құлағыңызды ықтимал зиянды шу деңгейлерінен қорғауға
көмектеседі. Тоқтаусыз шұрқырау және басқа да ықтимал
зиянды шуылдар азаяды, бірақ сіз әлі де әдеттегідей сөйлеп,
айтқаныңыз басқаларға естілетін болады.
Айналадағы дыбыс деңгейі параметрі қоршаған орта
дыбысына арналған деңгейге тәуелді функцияны реттейді.
Оның 4 деңгейі мен өшіру режимі бар. Дыбыс деңгейін [+]
немесе [–] түймелерін басу арқылы реттеңіз.
2:6 Бетпе-бет байланыс («Тыңдау үшін басу»,
PTL) (4-сурет)
«Тыңдау үшін басу» мүмкіндігі сізге өз ортаңызды Bluetooth®
дыбыс деңгейін өшіру және дыбыс деңгейіне тәуелді
микрофондарын белсендіру арқылы тез арада тыңдауға
мүмкіндік береді. «Тыңдау үшін басу» мүмкіндігін белсендіру
үшін, On/Off/Mode түймесін екі рет қысқа басыңыз (1 с).
«Тыңдау үшін басу» мүмкіндігін өшіру үшін, кез келген
түймені басып қалыңыз.
2:7 Сыртқы кіріс (*FLX2 үлгілері)
Сыртқы құрылғыны FLX2 кабельдер арқылы стандартты
жалғағышпен жалғауға болады. Белгілі бір құлақаспапты
жалғау туралы ақпаратты өнімнің деректер парағынан көріңіз
немесе делдалмен кеңесіңіз.
2:8 Сыртқы кіріс PTT (*FLX2 үлгілері)
PTT (Сөйлесу үшін басу) түймесі (7-сурет) сыртқы кіріс
ұяшыққа қосылған радиобайланысты қолмен басқару үшін
пайдаланылады.
2:9 Bluetooth® Multipoint технологиясы
Бұл гарнитура Bluetooth® Multipoint технологиясына қолдау
көрсетеді. Гарнитураны бір уақытта екі Bluetooth®
құрылғысына жалғау үшін, Bluetooth® Multipoint
технологияны пайдаланыңыз. Қосылған Bluetooth®
құрылғыларының түріне және олардың ағымдағы
белсенділіктеріне қарай, гарнитура Bluetooth®
құрылғыларын әр түрлі жолдармен басқарады. Гарнитура
әрекеттерді қосылған Bluetooth® құрылғыларының
әрекеттерінің басымдықтарын анықтайды және үйлестіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Әдепкі параметр — Bluetooth® Single нүктесі.
Bluetooth® Multipoint сыңарын гарнитураның параметрлерді
реттеу бөлімінде іске қосуыңыз керек.
2:10 Bluetooth® құрылғысын жұптастыру
(2-сурет, 5-сурет)
Құлаққапты алғаш қосқан кезде ол автоматты түрде
жұптастыру режиміне кіреді. Жұптастыру кезінде «Bluetooth®
pairing on» (Bluetooth® жұптастырылуда) дауыстық хабары
естіледі. Сондай-ақ, жұптастыру режиміне мәзірден кіруге
болады (6-сурет). Оны екінші құрылғыны жұптастыру үшін
пайдалануға болады. Егер басқа құрылғы жұптастырылған
болса, екінші құрылғыны да гарнитураны іске қосу кезінде
Bluetooth® түймесін басып тұру арқылы жұптастыруға
болады.
«Гарнитураны конфигурациялау» бөлімін
қараңыз.
Bluetooth® құрылғысында Bluetooth® байланысының іске
қосылғанын тексеріңіз. «WS ProTac XPI» құрылғысын
өзіңіздің Bluetooth® құрылғыңыздан іздеп таңдаңыз.
Жұптастыру аяқталғанда дауыстық хабар «Pairing complete»
(Жұптастыру аяқталды) және «Connected» (Қосылды) деп
растайды.
ЕСКЕРТПЕ: Сіз әрқашан жұптастыру процесін Bluetooth®
түймесін ұзақ басу (2 с) арқылы тоқтата аласыз (7-сурет).
ЕСКЕРТПЕ: Жұптастырылған екі құрылғының біреуі ғана
екі жақты радиобайланыс бола алады. Егер 3M™ PELTOR™
құралы PTT (Сөйлесу үшін басу) протоколы бар рацияға
қолдау көрсетсе, бұл гарнитура PTT протоколына Bluetooth®
арқылы ғана қолдау көрсетеді. Қандай да бір сұрақтарыңыз
болса, жергілікті дистрибьюторыңызға хабарласыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Үшінші Bluetooth® құрылғысы
жұптастырылған соң, алдыңғы жұптастырылған
құрылғылардың бірі гарнитурадан алынып тасталады. Егер
құрылғылардың бірі қосулы болса, қосулы емес құрылғы
жойылады. Не болмаса бірінші жұптастырылған құрылғы
жойылады.
2:11 Bluetooth® құрылғыларын қайта қосу
Құлаққап қосылған кезде ол 5 минут ішінде барлық
жұптастырылған құрылғыларға қайта қосылуға талпыныс
жасайды. «Connected» (Қосылды) дауысты хабары қосылуды
растайды.
ЕСКЕРТПЕ: Байланыс үзілсе, «Disconnected»
(Ажыратылды) дауысты хабары естіледі.
120
KZ

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Mt15h7bws6-111

Inhaltsverzeichnis