Herunterladen Diese Seite drucken

Жарамды Газ Баллондары; Шланг Жəне Қысым Реттегіші; Газ Шлангісінің Сипаттамасы - Jamestown CONOR Bedienungsanleitung

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
KAZ
– Егер үш əрекеттен кейін оттық оталмаса, баллон
клапанын жауып, жиналған газ буға айналғанша
5 минут күте тұрыңыз.
– Оң жақ айналмалы реттегішті басып, оттықты
тұтату үшін «үлкен жалын» бағытымен бұраңыз.
Қолмен тұтату
– Баллон клапанын толықтай ашып қойыңыз.
– Тиісті айналмалы реттегішті басыңыз, «үлкен
жалынға» орнатыңыз жəне дəл сол мезетте мүм-
кіндігінше ең ұзақ жанатын сіріңкені гриль түпқой-
масының бүйіріндегі тесік арқылы өткізіңіз.
– Басқа оттықты тұтату үшін айналмалы реттегішті
басып, «үлкен жалынға» орнатыңыз. Жалын
өздігінен таралады.
Жалын биіктігін реттеу
• Реттегішті сағат тілінің бағытына қарсы
бұраңыз = жалын жоқ.
• Реттегішті сағат тілінің бағытымен бұраңыз =
үлкен жалын.
Тым үлкен, жылтылдайтын жалын жəне сары ұшты
жалын ластанған оттық шүмектерін білдіреді.
– Тиісті оттықты өшіру үшін, реттегішті сағат тілінің
бағытымен тірелгенше бұраңыз.
– Баллон клапанын толықтай жауып қойыңыз.
Қуырып пісіру
– Өнім қалдықтарын кетіру үшін, грильді алғаш рет
пайдалану алдында 30 минуттай ең жоғары
сатыға тағамсыз пайдаланыңыз.
ҚАУIП! Өртену қаупі бар! Гриль жабыны
жабық болғанда, ешқашан бір уақытта ең
жоғары сатыда екі оттықтан артық пайда-
ланбаңыз.
– Пайдалану алдында гриль торына кішкене ас
майын жағыңыз.
– Грильді пайдалану алдында кем дегенде 5–10
минут ішінде қақпағын жауып алдын ала қызды-
рыңыз. Қол жеткізілген температураны кіріктіріл-
ген термометрде қарап шығуға болады.
– Əрдайым қақпағын жауып қуырыңыз. Қақпақты
əр ашқан сайын пісіру уақыты ұзарады.
110
Тікелей қуырып пісіру
Қуырып пісірілетін өнімдер тікелей оттықтардың
үстінен гриль торында жоғары температурада қуы-
рып пісіріледі.
Жанама қуырып пісіру
Жанама қуырып пісірген кезде өнімдер тікелей үсті-
нен емес, гриль торының үстінде оттықтардың
жанында төмен температурада ақырындап қуырып
пісіріледі. Өнімдер күйіп кетпейді, шырынды
қалады – бір сөзбен айтқанда, пайдалы болады.
Қуырып пісіргеннен кейін
– Артық майды жағып жіберу үшін, грильді шама-
мен 5 минутқа жоғары жалынға бұраңыз.
– Барлық оттықтарды өшіріп, баллон клапанын
жауып қойыңыз.
– Қақпақты қайта жаппастан бұрын грильді толық
суытыңыз.
Жарамды газ баллондары
► 13-бет., 1-тармақ
Баллон өлшемдері əртүрлі болады.
Суретте ең үлкен баллон көрсетілген.
• Газ баллонының сыйымдылығы: макс. 11 кг
• Газ баллонының биіктігі: макс. 600 мм
• Газ баллонының диаметрі: макс. 300 мм
Газ баллонының орналасу орны
Газ баллонын барбекюдің жанына жазық əрі тегіс
жерге орнатыңыз.
Газ шлангісінің ұзындығы ең көбі 1500 мм болуы
керек.
Шланг жəне қысым реттегіші
► 13-бет., 2-тармақ
• LPG газы үшін жарамды болуы тиіс
• Жоғарыда аталған қысымды төзуі тиіс
• Шланг 1500 мм шамасынан ұзын болмауы тиіс
• Газды грильдің жеткізілім жиынтығында шланг/
қысым реттегіші мен газ грилінің арасында тіке-
лей қосылым орнату үшін бөлек адаптер бар.
• Шлангіні жалғаудан бұрын байланыс тетігін жəне
резеңке сақинаны тексеріп шығыңыз. Жарық,
кесік немесе тозудың белгілері көрінген
жағдайда шлангіні алмастыру қажет болады.
• Пайдалану барысында шлангіні қысуға, майы-
стыруға немесе ширатуға болмайды.
Назар аударыңыз: Шланг жəне қысым реттегіші.
Сурет тек қана көрсетілім мақсатында берілген
• Сақ болыңыз: Тек EN16129 бойынша сертифи-
катталған жарамды реттегішті пайдаланыңыз.
Газ шлангісінің сипаттамасы
• DE/AT - EN 16436-1 2014, DIN 4815-2 стандартта-
рына сай ПВХ шлангісі. 6,5 x 3,5 мм, 1/4" LH жез
бұрандалы төлкесі. Ұзындығы 0,8 м.
• CH - DIN 4815-1 стандартына сай ПВХ шлангісі.
6,3 мм, 1/4" LH жез бұрандалы төлкесі. Ұзындығы
0,80 м.
• LU - EN 16436-1 2014 стандартына сай ПВХ
шлангісі. 8 мм ПВХ шлангісі, Ұ = 0,8 м жəне 2
шланг қысқышы.
• SE/HU/CZ/SK/NL/SI/IS - IS03821:2010 шланг түрі.
8 мм ID резеңке шлангісі, Ұ = 0,80 м,+ 2 шланг
қысқышы

Quicklinks ausblenden:

Werbung

loading