Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Кәдеге Жарату - Bosch HWS serie Originalbetriebsanleitung

Hochfrequenz-winkelschleifer
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 7
OBJ_BUCH-2487-001.book Page 308 Monday, June 22, 2015 9:30 AM
308 | Қaзақша
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе электр құралын ажыратудан алдын тоқтан
шығарыңыз. Осы сақтық шарасы электр құралының
байқаусыз қосылуына жол бермейді.
 Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
 Төтенше жұмыс жағдайында мүмкін болғанша
шаңсорғышты пайдаланыңыз. Желдеткіш тесікті
жиі үрлеп, тазартып артық тоқтан сақтайтын
қосқышты (PRCD) қосыңыз. Металды өңдеуде тоқ
өткізетін шаң электр құралының ішінде жиналуы
мүмкін. Электр құралының оқшаулағышы зақымдалуы
мүмкін.
 Ажарлау шпинделінің бос айналу моментін жүйелі
түрде өлшеңіз. Егер өлшелген мән берілген бос
жүріс айналымдар санынын 10 % көп төмен немесе
жоғары болса ("Техникалық мәліметтер" қараңыз),
электр құралын Bosch қызмет көрсету орталығында
тексеру керек. Жоғары бос айналу моментінде
алмалы-салмалы аспап сынуы мүмкін, төмен
айналымдар санында жұмыс қуаты төмендейді.
 Тек қана түпнұсқалық кабельді пайдаланыңыз!
Әрбір пайдаланудан алдын электр құралын,
кабельді және айырды зақымдануларға тексеріңіз.
Кабель мен штекерді жөндеу мүмкін емес, қауіптердің
алдын алу үшін оларды алмастыру қажет.
 Қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын тек
мамандар мен дайындығы бар қызметкерлер
орындасын. Сол арқылы электр құралының
қауіпсіздігін сақтайсыз.
Тоқтан ажыратылған электр құралының қосу ұяшықтарын,
тіркесімдерін және штекерді құрғақ, түксіз шүберекпен
сүртіп шаң мен лас бөлшектерін алып тастаңыз.
Бірінші 150 пайдалану сағатынан соң беріліс қорабын
жеңіл еріткішпен тазалаңыз. Еріткіш өндірушінің
пайдалану және кәдеге жарату нұсқаулықтарын
орындаңыз. Беріліс қорабын арнайы Bosch беріліс
қорабы майымен майлаңыз. Бірінші тазалаудан бастап
таалау әдісін әр 300 пайдалану сағатынан соң қайталаңыз.
Өкілетті Bosch сервистік орталығы бұл жұмыстарды
жылдам және сенімді ретте орындайды.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Жабдықтарды мұқият сақтаңыз және күтіңіз.
Керек-жарақтар
Толық сапалы жабдықтар бағдарламасы туралы
интернетте www.bosch-pt.com пен
www.boschproductiontools.com мекенжайында немесе
маманданған дүкеніңізде мәлімет алу мүмкін.
1 609 92A 155 | (22.6.15)
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы
10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
ЖШС "Роберт Бош"
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек данғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Кәдеге жарату
Электр құралдар, жабдықтар және бумаларын айналаны
қорғайтын кәдеге жаратуға апару қажет.
Электр құрлдарды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Электр және электрондық ескі құралдар
бойынша Еуропа 2012/19/EU ережесі
және оның ұлттық заңдарда орындалуы
бойынша басқа пайдаланып болмайтын
электр құралдар бөлек жиналып кәдеге
жаратылуы қажет.
Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis