Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch C-EXACT 1 Originalbetriebsanleitung Seite 154

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für C-EXACT 1:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

OBJ_BUCH-1401-003.book Page 154 Tuesday, February 24, 2015 11:26 AM
154 | Қaзақша
Тұтқышпен іске қосылатын электр тік бұрауыштарда
қайталау қорғауы
Біріктіруде ажырату тіркесімі істеп кетсе қозғалтқыш
өшеді. Қайта қосу тек 0,3 секундтық үзілістен соң мүмкін
болады. Осылай қатты біріктірулерге және тартылуға жол
бермейсіз.
Жылжытып іске қосылатын электр тік бұрауыштарда
қайталау қорғауы
Электр құралдарында ешқандай қайталау қорғауы жоқ
болып автоматты өшіруден моң оларды қайта қосу мүмкін.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Тазалау жұмыстарын орындаудан алдын PUC-
EXACT желілік аспабын желіден ажыратыңыз.
Осылай тоқ соғу қаупінің алдын аласыз. Желілік
кабельді өшіру жеткіліксіз.
Электр құралын майлау
Майлау заты:
Арнайы беріліс қорабы майы (225 мл)
Өнім нөмірі 3 605 430 009
Моликот майы
Мотор майы SAE 10/SAE 20
Бірінші 150 пайдалану сағатынан соң беріліс қорабын
жеңіл еріткішпен тазалаңыз. Еріткіш өндірушінің
пайдалану және кәдеге жарату нұсқаулықтарын
орындаңыз. Беріліс қорабын арнайы Bosch беріліс
қорабы майымен майлаңыз. Бірінші тазалаудан бастап
таалау әдісін әр 300 пайдалану сағатынан соң қайталаңыз.
Ажырату тіркесімінің жылжитын бөлектерін 100000
біріктірулерден соң бірнеше тамшы SAE 10/SAE 20 мотор
майымен майлаңыз. Сырланатын және айланатын
бөліктерді моликот майымен майлаңыз. Осыдан кейін
тіркесім тозғанын тексеріп, өзгермегеніне көз жеткізіңіз.
Сосын тіркесімді бұрау моментін қайта орнатыңыз.
 Қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын тек
мамандар мен дайындығы бар қызметкерлер
орындасын. Сол арқылы электр құралының
қауіпсіздігін сақтайсыз.
Өкілетті Bosch сервистік орталығы бұл жұмыстарды
жылдам және сенімді ретте орындайды.
 Майлау және тазалау құралдарын қоршаған ортаны
қорғайтын ретте кәдеге жарату қажет. Заңдық
нұсқаулықтарды орындаңыз.
Керек-жарақтар
PUC-EXACT қатарыңың желілік аспаптарын
мамандандырылған дүкеннен сатып алуға болады.
Толық сапалы жабдықтар бағдарламасы туралы
интернетте www.bosch-pt.com пен
www.boschproductiontools.com мекенжайында немесе
маманданған дүкеніңізде мәлімет алу мүмкін.
1 609 92A 136 | (24.2.15)
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс
беру кезінде міндетті түрде электр құрал зауыттық
тақтайшасындағы 10-орынды өнім нөмірін жазыңыз.
Robert Bosch GmbH осы өнімнің елдегі заң талаптары
бойынша келісім-шартқа сай ретте жеткізуді өз міндетіне
алады. Өнімге қатысты наразылықтармен төмендегі жайға
хабарласыңыз:
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
ЖШС „Роберт Бош"
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек данғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Кәдеге жарату
Электр құралдар, жабдықтар және бумаларын айналаны
қорғайтын кәдеге жаратуға апару қажет.
Электр құрлдарды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Электр және электрондық ескі құралдар
бойынша Еуропа 2012/19/EU ережесі
және оның ұлттық заңдарда орындалуы
бойынша басқа пайдаланып болмайтын
электр құралдар бөлек жиналып кәдеге
жаратылуы қажет.
Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

C-exact 2C-exact 4C-exact 6

Inhaltsverzeichnis