Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Монтаждау; Басқару - Jamestown Colten Montageanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Gasgrill_428993_405654_406053_405653.book Seite 118 Dienstag, 17. Dezember 2019 12:22 12
KAZ
• Қуат кабелі мен газ шлангісін қызып кеткен
баллондардан алшақ ұстаңыз.
• Грильді қолданысқа енгізу алдында берік,
тегіс бетке қойыңыз жəне мүмкіндігінше жел-
ден қорғап орналастырыңыз.
• Балалар мен үй жануарларын грильдің
жанында бақылаусыз қалдыруға болмайды.
Əсіресе оталдырған кезде сақ болыңыз!
• Грильді құрылғы толық суығаннан кейін ғана
тазалаңыз.
• Қуырып пісірген кезде əрдайым арнайы
қолғап киіп жүріңіз.
• Тиісті киім киіңіз. Ұзын жəне кең жең жылдам
өртенеді!
• Қуырып пісіргеннен кейін ешқашан ыстық
грильді бақылаусыз қалдырмаңыз. Жарақат
алу жəне өрт қаупі бар!
• Газды грильді ешқашан сумен жууға бол-
майды.
• Дұрыс керек-жарақтарды пайдаланыңыз.
Ұзын тұтқалы керек-жарақтар жылудан
қорғайды. Шанышқыларды тек қана дайын
тамақты көтеру үшін пайдаланылуы тиіс,
қысқаш пен қалақ жақсырақ болып табылады.
Тамақты шаңышқымен іліп алғанда тамақтан
май ағып, жалын тудыруы мүмкін.
• Гриль құрылғысын алғаш рет пайдалану
алдында қыздырыңыз жəне отынға кем
дегенде 30 минут ішінде жанып тұруға
мүмкіндік беріңіз.
• Ешқашан ыстық немесе жылы көмірге жанғыш
сұйықтық немесе жанғыш сұйықтыққа
батырылған көмір қоспаңыз.
• Күлді тек қана толық суығаннан кейін
шығарыңыз. Ыстық күлді ешқашан тұрмыстық
қоқысқа тастамаңыз. Өрт қаупі бар!
• Сырқат тудыруы мүмкін бактериялардан
қорғау үшін, тамақты суытылған немесе
мұздатылған күйде сақтаңыз. Мұздатылған
тамақты тоңазытқышта немесе
микротолқынды пеште ерітіңіз. Шикі ет пен
балықты басқа ас өнімдерінен бөлек
сақтаңыз. Шикі етке немесе балыққа тиген
бүкіл нəрселерді жуып шығыңыз.
Тамағыңызды дайын күйіне дейін пісіріңіз
жəне қалдығын дереу суытыңыз.
Монтаждау
Жеткізілім жиынтығы
► Жеткізу жиынтығы – 2-бет.
Монтаждау
ҚАУIП! Кесілу қаупі бар! Металл
бөліктердің жиектері өткір болуы мүмкін.
Монтаждау кезінде сақ болыңыз.
► Монтаждау – 4-бет.
118
6
7
2
Газ баллонын жалғау
• Сақ болыңыз: Тек EN16129 бойынша
сертификатталған жарамды реттегішті
пайдаланыңыз.
– Гриль корпусындағы барлық айналмалы рет-
тегіштерді ӨШІРУЛІ күйіне орнатыңыз.
– Газ баллонының клапаны (6) жабық екенін
тексеріңіз.
– Қорғаныш қалпақшаны баллонның жалғағыш
бұрандасынан (7) бұрап босатыңыз.
– Барлық тығыздауыштарда зақымдардың бар-
жоғын тексеріңіз; ешқандай қосымша
тығыздауыштар орнатпаңыз.
– Қысым реттегішінің (3) салмалы гайкасын (2)
сағат тілінің бағытына қарсы баллонның
жалғағыш бұрандасына қолмен бұрап бекітіңіз
(сол жақ бұранда).
Саңылаусыздығын тексеру
– Шлангінің (5) салмалы гайкасына (2) жəне
жалғағыш бұрандасына (4) сабынды ерітінді
жағыңыз жəне көпіршіктердің пайда
болғанын-болмағанын қарап шығыңыз.
Қосылымдар көпіршіктер пайда болмағанда
саңылаусыз болып саналады.
ҚАУIП! Жарылыс қаупі бар!
Саңылаусыздықты ашық жалынмен тек-
серуге қатал тыйым салынады!
Газбен жұмыс істеу бойынша қауіпсіздік
техникасының нұсқауларын міндетті
түрде орындаңыз!
Саңылаусыздығын тексеру барысында
жақын маңда оталу көздерінің жоқтығын
тексеріп шығу керек. Шылым шекпеңіз!
Борқылдақ немесе зақымдалған шланг
сымдары мен фитингілерді міндетті
түрде алмастыру керек.
Басқару
ҚАУIП! Өртену қаупі бар! Қорғаныш
қолғап пен арнайы киім киіп жүріңіз.
ҚАУIП! Кесілу қаупі Осы құрылғыда
өткір жиектердің жоқтығын қамтамасыз
ету үшін зауытта бар ыждаһат салынды.
Орнату жəне қолданысқа енгізу кезінде
жазатайым оқиғаларға немесе
жарақаттануға жол бермеу үшін, осы
құрылғының бөлек тетіктерін
қолданғанда сақтық танытыңыз.
3
4
5
1

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis