Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Hilti DD 200/DD-HD 30 Bedienungsanleitung Seite 244

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Анкерлі тірек тақтасы бар станинаны қолданған кезде вакуумдық пен анкерлі тірек тақталарының
арасында берік және жалпақ қосылымды орнатыңыз. Дюбельдік тірек тақтасын вакуумдық
тірек тақтасына бұрап бекітіңіз. Таңдалған бұрғылау коронкасы вакуумдық тірек тқатасына зиян
тигізбейтініне көз жеткізіңіз.
Станинаны орналастырған кезде орнату және қолдану үшін жеткілікті бос орынның бар екендігін
тексеріңіз.
Вакуумдық бекіткішті тек диаметрі ≤ 300 мм (≤ 12 дюйм) станинаны пайдалану үшін және аралық
бөлшекті қолданусыз пайдаланыңыз.
Вакуумдық тірек тақтасының тұтқышына сиретуді арттыратын вакуумдық клапан құрастырылған.
1. Барлық нивелерлеу бұрандаларын вакуумдық тірек тақтасынан шамамен 5 мм (1/5 дюйм) шығып
тұратындай бұрап алыңыз.
2. Вакуумдық тірек тақтасының вакуумдық штуцерін вакуумдық сорғыға қосыңыз.
3. Бұрғы тұғырын вакуумдық тірек тақтасына орналастырыңыз.
4. Станинаны бірге жеткізілген бұрандамен орнатыңыз (астыңғы шайбаны вакуумдық тірек тақтасына
орнатып) және бұранданы берік бекемдеңіз.
DD-HD 30: Екі қосымша шайбаның жіңішкесін қолданыңыз.
DD-ST 200: Екі қосымша шайбаның жуанын қолданыңыз.
5. Болжалды тесіктің ортасын табыңыз. Саңылау ортасынан аспап тұрған бағытпен сызық тартыңыз.
6. Саңылау ортасынан сызықтан алшақ берілген қашықтықта белгі қойыңыз. Вакуумдық тірек тақтасы
алдыңғы жиегінің ортасы қойылған белгіге сай болатындай туралаңыз.
Вакуумдық тірек тақтасы орналастырылған астыңғы беттің тегіс әрі таза екендігіне көз
жеткізіңіз.
DD-HD 30 үшін бұрғылау ортасынан оңтайлы қашықтық: 165 мм (6 1/2 дюйм)
DD-ST 200 үшін бұрғылау ортасынан оңтайлы қашықтық: 215 мм (8 1/2 дюйм)
7. Вакуумдық сорғыны қосыңыз, вакуумдық салқындату клапанын басып тұрыңыз.
8. Станинаны тиісінше орналастырылғанда, вакуумдық желдету клапанын босатыңыз және вакуумдық
тірек тақтасын астыңғы бетке қарсы басыңыз.
9. Вакуумдық тірек тақтасын нивелирлеу бұрандаларының көмегімен туралаңыз. Ол үшін нивелирлеу
индикаторларын қолданыңыз.
Дюбельдік тірек тақтасын вакуумдық тірек тақтасына нивелирлеуге болмайды.
10. Бұрғы тұғыры берік бекітілгенін тексеріңіз.
5.7
DD-HD 30: Станинаны бұранда шпинделімен (керек-жарақ) бекіту
1. Бағыттауыштың жоғарғы шетіндегі (кірістілген шектік шектегішпен) қақпақты алып тастаңыз.
2. Бұранда шпинделінің цилиндрін станинаның бағыттауышына енгізіңіз.
3. Эксцентрикті бұрау арқылы бұранда шпинделін бекітіңіз.
4. Станинаны бұрғылауға арналған негізде қажет күйге орнатыңыз.
5. Тірек тақтасын орнату болттарының көмегімен туралаңыз.
6. Станинаны бұранда шпинделімен тартып, оны аударыңыз.
7. Бұрғы тұғыры берік бекітілгенін тексеріңіз.
5.8
DD-ST 200: Станинаны бұранда шпинделімен (керек-жарақ) бекіту
1. Бұранда шпинделін бағыттауыштың жоғарғы шетіне бекітіңіз.
2. Станинаны бұрғылауға арналған негізде қажет күйге орнатыңыз.
3. Тірек тақтасын орнату болттарының көмегімен туралаңыз.
4. Станинаны бұранда шпинделімен тартып, оны аударыңыз.
5. Бұрғы тұғыры берік бекітілгенін тексеріңіз.
236
Қазақ
2274306
*2274306*

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Dd 200/dd-st 200

Inhaltsverzeichnis